Мазмұнға өту
resmi

resmi

Сайтта 2010 ж. 20 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

Құпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы. Мұхиттың ар жағынан пенде не күтеді? Баяғыда гуманитарлық көмек еді, қа…

0
0
957

ҮЕҰ: «алаяқ» индекстер

Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті. Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз. Әлқисса, халайық: мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі, мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге. Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан…

0
0
602

Үкіметтік Емес Ұйымдар: түйенің қомындағы "қозғалыстар"

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты - көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу... Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. "Азаматтық Альянстың" ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның "Даму саласындағы аңыз бен ақиқат" атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің. Оқымыстылардың күдігі Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су - олар сонда; Африкада аштық - олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қ…

0
0
699

Үкіметтік емес, бірақ - үкіметтік...

Бүгін Астана қаласында «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен Үкіметтік Емес Ұйымдардың 20 жылда бітірген жұмыстарының қорытындысы іспетті конференция өтіп жатыр. Жеке өзім пәлсапалық күйзеліспен бардым десем де болғандай, себебі үкіметтен қаржы алып – қалайша «үкіметтік емес» деген айдар алуға болатынын түсінгім келді. Әрине, ҮЕҰ туралы жақынырақ білуге де ынта бар. Алдымен, «Қазақстанда 35 000 коммерциялық емес ұйым бар, оның 18 000 – үкіметтік емес ұйымдар» деген саннан тұратын ауыр артиллериядан атқылағаннан кейін, төрдегілер «неге жиналып отырмыз?» деген сұраққа жауап беруге көшті. Жалпы, конференцияның әрленуінен көзі қарақты оппозиционер секем алса да болғандай: қабырғада – «демократия – алдымен жауапкершілік» дегенге саятын — биліктің елдегі демократияның ақсақтығын ақтайтын қанатт…

0
1
474