Мазмұнға өту

Жаңа

Выпуск 20. Қадыр Мырза Әлі, Ескендір Хасанғалиев - Атамекен

Cовместное детище двух выдающихся деятелей казахской культуры Қадыра Мырза Әлі (1935-2011) и Ескендіра Хасанғалиева (р. 1940) песня "Атамекен", написанная в 1970 году, исполнялась казахской молодежью во время декабрьского восстания 1986 года. После чего была запрещена для исполнения на радио и телевидении. После обретения Казахстаном независимости песня "Атамекен" стала одной из самых любимых патриотических песен. Часто именуется, как "неофициальный гимн казахского народа".

О том, как появилась на свет эта песня, узнайте в свежем выпуске "Казахской музыки".


қазақша үйренейік
Друзья, ретвиты, лайки и клики на кнопочки "facebook", "ВКонтакте" и "Мой Мир" приветствуются. Спасибо! :)

Біздің тілегіміз – Үйімізге Тыныштық.

Бұл Ұран саясатсқа, даулы-тіреске емес, тек қана жалпы мақсатқа шақырады. Біздің тілегіміз – Үйімізге Тыныштық. Өмірге көзқарасымыз әртүрлі болса да Өмірде көргеніміз басқа болса да Кәсібіміз мен ермегіміз үйлеспесе де Біздер бір халықпыз – Қазақстан халқы Сондықтан қазіргі үйіміздегі болып жатқан қауіпті жағдайларда, біздер қол ұстасып бірігу керекпіз Иә, бізде қиындықтар да көп, бірақ оларды шешу қолымыздан келеді Иә, бізде үйлеспеушілік те көп, бірақ біз жаңа ғана аяғымызға тұрып өсіп келеміз Иә, біз көп затқа риза емеспіз, бірақ болашағымыз өзіміздің Батыл қасиетіміз, Қабілетіміз, Өз күшімізге сену күшіне байланысты. Егер бізбен келісетін болсаң – “Үйімізге тыныштык” деген Ұран салайық. Барлық интернет торларында, твиттер, жеке статустарда айта жүр. Өзіңнің былай өміріңде, тіпті қазыр…

2
8
715

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері кино әлеміне қадам басуы

13 желтоқсан күні «Сircus» клубында IT университетінің тұңғыш «Оскар» премиясына бағытталған қысқа метражды фильмдер сайысы өтті. Студенттер әр түрлі жанрдағы көркем бейне роликтер, танымал фильмге пародия немесе жаңа фильм түсіруге мүмкіндік алды. Фильмдердің басты тақырыбы алдымызда келе жатқан Жаңа Жыл мерекесі болғандықтан, ең үздік деп танылған IT-менеджмент (0901) тобының «IT`s New Year» атты комедия жанрындағы фильмі және ғашықтық сезімге толы математикалық және компьютерлік пішімдеу (МСМ-101) факультетінің «Не все сказано» атты мелодрамма-трагедиясы додаға түсті. Ең көп дауыс иегерлерінің үміткерлері ақпараттық жүйелер (IS-106) тобының «Virus» триллер, фантастикасы және IT-менеджмент (0901) тобының «IT`s New Year» атты комедиясы көпшіліктің көзайымы болды. «Virus» фильмі ең үздік…

1
0
1600

Бауыржан Мұхамеджанов алғашқы жиналысын өткізді

Маңғыстау облысына жаңадан тағайындалған әкім Бауыржан Мұхамеджанов Ақтауда алғашқы жиналыс өткізді. Барлық сала мамандарының басын қосып, бүгінде өңірдегі ең өзекті мәселеге айналған қоғамдық тыныштықты сақтап, бүлік кезінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарға жұмыла кірісуге шақырды.

Сонымен қатар, Елбасы жүктеген міндеттердің орындау жолдарын пысықтады. Ең бастысы жұмыссыз қалған мұнайшыларды еңбекпен қамтып, осыған дейін өз атқарған қызметі, алған жалақыларына қол жеткізетінін айтты. Оң бастамалардың барлығы Елбасының облысқа сапары барысында түпкілікті шешімін тапқан.

0
0
373

Елбасы Маңғыстау облысында жиын өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Облыстық мәслихат депутаттарымен, облыс активімен, жұмысшылармен кездесіп, Маңғыстау облысына әкім етіп, Бауыржан Мұхамеджановты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығына Ләззат Қиыновты, ал «ҚазМұнайГаздың» «Барлау-Өндіру» еншілес компаниясының басшысы етіп, Алик Айдарбаевты тағайындатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Елбасы өңірде болған келеңсіздіктердің зардабын жою үшін барлық шаралар жасалатынын айтты. Мемлекет басшысы әуежайдан тура Маңғыстау облысының әкімшілігіне жол тартты. Алдымен мәслиқат депутаттарына өзінің шешімін айтып, облыс әкімі лауазымына кімді тағайындау жөніне жергілікті халық қалаулыларының келісімін алды. Сосын, облыс активімен кездесті. Мән жайды толық тарқатып айтып, өзінің ше…

0
0
383

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенге барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздік кезінде өртеніп, зақымданған дүкендер мен ғимараттарды аралап көрді. Жергілікті халықпен сөйлесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар неше жылдан бері өз қолдарымен салған ғимараттардың бір-ақ күнде тас- талқаны шыққанына өкініш білдірді. Думан Мұхаметкәрім, тілші: Президент Нұрсұлтан Назарбаев мінген тікұшақ Ақтаудан бүгін Жаңаөзенге Астана уақытымен шамамен 7-де келіп қонды. Мемлекет басшысы ең алдымен өртеніп кеткен Жаңаөзен қалалық әкімдігі ғимаратын аралады. Есік терезесі сынған әрі әбден тоналған ғимарат ішін өз көзімен көрді. Қала тұрғындары Президенттің өзі келгеніне алғысын білдіріп жатты. Әкімдік алдында тұрған халық ондаған жылдар бойы өз қолымызбен тұрғызған ғимараттарды бұзақылар бір-ақ күнде тас-талқанын шығ…

0
0
438

Елтаңба 3D форматына көшірілді

Қазақстанның Елтаңбасы 3D форматына көшірілді. Компьютерге түскен нұсқа енді Үкіметпен бекітіліп, жаңа стандарттық нөмірге ие болуы керек. Демек, бұл іс жүзеге асса, барлық мемлекеттік органдарға, түрлі ведомстволарға қажетті Елтаңба мен Ту бір стандарт бойынша дайындалады. Бұл туралы Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков мәлім етті. Бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. «Рәміз – елдігіміздің бейнесі. Оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – патриоттық тәрбиенің бір бөлігі», - деді Мемлекеттік хатшы. Әйтсе де, рәміздердің қолданылу аясы, мәселен, әскери киімдерде бейнеленуінде ортақ жүйе жоқ. Ол үшін арнайы орталық құру қажет. Жандарбек Мәлібеков, Елтаңбаның авторы, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі рес…

0
0
654

Мұнайшылар тікелей байланыста

Жаңаөзеннің өзінде де мұнай өндіретін компаниялар жұмысын тоқтатқан емес. Осы күндері қалада жұмыс істеп жатқан ұлттық арнаның жылжымалы телекешені дәл қазір «ӨзенМұнайГаз» компаниясының іргесінде тұр. Жергілікті мұнайшылармен кездескен әріптесім Думан Мұхаметкәрім бізбен байланысқа шықты. Ұлттық арнаның жылжымалы телевизиялық стансасы осы уақытта Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» компаниясына қатысты мұнай өндіретін нысанада тұр. «ӨзенМұнайГаздың» әкімшілігі ғимараты өртеніп кеткенімен, жұмыс тоқтаған жоқ. Қасымда осы компания өкілі Мақсұт Жаңбырбайұлы тұр. Мақсұт Жаңбырбайұлы, «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының өкілі: Қазіргі таңда жұмыс ырғағы бір қалыпты, жұмысшылар қазіргі таңда жұмысқа 100 пайыз келіп кетіде. Мұнай өндіру деңгейі бірқалыпты. Осы биыл «ҚазМұнайГаз» компаниясының барлау өн…

0
0
223

Мұнайшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі талқылануда

Жаңаөзендегі жағдай күн санап қалыпқа түсіп келеді. Қаладағы қоғамдық және әлеуметтік мекемелер күнделікті жұмыс ережесіне көше бастады. Бүліктен кейінгі бүлінген нысандарды тазалау, қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жанна Ойшыбаева «Жетібай» мен «Қаламқас» кен орындарындағы мұнайшылардың толқуы болды деген ақпатар еш шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазір «Қаламқас» пен «Жетібай» мұнайшылары толық жұмыс кестесімен жұмыс істеуде. Ал «Қаражамбас» және «ӨзенМұнайГаздан» босап қалған мамандарды осы екі компанияның мердігер-серіктестері «АрғымакТрансСервис» пен «ТұлпарМұнайСервис» мекемелері өкілдері жұмысқа қабылдауға ниетті екендерін мәлімдеді. Сонымен қатар, еліміздегі тау-кен және газ саласындағы ірі кәсіпорындарға да ор…

0
0
313