Жаңалық дегеніміз не?
Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек сияқты сауалдар студент кезімізде де жиі қойылатын. Ұстазымыз Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп айтатын, цинизмге жақын анықтама, бірақ оны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды; жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет. Журналист Марк Григорян блогында әріптесі Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітаптан үзіндіні орысшаға аударып жариялаған еді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің "Andrew Marr's History of Modern Brit…





