Мазмұнға өту

Жаңа

#Актаусуд отырысының екі күні. Есеп

Өткен айдың 27-сі күні Ақтау қаласында Жаңаөзенде 2011 жылдың 16-желтоқсанында орын алған тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша айыпталып жатқан сотталушылардың үстінен сот ісі басталғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан естімеген адам аз. Оның есесіне, осы платформада Әсет Нұрпейісов пен Бағлан Айдашовтың жазбалары жарық көріп үлгірді. Қазақстан интернет Ассоциациясының (Атап айтқанда, Бағланның) шақыруымен мен Ақтауға іссапар жасап қайтып, сот ісінің екі күндік жұмысына блогер ретінде араласқан болатынмын. Сот ісін тікелей трансляциялау туиттерде #актаусуд хэштегімен жүзеге асырылды.Атап өтетін болсақ, осы хэштег пайда болған күннің өзінде-ақ алдыңғықатарлы хэштегтердің арасында көріне білді. Осы хэштег бойынша терілген бүкіл туиттердің статистикасын Бағланның соңғы жазбасынан көре аласызда…

-4
8
818

Біз асыр салған ойындар қайда қалды?!

Бірде ғаламтордағы соңғы жаңалықтарды қызықтап, электронды поштама келіп түскен хаттарды оқып отырғам. Үнемі қосулы тұратын Mail.Agent-ім шыр ете түсті. Хабарлама келіпті. Бір сырлас досымнан. «... [email protected]: Қайда жүрсің? Көрінбей кеттің ғой. Рокси: Ауылға барып қайттым. [email protected]: Шіркін-ай, қалай екен ауыл? Рокси: Тып-тыныш. Мүлгіген тыныштық. [email protected]: Бұрын біз шулап жүруші ек. Бәрі қайда кеткен? J Рокси: Білмеймін. Шулап демекші, спорт алаңына бардым. Түгі қалмапты. Біздің кезімізде футбол алаңы қалай жайнап тұрушы еді?! [email protected]: Иә, жайнап тұрды. Түгі қалмайтындай жөні бар. Бұрынғыдай қазір ешкім ойнамайды ғой. ЕШКІМ...» ...Ойланып қалдым. Неге? Расымен де, ауылда жүріп, асық ойнаған, доп куалаған балаларды неге сирек кездестіреміз? Тіпті, көрмейміз де. Жооооқ, олар…

5
2
1953

Семейдегі сынақ тауқыметі

Сонымен Сеул саммиті де аяқталды. Жоғары деңгейдегі басқосу нәтижесінде ядролық қауіпсіздік пен ядролық лаңкестік қатерін төмендетуге бағытталған қорытынды құжат - коммюникеге қол қойылды. Болашақта мұндай жиын Астанада өтуі мүмкін. «Бұған біздің ел әрқашан дайын» деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында. Сонымен қатар, Президент «Үлкен сегіздік» елдерін жаппай қырып-жоятын қа­ру­ға қарсы күш біріктіруге үндеп, өзгелерге де арқаны кеңге салып жүре бермей, антиядролық саясатта тездетіп тізе қосуға шақырды. Түрлі құжаттарды сиырқұймышақтатып, көпке созбай, ратификациялау керектігін айтты. Ядролық қарудан бас тарту - атом энергетикасын тоқтату деген сөз емес. Мысалы, қазір әлемнің 40 мемлекеті атомды бейбіт мақсатта қолдану үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, 15 шақты ел атом элек…

0
0
645

Қалың қалай, қазақ блоггері?

Ақпараттық технологиялаp дәуірінде ноқтаға басы симайтын, бақылауға көнбейтін ғаламтор деген өзінше бір әлем бар. Жаһанды жаулаған сол ғаламторды дұрыстап игерсек игілігі көп-ақ, алайда, әзірге ол қолдан келмей тұр. Ғаламтор арқылы бейәдеп көріністер көпшілікке таралып жатыр, азаматтарымыздың ар-ожданы тапталып жатыр, ғаламтор арқылы шығармашылық иелерінің авторлық құқығы бұзылып жатыр. Тіпті, әлемдегі түрлі ұлтаралық, дінаралық дүрдараздықтарды қоздыру, ереуіл мен бұлғақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы басым. Сондықтан, көптеген мемлекет ғаламторды бақылауға көшті. Бұл өз кезегінде ақпараттық кеңістікке тыңнан қосылған осынау саланың өркениетті дамуына кепіл болмақ. Тек бостандығын шектемесе болды. Бүгінде телевизия мен мерзімді басылымдардың өзін ығыстырмаққа жанталасып…

0
0
483

Этнопедагогика пәні бойынша пайдаланылған әдебиеттер (Құр.М.Құрсабаев)

ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР (Құрастырған п.ғ.к Құрсабаев М.К) Қазақстан Республикасының Конституциясы. А:1995 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы һәм Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. А.2006 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. А.2006 Гумилев Л.Н., - Этносфера: История людей и истроия природы,М.Экопрос,1993, 544с. Бромлей Ю.В.,- Очерки теории этноса,М: Наука, 1983 Орлова Э.А.,- Введение в культурную антропологию,М:МГИК, 1994, 215 с. Кляшторный С.Г.,Султанов Т.И.,- Казахстан: летопись трех тысячелетий,А:Рауан,1992,374 с. Советский Энциклопедический словарь // п/р А.М.Прохорова, М:1982, 1600 с. Педагогическое наследие: Я.О.Коменский, Д.Локк, Ж-Ж.Руссо, И.Г. Песталоцци.,- сост.В.М.Кларин, А.Н.Джу…

“Сенсация” жасағандар

1 сәуір күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, жыл сайын дәл осы күні әлемнің көптеген елдерінде адамдар бір күліп алуға қарсы емес. Күлкі күніне арнап “Екпін” журналы көңілді жастардың басын қосып отырған КВН ойынының «Сенсация» атты жарқын командасынан алған сұхбатын ұсынып отыр. «Сенсация» жақында Сочидегі ойында жоғарғы рейтингке ие болып, сенсация жасады. Біз олардың Астанада өткен Қазақстанның Жоғарғы Лигасына дайындықтарының үстіне түстік. - Алдымен сендерді Сочиде өткен сәтті ойындарыңмен құттықтаймыз. Бірінші сұрақ: команданың аты «Сенсация» екен, неге? Дастан (команда капитаны): - Команданың ең алғашқы атауы – «Парламент» болатын. «Парламент» осындағы Ардақ, Дәулет, Руслан деген жігіттердің басын қосып, жалпы бәрінің де бастауы болды. Бірақ кейіннен бұл атау бізге ұнамады. Сосын б…

6
9
4039

Информатиканы қалай оқыту керек?

Қазір компьютер заманы, әрине, көпшіліктің үйінде бұл техника бар, әсіресе балалар оны өте тез үйренеді. Мектепте үйінде компьютер бар және жоқ баланың айырмашылығы кәдімгідей білінеді. Кішкентайынан компьютерде істеп, ойнап өскен баланың көңіл-күйі, ойлауы мен білім қабылдауы сергек екені бірден көрінеді. Ал басқа бала ауырлау қабылдайды, ойлау-сөйлеуі де баяулау. Компьютермен өскен бала қатты білімдар болып кетпейді, тек білім алуға, яғни оқу-тәрбие процесіне ыңғайланды және оған дайын деген сөз. Оқу-білім алуға ең қажетті алғашқы бейімділіктер - сергек ойлау, ақыл-парасатпен әрекет істеу, ақпарат қабылдау, шыдамдылық пен сабырлылық - компьютер арқылы тез қалыптасады. . Жалпы, бала мектеп қабырғасында 1-2-ден бастап 6-7 сыныптарға дейін-ақ компьютер сыныптарында өз дағдыларын жылдам қал…

0
0
1043

Жүрегіме сұрақ қойдым...

Түн... Жып-жылы төсегімде әрі аунап, бері аунап, ұйықтай алмай жатырмын... Жанымды жегідей жеген ЖАЛҒЫЗДЫҚ маза бермей қойды. Айналамның тыныш болғаны соншалық – тек дамылсыз тыныстағаным мен жүрегімнің дүрсілі ғана естіледі. Шыдай алмай: - Жүрек, сезімің кайда кеткен? Не ыстыққа күйдірмейді, не суыққа тоңдырмайды. Кеудем құр қуыс сияқты. Суып кеттің бе, неге ешкімді сүймейсің? – деп ЖҮРЕККЕ сұрақ қойдым. ЖҮРЕК: - Қойшы, қорқамын. Тағы да бір «жындыны» сүйіп қаласың ба деп қорқамын. Тағы да жылап қаламын ба деп қорқамын. Мен адамдарға сенбейтін болдым. Мүлдем. Маған шынайы көңілін білдірсе де, түбі алдап тұрғандай көрінеді. Кейбір адамдар бар, олар менің пәк, таза екенімді білмей жатып, «қара тассың» деп айыптайды. Одан да сүймегенім артық... Жүректің назы шорт үзілді. Дәл осы кезде бәрін…

5
1
816

Өндірісті өңір жұмыс орындарын ашуда көш бастап тұр

Ілкіде өндірісі өрге баспай іркіліп, жұмыссыздық қамыты қос өкпеден қысқан өңірдің бірі Қарағанды болатын. Сөйткен аймақтың бүгінде айдарынан жел есіп тұр. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының орындалысы бойынша Қарағанды өзгелерден қара үзіп келеді. Өткен жылы бағдарлама аясында екі мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Биыл да сонша адамға кәсіп тауып беру жоспарланып отыр. 165 жаңа кәсіпорын, 14 мыңдай жұмыс орнының ашылуы алдағы үш жылдың еншісінде. Қанағат 26-шы кәсіби лицейді электрик мамандығы бойынша бітірген. Алайда, қалада сұранысқа ие саналатын электр желісінің маманы, ауылдан жұмыс таппай қиналған соң, аудандық Жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Үміті ақталды. Көкпекті ауылындағы 16 -шы лицейге жолдама алып, үш ай трактор жүргізуші мамандығын оқыды. Мемлекеттің шәкіртақысым…

0
0
344