Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Меңдеш ағаның өтініші

«Дәден ата» қорының жетекшісі Исхожин Меңдеш Ғиниятұлы:

«Әділдік қайда?»

БҚО, Сырым ауданы, Шолақ Аңқаты ауылы әкімшілігі тұсындағы Алматы-Самара тас жолы бойында дүниеден өткен әулие Жұмағазы Хазірет «Дәден атаның» киелі мәйіті барын көпшілік қауымның білетіні анық. Бұл мәйіттің басына адамдар келіп әулиеге зиярат етіп жүретіні белгілі.

Жақында «Жұмадағы Жүздесу» газетінің редакциясына «Дәден ата» қорыны жетекшісі Исхожин Меңдеш Ғиниятұлы келіп, қазіргі уақытта болып жатқан келеңсіздіктерді қынжыла айтып берді.

Алдымен осы қорым жөнінде айтар болсақ, Тоғанас ауылының бір топ адамдары осы киелі жерге келгендерге түнеу үшін, әруақтарға ас беру үшін үй салуды ұйғарды. Осы мақсатта 1995 жылдың ақпан айында аудан әкімшілігі рұқсатымен «Дәден ата» қайырымдылық қоры ашылады. Қордың негізгі жұмысы қоғамдық бастамада жүреді, сондықтан оның басшылары еңбекақы алмайды, сонымен қатар қор пайда табу жұмыстарын да жүргізбейді. Алғашында бұл істің басында Исхожин Меңдеш Ғиниятұлымен бірге Тоғанас ауылының молдасы, қазірде Зачаган ауылының молдасы Қарағойшиев Қадырғали сынды азаматтар болған.

Бұл қор ауылдағы аз қамтылған отбасыларға, қайтыс болған адамдарды жерлеу рәсіміне, балабақша мен мектептерге, діни мейрамдарды өткізуге, қаладағы қарттар үйім мен балалар үйіне, т.б. ауыл ауыл ішіндегі көптеген шараларды өткізуге ақшалай, заттай, киім-кешек, тамақтай көмек беріп отырған. Бұл қордың жұмыс істеген күнінен бергі құжаттары мен анықтамаларын Исхожин Меңдеш ағамыз жинап келген.

Қазіргі кездегі осы қор төңірегіндегі келеңсіз жайды айтуға келген екен Исхожин Меңдеш ағамыз. Бұның ішінде Сырым ауданы бас имамы Каримов Армат, Сырым ауданының ішкі саясат департаментінің қызметкері Нұрпейісов Салават, «Дәден атаның» туысы болып келетін Жанбозов Ғарифолла мырзалардың «Дәден ата» қорының пайдасын өздері көріп отыранын, жұртқа көмегі тимейтінін айтқысы келген Исхожин Меңдеш ағамыздың.

Шынында да, әділдік қайда? Оны білмейміз. Біздің мақсатымыз, араздастыру емес достастыру, жауластыру емес татуластыру. Ақылға салып ойланайық, АҒАЛАР.

1
0
1812

Осы тақырып бойынша

Меңдеш ағаның өтініші - Yvision.kz