Көмек қылайық қиналғанға бас болып, сонда тұрмас ел көзіне жас толып!
БАРША ЖАСТАРҒА "ЖАСОТАНДЫҚТАРДЫҢ" ИГІ БАСТАМАЛАРЫ ОЙ САЛСА ДЕЙМІЗ Бүгінде мемлекетіміздегі барша жастардың басын бір арнаға тоғыстыруға, Тәуелсіз еліміздің болашағы жолында қызмет етуге үндеп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, түрлі маңызды жобаларды іске асыруға үлес қосып жүрген Республикамыздағы жастар ұйымдарының бірегейі "Жас Отан" Жастар қанаты. Оған дәлел "Жас Отан" Жастар қанатының II съезіндегі Елбасы, "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың "жасотандықтарға" берген оң бағасы. Осы уақытқа дейін елімізде табиғи апаттар орын алған облыстарда "жасотандықтардың" жұмылып біріге жұмыс жасап, халық игілігіне бөленіп жүргендігін көрмеген, естімеген адам жоқ шығар. Республикалық "Жастар Отанға" жобасы аясында қаншама ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Жұмыла көтерг…