Мазмұнға өту

Жаңа

Webmoney кошелекпен жұмыс істеу!

ақша
Сәлем! Достар! Бүгін сендерге арнап мақала жаздым! Web money кошелегымен жұмыс істеуді білмесеңдер, яғни кошелекты толтыруды, кошелекқа ақша аударуды және де тағы да басқа нәрселерді білмесеңдер, онда осы мақаланы оқыңдар! Бәрін де түсінетін боласыңдар! Және де қазақша рефераттарды жазып алуға көмектесетін программаны ұсынамын...
Міне, мақаланың сілтемесі!

0
0
599

Менің бір күнім

Маған бүкіл қала әлі де тәтті ұйқыда жатқанда, күн нұры көрінбеген кезде ерте ояну ұнайды. 6-7 лердің кезінде терезені айқара ашып, суық ауамен құшырлана дем алсаң, бірден бойың сергіп қалады. Айналаң тып-тыныш, жан адам көрінбейтін бұл мезгілде тек алыста машиналардың зуылдап бара жатқан даусы естіледі. Мұндайда сұрғылт аспанға, алдымдағы көп пәтерлі қабатты үйдің шатырына, араның ұяшығындай орналасқан терезелерге қарап тұру ұнайды. Біраздан соң әр үйдің шатыр-шатырларын жалынымен жалап күн де шығады. Алғашқы күн сәулесіне шомылу қандай керемет десеңші... Әдеттегідей құлағыма ұялы телефонның құлаққабын салып, сергек музыкаға ере күндізгі тіршілік қамына еніп кетемін. Жылы індерінің арасынан ақырындап басқа үй мүшелері де жыбырлай бастайды. Жуынып-шайынып жүргенше, олардың әрқайсысы өзінш…

2
1
6613

мақала

Дипломмен ауылға Осы бір жобаныңтөңірегінде талай талқылау мен талай пікірталастар болып, біреу жақтап жатса, біреу даттап бақты. Несін айтасың, бұл жобаны қолдайтындардың да, қолдамайтындардың да айтар өз уәждері бар. Қоғамда қызу талқыға түскен бағдарламаны неге сол жандар мақұл көрмейді.Сол ағайындардың айтары қайсы сонда. Айтпағы, ауылдардың инфрақұрылымы нашар, берген баспананың кем-кетігін айтады тағы сол сияқты бұл жоба басталмай тұрып бар болған проблемаларды тізбектеп ала жөнеледі. Материялдық мәселе уақыт өте жөнделері сөзсіз. Ал, мемлекеттің, ұлттың болашағы, тірегі болатын жастардың рухани азуы, жылы үйде, жақсы жағдайда жүрседе екі қолға бір күрек таппай жүрген қаладағы жастардың жайын неге ойламаймыз.Табақтай дипломмен қала дүкендерінде күзетші болып,базарда арба сүйреп жүрг…

-1
0
960

Өмір деген не?

Өмір мынау, өмір сонау ағаш қой,

Өмір мынау, өмір бітпес ағыс қой.

Қайта өрлеп, өзге сеніп қатадан,

Өмір мынау кім озады жарыс қой.

 

Өмір мынау кімге тозақ, кімге шөл,

Өмір мынау кімге жұмақ, кімге көл.

Өмір мынау мөлдір бұлақ алысқан,

Өмір мынау кімге қамал, кімге нұр

 

Автор: Давлеткалиев О.К.

0
2
8414

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды. Әсемдікті көзіммен көріп, тірідей тыңдағым келді. Алайда әдеттегідей алдыма мақсат қойып, оны wish-listіме жазбасам да, бірер айдан кейін Мадрид алаңдарындағы көше музыканттарының темпераментті мелодияларына құлағым қанығып жүрді. Ол әлі де бөлек әңгіме... Біздің қайта-қайта келіп "дескульпе сеньор" деп бастап бір жерді сұрағанымызға қандай адам болмасын бар жұмысын тастай салып, қайда кетіп ба…

1
1
683

Еліміздегі индустриаландыру кезеңі туралы фильм

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Facebook-тегі парақшасына «2007-2011 жылдардағы еліміздегі индустриаландыру шежіресі» атты жарты сағаттық фильм жариялады.Онда Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында екені мақтанышпен айтылып, тиісінше соңғы жылдары он төрт облыста жаңадан іске қосылған өндіріс орындары, қоғамның өзге де салаларында жеткен жетістіктер тілге тиек етілген. Қаржы дағдарысынан да қаймықпаған Қазақ елінің болашағына зор сенім білдірілген. Әлеуметтің әлеуетін көтеруде жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстанды танымастай етті. Бұл аталған фильмде айрықша көрсетілген.

0
0
293

Түнгі ойлар

Испаниямен 6 сағат айырмашылық. Әлі үйренісе алмай, барлығы ұйықтап қалғанда, түнгі үкілер сияқты жалғыз өзім тықырлап шай ішемін, киімдер реттеп, үй жинаймын. Әрине интернетте отырамын. Алайда түнгі 3.47-де достарымның көбісі тәтті ұйқыда, твиттердегі лентадан "Главное не бояться" фильміне берілген жақсы пікірден соң көрейін деп жүктеп қойдым. 2011 жылы түсірілген, басты рольде өзім жаман емес деп білетін Кейт Хадсон. Кино алдында аузымды жыбырлатып бір нәрсе жеп үйренген әдетім бойынша алдыма туған күнімнен қалған тәтті емес торт пен шай әкеліп алып көруге ыңғайландым... Жалпы фильм рак ауруына шалдыққан қыз бен оның сол оқиғадан алған сабақтары жайлы. Бірден айта салайын, қыз соңында қайтыс болады. Бірақ ол оған дейін шын ғашық болып, әкесін кешіріп, өмірдегі қорқынышынан айырылып үлгі…

3
0
1473

Өмір портреті

Бүгін қала сұр бояуға боялды. Өзінің ең қатал әрі сұрықсыз кейпіне енді. Қыздың көз жасындай ыстық емес, қытықсыз, қылаусыз жартастай болып жаратыла салған тәкаппардың суық жасындай болған сұр жаңбыр. Артынша табиғат өз балалары жасыл ағаш, шөпті еш аямай, түйдек-түйдек қарын боратты. Иә, өз ісіне берік табиғат қашанда бірқалыпты. Ешкімді сүймейді де, жек көрмейді де. Ешкімде шаруасы жоқ Қоңқай шал сияқты өз міндетін атқарады да қояды. Өзгенің мақтауын да, даттауын да күтпейді. Өзгеріссіз... Бұдан неше мың жыл бұрын жауған жаңбыр – сол жаңбыр, жапалақтаған қар – сол қар. Тек тықпыршыған адам жаны ғана тыным тапқан емес. Әйнекке ұрылған шыбындай ол бұл өмірмен күреседі, ақиқатын дәлелдейді, өзінің маңызын көрсетуге тырысады. Тек меңіреу табиғатқа бәрібір. Ол ойын соңы немен аяқталатынын бі…

1
2
1476