Мазмұнға өту

Жаңа

Қайтыс болғандардың жанұяларына пәтер берілді

Осы қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына бүгін жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Естеріңізде болса, қандықол қылмыскердің қолынан 5 бірдей құқық қорғау органы қызметкері қаза тапқан еді. Олардың үшеуі Облыстық ішкі істер департаментінің және екеуі ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері болатын. Қараша халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығы жолында мерт болған олардың отбасыларына қалада жаңадан бой көтерген «Бәйтерек» шағын ауданынан 2 бөлмелі пәтерден берілді. Бекболат Орынбеков, Тараз қаласының әкімі: Бұл енді бірінші кезекте кезінде облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен нақты жұмыстар жүргізілді. Алдын-ала үйдің иегерлері өздері барып, пәтерді қарап, түгел танысып, бүгінгі таңда сол кісінің атынан ресми түрде пәтер кілттерін тапсырып, құжаттарын дайынд…

0
0
339

ОСК-ның отырысы өтті

Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шыққан Президенттің Жарлығы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға кедергі келтіре алмайды. Дегенмен, қалыптасқан ахуалға орай, сайлауалды үгіт-насихат шаралары барлық саяси ұйымдар үшін белгілі бір дәрежеде шектеледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Әлбетте, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын жариялауға тең құқық беріледі. Яғни, Жаңаөзеннің аумағына тарайтын барлық республикалық, жергілікті телеарналар мен мерзімді басылымдар арқылы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынбайды. Сонымен қатар, сайлау комиссиясы бүгінгі отырыста алдағы сайлауға керек бюллетеньдерді дайындау жайын талқылады. Нақтырақ айтса…

0
0
209

Қ.Мәми Маңғыстау халқын сабырға шақырды

Өздері тасада тұрып, бұғанасы қатып, буыны бекімеген жастарды қылмыстық әрекетке итермелеген жеке топ жауапқа тартылып, жазасын алады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Сенат төрағасы Қайрат Мәми осылай деп мәлімдеді. Өз сөзін Жаңаөзендегі жағдай кезінде азаматынан айырылған отбасыларға көңіл айтудан бастаған спикер, Маңғыстау жұртын сабырға шақырды. «Отанымыздың дамуының басты кепілі – елдің бірлігі мен қоғам тұтастығы. Осыны біз әрқашан есімізде сақтауымыз керек», - деді Сенат төрағасы. Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: Өкінішке орай, бірнеше адам қаза тапты. Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті бұзуға ешқашан жол берілмейді. Жаңаөзенде болған оқиғаны ұйымдастырушылар мен нақты тәртіп бұзушылар жауапқа тартылып, жазасын алады. Жаңаөзен тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз…

0
0
209

Жаңаөзендегі қазіргі жағдай

Бүлік кезінде Жаңаөзенде дүкендер тоналып, базарлар мен наубайханалар жабылып қалған. Ал кешелі бері біртіндеп ашылып жатыр. Азық-түлік жеткілікті. Қалада қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Ұялы байланыс та қайта қалпына келді. Осы күндері Жаңаөзенде біздің Ұлттық арнаның жылжымалы телекешені жұмыс істеуде. Әріптесім Думан Мұхаметкәрім қазір бізбен байланысқа шығуға әзір. Думан Мұхаметкәрім, тілші: Желтоқсанның 16-сы күнгі бейберекеттен кейін көптеген үйлер жылудан және электр жарығынан ажырап қалған еді. Кешеден бастап жылу және электр жарығы толыққанды барлық үйлерге беріліп жатыр. Ұялы байланыста кешеден бастап жұмыс істей бастады. Аманжол Қабылов, Жаңаөзен қаласының коменданты: Ішкі істер департаменті әлі күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Кешеден бастап қала тазалығына көштік. Қоғ…

0
0
511

Жаңаөзенді қайта қалпына келтіруге жастар жұмыла кірісулері керек

Жамбылдық студенттер Жаңаөзендік жастарды қаланы қалпына келтіруге күш салуға шақырды. «Бұл істен өзге аймақтардағы құрбыластарымыз да шет қалмауы керек», - деп санайды тараздық білімгерлер. Қираған ғимараттар мен астан-кестеңі шыққан көшелерді ретке келтіруде ортақ іске жұмылу керек. Елдің тұтастығы, жастардың отансүйгіштігі осындай сын сағаттарда сыналады. Тараздық жастар өзге облыстардағы құрбы-құрдастарына мынадай үндеу жолдады. Онда «Тәуелсіздік – қымбат та қастерлі ұғым. Елбасымыздың саясатын қолдаймыз және бар білім мен күш-жігерімізді халқымыздың тыныштығына жұмсаймыз. Сондықтан, Жаңаөзенді көркейтуге бірге кірісейік!» делінген. Әділет Мұсабай, студент: Ойланайық, қандай іс әрекетке барып жатқанымызды ойланайық. Қандай жағдай жасап жатқанымызды ойланайық. Ол нәрселерді өртеуі бізг…

0
0
360

Қырымбек Көшербаев халыққа үндеу жолдады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа үндеу жолдады. Тұрғындарды сабырға шақырып, коменданттық сағатқа түсіністікпен қарауды сұрады. «Елбасының төтенше жағдай жариялауы талай адамдардың өмірін сақтап қалды, ал шұғыл тергеу тобы бүлікші топтың белсенділері мен тонаушыларды анықтап жатыр», - деп бастады әкім сөзін. Комендатура мен құқық қорғаушылар Жаңаөзендегі тәртіпті қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолға алған. Желтоқсанның 18-нен бері қарай мұнайлы қалада бірде-бір заңбұзушылық тіркелмеді. Жергілікті атқарушы билікке жүктелген бірінші кезектегі мәселе тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жұмыс жүргізу болып отыр. Тұрғын үйлерге келген залал есептеліп, шұғыл бригада құрылды. «Төтенше жағдай жарияланған 5 қаңтарға дейін тұрақты жағдай қалыптасса, әскерилер қаладан ш…

0
0
371

Қазақстан халықтық коммунистік партиясының

Қазақстаның батысында орын алған қайғылы жағдайларға байланысты Мәлімдемесі Қазақстанның батысында 16 желтоқсан күні орын алған қайғылы жағдай бәрімізді қатты толғандырды. Мұнай өндірісі саласы жұмысшыларының бірнеше айға созылған ереуілінің туындаған проблемаларды шеше алмағаны - өкінішті. Бұл жағдайға компания басшылығы ғана кінәлі. Егер өндіріс иелері мен билік бұл мәселеге дұрыстап мән бергенде, аталған шиеленісті баяғыда реттеуге болар еді. Біз бұл шиеленісті шешу үдерісіне араласқымыз келгенде, жағдайды саясиландырмау үшін наразылық бастамашылдары ұсыныстарымызды қабыл алмады. Бүгінде біздің Жаңаөзендегі өкіліміздің хабарлауынша, мұнайшылардың өздерінің құқықтарын сақтау мақсатында ұйымдасып алаңға шығуы кезінде тәртіпсіздік пен бейберекетсіздік орын алған, нәтижесінде наразылық біл…

0
0
438

2012 жылғы Мәжіліс сайлауы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау туралы» Жарлығына сәйкес, партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына, ал ҚР Парламент Мәжілісіне Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарды сайлау 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіленді. Дауыс беру орны мен уақыты Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыларды сайлау күні, уақыты және орны туралы сайлау күнінен он күн бұрын БАҚ арқылы және басқа тәсілдермен хабарландыруы тиіс. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі жетіден кешкі сегізге дейін жалғасады. Аумақтық немесе аймақтық сайлау комиссиялары с…

0
0
1694

Қазақша блог туралы

Алдыңғы постымда қазақша блог туралы айтып кеткен болатынмын, енді сол блогпен тереңірек танысатын боламыз, жалпы қазіргі кезде интернетте қарап отырсақ қазақ блогтары өте аз, болашақта осындай қазақ сайттары көп болады деп ойлаймын, себебі қазір осы қазақ тілге, өзіміздің ана тілімізге көңіл бөлініп жатыр.... Посттан тыс кетпей Сіздерді осы блогпен таныстырайын, блогты Сіздер осы адресс бойынша тауып алуға болады: http://elzhas-webmaster.idhost.kz/. Бұл блог жалпы Қазақстан аумағында тұратын веб шеберлерге, вебмастерлерге арналып жасалған қазақша блог, өзіміздің ана тілімізде жазылған осы блогтан көп пайдалы нәрселер тауып алуға болады, мысалы: Сіз сайт жасай алмай жүрген болсаңыз, блог ашқыңыз келетін болсаңыз, компьютерді толық білгіңіз келетін болса, компьютерлік прораммаларды шығаруд…

0
2
746

Халық үмітін арқалаған ер-азаматтар!

Халық үмітін арқалаған ер-азаматтар! Пресс-служба ЦК КНПК Алдымыздағы жылда өтетін Қазақстан Республикамыздың жергілікті өкілетті органдары мәслихаттарға ҚКХП Астана қалалық комитетінің қолдауымен кандидат болып тіркелген Оразханов Нұрдәулет, Әбішев Азат, Тараканов Антон, Стефопулос Павел азаматтарын ҚКХП Астана қалалық комитетінің активі шын жүректен құттықтайды. Нұрдәулет өзінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында үлкен шындарға жететінінде ешкімнін күмәні жоқ, Азат өзінің жасына қарамастан, қайран жиырма бесті енді арқалаған болса да, мәнді де мағыналы өмірінің еңбек жылдарын коммунистік идеялармен тығыз байланыстырып, партия қатарында өзінің елеулі орнымен ерекшеленген, Антон азаматымыз тындырымды істерімен айшықталып, өзінің ақыл-ойының тереңдігімен белестерді бағындыратынына кәмі…

0
0
592