Әбілязов 22 айға түрмеге кесілді
Елден қашқан қалталы қазақтардың қорған-тұрағына айналған ағылшын астанасынан хабар келді кеше. Мұхтар Әбілязов 22 ай түрмеге кесілді. Бұндай шешімді Лондонның жоғары соты қабылдапты. Судья Найджел Тиер экс-банкирді «сотты сыйламады» деп айыптап, абақтыға жабуды ұйғарған. «Сотты сыйламады» деген ағылшынның айыбы - істің бер жағы ғана. Қазақтың құзырлы органдарының Әбілязовқа таққан айыбын естісең, жағаңды ұстайсың. 10 миллиард долларды жымқырған мықты болып тұр Мұхтар мырза! Қазақтың экс-қаржыгері, қазіргі қашқыны Мұхтар Әблязовтың соңғы соты Лондондағы мына ғимараттың ішінде өтті. Бірақ сот отырысына айыпкердің өзі қатысқан жоқ. Ал судья Найджел Тиер сотты сыйламағаны үшін Мұхтар мырзаны 22 ай түрмеге кесіп, оның төлқұжатын тәркілеген. Экс-банкирге саяси баспана берген елдегі бұл жаза бі…