Поэтикалық қысқа метрді фильмдер. №5
Сәлеметсіздерме. Бүгін бұл циклдің арнайы шығарылымы. Сізге көрсеткім кеп тұрғаны жай қысқа метрді фильм емес, мультипликациалы фильм. Оған қоса қазақстандық. Сонымен, мультфильм "Тігінші мен ай". Түсірген Қалдыбай Сейданов. Қалдыбай Сейданов мультипликация өнерінде ерекше орын мен мәртебеге ие аниматорлардың қатарында. Онымен телеарналардан жиі көрсетіліп тұратын “Мүшел” немесе “Түйе сеніп бойына...” деген мультфильм арқылы таныспыз. Халық ертегісінің желісімен түсірілген бұл ертегінің де режиссері Қалдыбай Сейданов. Ол сондай-ақ “Қара қасқыр туралы аңыз”, “Мұра”, “Керемет” деп аталатын мультфильмдердің де авторы. Ерекше көзге түсетін “Тігінші мен ай” туындысы 1993 жылы түсірілген екен. Көптеген балалар мен ересектердің сүйікті туындысына айналған бұл ертегі таңғажайып қызықтар мен қиял-…