Мазмұнға өту
Hudai

Ben Hudai

@Hudai

Сайтта 2011 ж. 8 ақпан

Интеллектуальный, образованный эстет.

рейтинг

100

жазбалар

325

пікірлер

2 063

тіркелуші

49

жазылымдар

38

Сен - менсің

Сәлеметсіздерме. Мен кейде, бос уақыттарымда өлең жазуға тырысам. Келесі өлең сондай кезде шыққан бір туынды.

Сен- менсің

Түн тыныш,

Тым-тырыс.

Бұл бір күш,

Бұлқыныс!

Бір сезім,

Білші өзің.

Тіл... көзің..,

Бұл кезің...

 

Көзің... қас...

Көзде жас...

Сөзім рас,

Сезім мас!

 

Селк еттің,

Селт еттім,

Мөлт еттің,

Серт еттім.

 

Көнгенсің,

Өлгенсің.

Сенгенсің,

Сен- Менсің!

Мұқағали Мақатаев- Автограф

Көрер едің, 
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзін Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!