Мазмұнға өту
Aika-1992

Aika Ydyrys

@Aika-1992

Сайтта 2011 ж. 7 ақпанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

36

пікірлер

134

тіркелуші

28

жазылымдар

41

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана...

Қайтейін тебірентіп жатса жаным,

Жүрегімде лаулап жанған от жалын.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Керегі жоқ, одан басқа жаныма.

 

Сүйсе деймін еш-нәрсеге қарамай,

Сүйсе деймін еш-нәрсені санамай,

Сүйсе деймін еш-нәрсені аңғармай,

Сүйсе деймін мені біреу жайдан жай.

 

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Теңемесе алтын, күміс, гауһарға.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Арманы бар, сол бір қыздың сол ғана.

0
4
792

25 студентке сәттілік...

Ажарлы да көркем, ақылды да қайталанбас, мықты да жүйрік, 8 ай ішінде бар қызықты бірге өткізген менің группаластарым, сендерге сәттілік тілеймін. Сессияны тек 5-ке жабыңдар.

0
5
1122

Аяулы анамның туған күні!!!

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!

Батыр да туған анадан, ақан да туған анадан,

Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.

Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,

Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.

Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.

Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірен.

Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!

Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың,

Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,

Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.

МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ!!!

0
8
153740

Жер Ананың құдіретті күші...

Мамырдың 1 күні таңертең, бәрәмәзге белгілі жерсілкінісі болды. Және ол бір рет қана болып қоймай, ары қарай 7 рет жалғасын тапты. Мен өзім 3 рет қана сездім... Кешкі 7 мен түнгі 2-нің аралығында 7-8 баллды жерсілкінісі болады деген сыбыс естілді. Интернетке кірсең де, агентте отырсаңда... Әр-бір адам осы туралы өз ойларын қалдыруға тырысты (тіпті асыра сілтеп жатты). Кімге керек осының бәрі....??? Қалуларына жетті. Тұрғындардың қорыққаны соншалықты, тіпті ата-аналар түн ортасында балаларын жетектеп далада жүрді. Көлік жүргізушілер көліктерін жанармаймен толтыруға асықты. Дүкендерде адамдар кезекке тұрды. Алыста тұратын туысқандарына хабарласып абай болуларын өтінді. Бұл табиғи құбылыстың қашан болатынын сен де, мен де білмейміз. Жер Ананың бұл құбылысын сен де, мен де тоқтата немесе аз б…

0
5
768

1 - ші презинтация.... Kloop.kg

Қырғыздардың 17-20 жастағы жастардың жасаған презинтациялары. Олар журналистика мектебін құрған. Презинтациялары күшті өтті. Спикерлер де жақсы таңдалған. Аудиторияға да олалдың идеялары ұнады.

Жазда бұл мектепке Алматы қаласында да қабылдаулар болады. 15 жаста болсаң, мектепке барып оқи аласың.

0
4
574

BarCamp - өте жақсы өтті!!!

Мен BarCamp-те бірінші рет болдым. Осы күнге дейін ол туралы қалайша жазсам деген ойда болдым. Себебі 2 күннің ішінде алған әсерімді қысқа-нұсқағып жеткізе алмайтын сияқтымын. Мен 2 күн ішінде 7 пректті тыңдап үлгердім. Ойындар да ойнадық. Суретке де түстік.  Бәрі керемет болды. Ал проекттер туралы толық ақпаратты келесі блогтарыма жазамын.

0
4
531

Байқоңыр...

Бүгін Ғарышқа Байқоңырдан ұшқанға 50 жыл болды. Әрине бұр дүбірлі тойға ерекше дайындалған Мәскеу. Бүгін Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған ғарышкерлермен Мәскеуде.

Қазақстан мен Мәскеу арасында көптеген өзгерістер орнады. Келісімдер екінші жер серігінің сапасына жауап беретін Мәскеуліктер. Істен шыққан болса да солар жауапты. Сосын «Қазсат-1» дұрыс жұмыс істемеген көпетеген ресейлік жабдықтарды еуропалық жабдықтарға ауыстыратын болды. Яғни, келесі жер серігінің сапасы әлде қайда жоғары болады деген сенімдемін.

0
3
1321

Хиджаб киюге қарсы тұруға бола ма?

Осы сіздердің хиджаб киген қыздарды көргенде  ең бірінші келетін ойыңыз қандай?

Бес уақыт намазын оқиды, жүрегі таза және мейірімді... Бұл тізімді тоқтатпай жалғастыра беруге болады емес пе?!

Ал неліктен, біздің жоғарыда отырған "Ағаларымыз" хиджаб киген қыздарға қоғамдық орындарда жүруге, жұмыс істеуге тиым салады? Мен кеше радиодан қызық жайт естідім. Хиджаб киіп, қоғамдық орындарда жүргендерге енді 30.000 көлемінде айыппұл салынатын болды.  Сонда намаз оқитын қыз-келіншектер білім алмауы керек пе?  Үйден шықпай отыруы керек пе?

Мен өзім хиджаб кимесем де, бұл заңды дұрыс емес деп білем. Жоғарыда отырғандардың бұдан басқа жұмыстары жоқ па? Адамдар бір-бірін өлтіріп, бірінен-бірі ұрлық жасап жатқанда хиджабқа қарсы заң қабылданып жатыр. Бұл не деген сұмдық!!!

1
5
2663

1 ғасыр жасаған асыл апама арналады...

Маған өте қиын... Мен бала кезімнен апамның қолында өскенмін. Апам қайда барса да мені өзімен алып жүретін, қалтасындағы тәтілердің бәрін маған беретін. 2011 жылдың 8 наурыз күні менің апам 100 жасқа толды. Бала-шағасы, немерелері, шөберелері және неменесі, бәрі-бәрі жиналды. Бұл біз үшін үлкен той болды. Халықаралық әйелдер күнімен ұштасқан апамның туған күні ең керемет күн болатын. Бұл бақытты көп көрді ме екен, білмеймін. Бірақ Наурыз айының 11 күні апам дүние салды... Түннің бір уақытында оянсам, анам жылап отыр... Бүгін 1 ай болды. Ал мен әлі күнге дейін апамның бөлмесіне кірген жоқпын... Не істейм ол бөлмеде? Күнде сабақтан оралғанда маңдайымнан сүйіп, құлыншағым дейтін апам жоқ. Дәтім бармайды, ол бөлмеге кіруге...Жүрегім ауырады... Өтінем, ренжімеңіздер жазғаныма... Маған өте қиын…

0
4
1091