600 адам жаңа мамандық иесі атанды
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Ақтөбеге барды. Өңір белсенділерімен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдаудың маңызды бағыттарын түсіндірді.
Ақтөбеліктермен пікір алысқан ақпараттық топ қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. Орталық көмегімен өткен жылы 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасып, 600-і жаңа мамандық иесі атанды. Сондай-ақ өңірдің жол және тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Саңыраулар қоғамына тігін жабдықтары табыстады. Бұл мүгедектерді тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған негізгі бағыт ол - еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын одан әрі тиімді жалғастыру. Бұл Ақтөбе облысында, басқа да аймақтарда ірі өндіріс орындарының өсіп-өркендеуіне, кәсіпкерлікті қолдауға ерекше серпін беретін болады. Сол арқылы Қазақстанымыздың экономикасын одан әрі дамытып, әлеуметтік жағдайды көтеретін боламыз.
