1-қазанда көрме өтеді және соның арқасында мұражайды тегін аралап шығуға болады
Жақында Астана қаласындағы Президенттің мәдениет орталығында «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры Алтын және бағалы металдар мұражайында «Мен армандаған зейнеткерлік» атты фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Бұл мәдени шараның қор Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай және Халықаралық Қарттар күніне арнап өткізуде. Маусым айынан бастап аталған қор арнайы әлеуметтік байқау жариялаған. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі қордың салымшылары өздері түсірген 100-ден аса бейне суреттерін жолдапты. Соның ішінде лайықты 60-қа жуығы таңдалынып алынып көрмеге қойылған. Бұл суреттер бұған дейін Алматы қаласындағы Тәңір-Ұмай галереясында көпшілік көзайымына айналыпты. Көрмеде қойылғанның барлығы әуесқой жандардың туындысы екенін көпшілік біле бермейді. Бұл бейнелердің сапасы және мағыналылығы жағынан кәс…