Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1997 ЖЫЛ 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленді. Жыл бойы еліміздің тарихындағы көлеңкелі тұстарғаайрықша назар аударылды. Тарихи зердені жаңғырту, тарихпен тәрбилеу арқылы жалпыұлттық татулықты нығайта түсу орайында көп жұмыс тындырылды. Қасіретті белестерде нәубетке ұшырағандар жасырын жерленген орындарды анықтау,анықталған қорым-зираттарды тиісті күйге келтіру, бастарына құлпытас-ескерткіштер орнату, бұрын орнатылғандарын күтімге алу, жазықсыз жазаланған боздақтар аруағына тағзым ету шаралары жер-жерде жүзеге асырылды. Содан бері қайғылы жылдар құрбандарына бағышталған мұндай шаралар жылма-жыл жалғасын тауып келеді. Сол жылы бекем негізделген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніелімізде жыл сайын әрбір 31 ма…