Сіз бақыттысыз ба?
МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫМ, БАҚЫТЫМ БОЛСЫН - ТАПҚАНЫМ Әсем қала Алматы ақ ұлпа қарға оранғалы ерекше бір күйге енді. Үскірік аяз болса да қарбалас тіршіліктің белгілері жойылмапты. Арлы-берлі сабылған жұртта қисап жоқ. Қайда барады, қайдан келеді, нені көздейді, нені іздейді, қандай жұмыс істейді, сұрақтар да күйбең тірлік те бітпейді. Көптің ағымына мен де кірдім. Ел сияқты мен де асығып барам. Діттеген жеріме дәл уақытында жеттім. Ағымдағы жылдың 26-қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де «EDTECH» халықаралық білім беру орталығында «Атажұрт» халықаралық қоғамдық қорының тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған «Кәсіптік бағдарлау» пилоттық жобасы жөніндегі баспасөз мәслихатына бардым. Адам өмірінде таңдау жасағанда екі нәрседен жаңылмау керек деген сөзді бұрын да талай ес…