мақала
Дипломмен ауылға
Осы бір жобаның төңірегінде талай талқылау мен талай пікірталастар болып, біреу жақтап жатса, біреу даттап бақты. Несін айтасың, бұл жобаны қолдайтындардың да, қолдамайтындардың да айтар өз уәждері бар. Қоғамда қызу талқыға түскен бағдарламаны неге сол жандар мақұл көрмейді. Сол ағайындардың айтары қайсы сонда. Айтпағы, ауылдардың инфрақұрылымы нашар, берген баспананың кем-кетігін айтады тағы сол сияқты бұл жоба басталмай тұрып бар болған проблемаларды тізбектеп ала жөнеледі. Материялдық мәселе уақыт өте жөнделері сөзсіз. Ал, мемлекеттің, ұлттың болашағы, тірегі болатын жастардың рухани азуы, жылы үйде, жақсы жағдайда жүрседе екі қолға бір күрек таппай жүрген қаладағы жастардың жайын неге ойламаймыз. Табақтай дипломмен қала дүкендерінде күзетші болып,базарда арба сүйреп жүрген жастардың қамын қайтеміз. Әр бірден соң жоба бойынша ауылға барып жатқанның түгелі дерлік сол ауылдан шыққан қара домалақтар. Қаланың ұл-қызы қайтседе бармақ емес, ауылға. Өзіне таныс, өзі туып өскен ауылын, қаладан оқып келген жас маманның жатырқап, менсінбей қойыпты дегені қисынға келмейді тіпті. Жас Отан жастар қанатының ұсыныс-бастамасымен іске асқан жобаны, «Ауыл» партиясының, біздің жоба деп жүргені, жақсы бастамадан әркім өз үлесін алғысы келетінін айғақтамай ма? Жарайды, шарапаты көп болған игі істі халықтың еншісіне бердік. Ауылды көркейту керек, ауылдың әл-ауқатын көтеру керек деп байбалам салатындардың нағыз қолдайтын, көмек қолын созатын нақты іс, жақсы бағдарламасы осы емес пе?! 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан » жастар қанатының бастамасымен жұмысын бастаған жобаның аясында бүгінгі күнде 13 000 нан астам жас маман ауылды жерде өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасыпты. Бағдарламаның осал тұсы болса 3 жылдың ішінде осынша жас азамат ауылға бармас еді. Жақсының жақсылығын көріп, барды бағалай білсек, біздің алмайтын белес жоқ. Аққу шортан һәм шаянның кебін кимей, жұмылған жұдырықтай жұмыла көтерсек, жүктің ауыры болмайды ағайын.
