Осы күнім ерекше өтті...
Мамыр айының бесінші жұлдызында, Алматы қаласындағы Нұр Отан ХДП-сы ғимаратында, «Жас Отан» жастар қанатында қызмет ететін ҚазҰу-дің, журналистика факультетінде оқитын 3 курс студенті Фаризаның жүргізуімен шеберлік класы болып өтті. Онда болашақ студент журналистер жиналды. Біз «Заң» газетінің белгілі журналисті, заңгер Аманхан Әлімұлы мырзамен кездестік. Ол кісі өз сөзін «Журналист-мамандық емес, ол - туа біткен талант», - деп бастады. Ары қарай, «яғни журналист болу - бұл Алланың cендерге берген сыйы. Оқып инженер бола аласың, оқып мұғалім бола аласың, оқып дәрігер де бола аласың, ал бірақ оқып журналист бола алмайсың, себебі іс-қимылмен, ізденумен қатар көп еңбек етсең ғана нағыз журналист бола аласыңдар! Ақынға да, жазушыға да, тіпті әншіге де табиғи тума талант, дарын берілмесе, онда…