Төтенше жағдайға жол бергендер жазаланды
Бірнеше күн бойына сарышұнақ аяз бен қаһарлы суықтың құрсауында қалған біздің Кентау қаласына бүгін кешкісін жылу беріле бастады. «ЖылуЭнергоОрталығындағы» істен шыққан бес қазандықтың үшеуі қайта қосылды. Қазір мамандар тағы да апат бола қалған жағдайда пайдалану үшін қосалқы бір қазандықты іске қосып жатыр. Жылу жүйелерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен 8 авариялық-техникалық топ айналысуда. Оның құрамында 48 маман мен 13 дәнекерлеуші бар. Сондай-ақ бесінші «ЖылуЭнергоОрталықтағы» жеткілікті отын қоры да жасақталды. 60 тонна мазут, 15 тонна қысқы дизель отыны жеткізілді. Кенеттен қажет болып қалған жағдайға 14,5 тонна көмір де түсіріліп қойды. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы штаб өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ бүгі…
