Актрисалар Аружан мен Мәдина киноға қалай келді?
«Жарайсың!» бағдарламасының бүгінгі қонақтары "Асель друзья и подруги" сериалының актрисалары Аружан және Мәдина өздерінің кинодағы шығармашылық жолдары жайлы баяндайды.
«Жарайсың!» бағдарламасының бүгінгі қонақтары "Асель друзья и подруги" сериалының актрисалары Аружан және Мәдина өздерінің кинодағы шығармашылық жолдары жайлы баяндайды.
Әйгілі "Дос-Мұқасан" тобы шырқаған "Сұлу қыз" әнін поляктар мен орыстар өздерінің халық әні санайды екен. Ал танымал ән қалай қазақтың халық әніне айналды?
Пәтер жалдау барысында қолдағы қаражаттан айырылып немесе алданып қалмас үшін алдын-ала қандай шараларды қолға алу керек?
Ақмола облыстық өлкетану мұражайы тағы бір құнды мұрағатпен толықты. Аршалы ауданында табылған қол айна осыдан 1300 жыл бұрын құйылған деген тұжырым бар. Ернеулі, дөңгелек ілгекті қоладан құйылған қол айнаны қытай шеберлері жасаған. Диаметрі 8,5 см. Көне құйманың сыртқы қабатында төрт арыстанның бейнесі сомдалған. Ішкі және сыртқы ернеулерінің ортасы шырмауық тектес өсімдік сабағымен безендірілген. Ғалымдардың айтуынша, айнадағы арыстан бейнесі әлемнің төрт бұрышын білдіруі мүмкін. Құнды дүниені соққан шебер өмір мен қоршаған орта үндестігін көрсетуге тырысқан сыңайлы. Өз заманында құнды болған айна көшпенділер даласына Қытайдан Жібек жолы арқылы жеткен деп отыр мұражай қызметкерлері. Бүгінде облыстық өлкетану мұражайында 76 мыңнан астам құнды мұрағат бар, көне айна енді солардың қатарына…
Маңғыстау облысында кейбір мемлекеттік мекемелердің құрылысы бетпей жатыр. Облыстық онкологиялық диспансер орналасатын нысан 2010 жылы тапсырылуы тиіс еді. Құрылысы екі жылға кешікті. Мердігер міз бағар емес. Енді құрылыстың кешігуіне себеп болғандардың ісімен құқық қорғау органдары айналыспақ. Ақтау қаласынан орын тепкен мына облыстық онкологиялық диспансері ғимаратының бітпеуі көпшілікті алаңдатып отыр. 2009 жылы тәп-тәуір іргесі қаланған аурухана бір жыл ішінде салынып болуы керек еді. Жоба құны - 2 миллиард 200 миллион теңгеге бағаланған. Мердігер компанияға бастапқы 2 жылда 474 млн., ал былтыр 350 млн. теңге бөлінді. Республика бойынша құрылыс қаржысы ықшамдалып, 200 млн.-нан астам қаржы қысқартылған. Берген Нұров, бас мердігер: Құрылыс жағынан 60 пайызға бітіп тұр. Ал медициналық құ…
Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар: Биылғы Жолдаудың жезқазғандықтар үшін де жөні бөлек. Себебі, «Жезқазан-Бейнеу» және «Шұбаркөл-Арқалық» темір жолдарының салынуы аймақтың дамуына серпін бермек. Кейінгі жылдары көп айтылғанмен, нақты шешімін таппай келген осы жобалардың Жолдауда нақтылануы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жүктің 59 процентін, жолаушылардың 46 процентін тасымалдайды. Теміржолдың әлеуетін осыдан-ақ көруге болады. Мамандар теміржол салынса Жезқазған-Сексеуіл аралығында кемі мың жарым адам, ал Жезқазған станциясының өз басында 3 жарым мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтады. Мақсұтқажы Шәкен, «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы Қарағанды жол бөлімшесі директорының орынбасары: Ақтау менен Жезқазғаннның ортасын қосуына байланысты, Бейнеумен е…
Қытайда қызық жағдай болды. Шаньдун провинциясында қытымыр аяздан 100 метрлік биіктіктен ағып жатқан сарқырама қатып қалды. Орасан мұз ғажап көрініске айналды.
Жыл сайын дүниежүзі бойынша 1 миллионнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан көз жұмады екен. Біздің елде де жолдағы қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр. Сол себептен де «Көзқарас» бағдарламасының осы шығарылымы жол қауіпсіздігі мен жақында енгізілген жаңа ережелерді халыққа түсіндіру мәселесіне арналмақ. Студия қонағы - ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті жол-патрульдік қызмет және әкімшілік практика басқармасының бастығы Уәлиев Қанат Сағатбекұлы
Бүгін Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды. Бірі - «Ананы қорғау туралы 1952 жылғы конвенцияны қайта қарау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» Заң. Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасы мен Корея Републикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға да қол қойды.
Тақырып: Ішімдік шектелу керек пе?