Мазмұнға өту

Жаңа

Regional Focus. Көліктерді газға көшіру

Алматыда пайда болған жаңа автобустарды қалай бағалайсыз? Атмосфера құрамында көмірқышқыл газ мөлшерін азайту мақсатымен Алматыда газбен жүретін 200 автобус іске қосылды.
Болашақта оның саны қаншаға дейін артуы мүмкін?

0
1
282

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАҢА ТӨЛҚҰЖАТТАР МЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕР

1995 жыл алғашқы күндерінің басты жаңалығы Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа төлқұжаттар мен жеке куәліктерін алу болды. Жеке куәліктің тарихы – бұл адамзат қауымының ежелгі дүниедегі (ауызша куәландыру, дене әшекейі (татуировкалар), таңбалар) және қазіргі күндердегі (төлқұжаттар, суретпен берілген қағаздар, өту қағаздары, бейдждер және т.б.) өмірінің тарихы. Демек, адамзат тарихында адам куәландыратын бейнелік құбылыстар көптеп саналған.

1
0
439

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Бейбітшілік үшін әріптестік

1994 жылдың 27 мамырында Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестік» (Партнёрство во имя мира, Partnership for Peace, PfP) бағдарламасына 19-шы мүше-мемлекет ретінде қол қойды. Бұл бағдарлама ұйымға мүше емес мемлекеттердің НАТО-мен әскери келісімі шеңберінде құрылған. Бүгінде бұл бағдарламаға әлемнің 22 мемлекеті қатысады.

1
0
413

Сұлулықтың сырлары: жазғы макияж

Күннің ыстығында беттің сұлулығын қалай сақтап қалуға болады? Жаз айларында бет жақсы ажарына қол жеткізу сырларына құлақ түріңіз. Арнайы бет күтімі, күннен қорғанудың тәсілдері және жаз мезгіліндегі макияж туралы ақыл-кеңестер

0
0
677

Выпуск 7. Карина Абдуллина, Шөмішбай Сариев - Сен мұңыңды бер маған

Карина Абдуллина выделяется на фоне многих современных казахстанских исполнителей не только прекрасным голосом, но и талантом писать собственную замечательную музыку. Выросшая в музыкальной среде, она располагала всеми предпосылками стать одной из ярких звезд в музыкальной культуре Казахстана. И стала ею. Сегодня Карину знают не только у нас, но и во многих странах СНГ. Песни из ее репертуара полюбились народу, более того, можно с некоторой долей уверенности говорить, что помимо этого они обогатили фонд казахской музыки. Представляемая вашему вниманию песня "Сен мұңыңды бер маған" стала широко известна после выхода картины режиссера Сатыбалды Нарымбетова "Мұстафа Шоқай". Написанная на стихи известного казахского поэта Шөмішбая Сариева, песня поет об истории отношений двух творческих людей…

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ 1994 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мемлекеттік Кеңес премьері Ли Пэн Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақ-қытай шекарасы туралы Келісімге қол қойды. Екі ел тарихында бірінші рет мемлекеттік шекараны делимитациялау және деморкациялау процесі жүрді. Жалпы біздің ел осы жылдар аралығында көрші мемлекеттермен шекараларды реттеу бойынша бастамашы бола білді. Мәселен, 1996 жылдың 26 сәуіріндегі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің Шанхайдағы тарихи Келісім болып табылатын шешімде мемлекеттік шекара шеңберіндегі әскери мәселе бойынша сенім шаралары қалыптасты. Бұл «бестіктің» Келісімі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуына дейін кеңейді. Сонымен қатар еліміз шекараларды делимитациялау…

1
0
1129

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ

 

ҚАЗАҚСТАНРЕСЕЙ

1994 жылдың 28 мен 30 наурызында Ресей Федерациясымен халықаралық қатынастар жүргізу жұмыстары жанданып, саяси, экономикалық және әскери салалардағы әріптестік жөніндегі маңызды 22 құжатқа қол қойылған Елбасының Ресейдегі арнайы сапары өтті. Бұл ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 22 қазанында басталған болатын. Екі ел арасындағы достық, әріптестік, өзара көмек жөніндегі базалық халықаралық құжаттар көптеп саналады. 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылы деп аталып өтсе, 2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылы өткізілді. Осы тарихи кездесу барысында Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде баяндама оқып, Евразиялық одақ идеясын ұсынды.

1
0
672

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

1994 жылдың 7 наурызында еліміздің парламентаризмін дамытудың бастауы болған, 177 депутаттан құралған жаңа парламенттің сайлауы өтті. Осы жылдың сәуірінен бастап жаңа Парламент өз жұмысын бастады. 1995 жылдың наурызындағы саяси дағдарыс және оның салдары жаңа Парламенттің бір жылға жетпей жұмыс жасауына кедергі келтірді. Заңсыз деп танылған Заң шығарушы орган таратылып, Қазақстан тағы да Парламентсіз қалды.

1
0
227