Тарих--тағылым--тәуелсіздік!
"Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан". Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып аясында алашордалықтар халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Аталмыш шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған еді. Жиынның модераторы - "Нұр Отан" ХДП хатшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Ерлан Карин мырзаны көріп отырған да шығармыз. Конференцияға "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысы тақарыбын және еліміздің тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Оның ішінде шетелдік қонақтар - Жапондық Хоккайдо университетінің профессоры Томохико Уяма. Алғы сөзін қазақша бастағаны баршаны қуантқан жан осы болар. :)) Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының ғылыми қызметкері, Орталық Азия (АҚШ) сарапшысы Март…