Елбасы шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен кездесті
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары, Біріккен Араб Әмірліктері Президент істері бойынша министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселесін талқылады.
Қазақ Президенті Астанадағы «Абу Даби Плаза» көпфункционалдық кешеннің жобасы табысты іске асып жатқанын баса айтты. Тараптар сондай-ақ посткеңестік кеңістікте алғаш қолға алынған «Аль-Халал» Ислам банкінің жемісті қызметін және «Аль-Фалах» бірлескен инвестициялық қорының жұмысының басталғанын ерекше атап өтті.
