Мазмұнға өту
oralkhan

Oralkhan Davletkaliyev

@oralkhan

Сайтта 2012 ж. 22 қаңтарКазахстан, Уральск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

18

Сенсіз маған

Сенсіз маған мына өмір өмір ме

Шашқан нұрын өзін ғана көңілге

Арманым - ай сені тауып алсамда

Сағынышым сарқылмайды көңілде

 

Дүниені шарлап сені іздеймін

Жүрегімнің суынғанын сезбеймін

Ұмытпадым сезіміңді көркіңді

Сағынышқа сен айналған кез деймін

Сағыныш боп сен алшақтап барасын

Сыздатады жүрегімнің жарасын

Екі аққу бір өзенде жүзсек те

Ойлаймыз біз махаббатың жағасын

 

Алысың ба шалқар сезім жағасы

Сенсің асыл ғашықтардың данасы

Сырлысың ба? Әсем бе? білмеймін

Сен де мені сезінем деп қарашы

Автор Давлеткалиев О.К.

0
0
1121

Жастық жалау

Көтерейік жастық ғұмыр жалауын,

Біз ғой өршіл болашағы заманның.

Келешектің ұмтылайық жолына

Ашып бақыт есік қамалын!

 

Жастық жалау желберейді аспанда,

Кел, мақтаныш болайық көпке, жастарға

Алға ұмтыл, абайлап жүр, ей достым

Биік шыңға сен көтеріл жасқанба

 

Қыран бүркіт болып биік самғайық,

Бабалардың сара жолын жалғайық

Қиындықтар әлі алда, біз жеңер

Уақытты босқа өткізіп алмайық

 

Жастық -өмір бұлағының сағасы

Сол бұлақтың ыстық әсем жағасы

Тұлпардай боп жылдарымен жарыссақ

Өмір берер бізге биік бағасы

 

Жастық шақта қызығы боп өмірдің

Есік кілті болады ғой көңілдің

Өтіп кетер оралмайды ешқашан

Қайық-жастық, өмір өзен, өмір күн

 

Автор Давлеткалиев О.К.

0
0
609

Өмір деген не?

Өмір мынау, өмір сонау ағаш қой,

Өмір мынау, өмір бітпес ағыс қой.

Қайта өрлеп, өзге сеніп қатадан,

Өмір мынау кім озады жарыс қой.

 

Өмір мынау кімге тозақ, кімге шөл,

Өмір мынау кімге жұмақ, кімге көл.

Өмір мынау мөлдір бұлақ алысқан,

Өмір мынау кімге қамал, кімге нұр

 

Автор: Давлеткалиев О.К.

0
2
8361