Мазмұнға өту

Жаңа

Тегеранға саяхат..

Сірә осы жазбаға да қолым жеткен сияқты.. Қаңтар айының басында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға сапар шектім.. Бұл менің Тегеранға ұшудың 4ші әрекеті еді.. Ирандық Махан Эйр 3 апта бойы Алматыға қона алмай кетті((( Үрімші арқылы Чайна Саутэрн Эйрлайнзбен ұшуға тура келді.. Виза құны Иран елшілігінің Алматыдағы өкілдігінде 10 000 теңге(негізі елшілік Астанада), қарастыру уақыты бір апта. Визасы өте әдемі.. Тегеран Имам Хомейни әуежайына келіп қондық.. Ұшақтағы жапон, қытай, кәрістің қыздары бастарына бірдемені байлап жатыр, үңіліп қарасам кәдімгі шарфты орау үстінде.. Ұшақтан шықтым.. Әуежайы Стамбул, Шанхайдікінен кем емес.. Швейцариялық сағаттардың, Мерседес пен BMW, Люфтганза мен КЛМнің жарнамалары көзді ауыртады.. Әуежайдан шыға берісте еркектер бір жаққа, әйелдер бір жақ…

Рейд. Көрерменді нокаутқа жіберетін кино

Осы жылдары «Аватар» мен Роберт Паттинсон қандай танымал болса, қайбір кездері Джеки Чан, Боло Янг, файтинг-кино сондай сұранысқа ие болған-ды. Бертінде Тони Джаа арқылы көптің көңілін өзіне құлатқан оңтүстік-шығыс стиліндегі төбелес жер-жерді жаулады. Бірақ, 3D формат шығып, елдің есін фэнтези фильмдер алған кезде, сарт-сұрт шайқас пен көз ілестірмейтін қол-аяқ қақтығысы кейінге ысырылғандай болған. Алайда, уэльстік режиссер Гарет Эванс пен индонезиялық актер Ико Ювайстың бір ойлағаны бар екен. Бюджеті бір миллион доллардың ар жақ-бер жағындағы (салыстырыңыз: «Көшпенділер» – 40 миллион) «Рейд» файтинг-стильдің қайта өрлеу дәуірін басынан кешіріп жатқанын көрсетіп отыр деп ойлаймын. Драмалық сипат пен аз ғана көлемдегі күлкілі көріністерді керемет қойылған төбелеспен өріп беретін фильм ай…

3
3
851

8809-что за оператор? Оператор для лохов и лохинь! Өтірік-обман! Услуги по таможенному союзу. Агенты mail.ru-Масимову

15 января 2012 г. № xxx. Премьер-Министру РК
Уважаемый Карим Кажимканович! Вас беспокоит парень, девушка у которого(ой) при виде красивой фотографии отключаются мозги. Хотя в Google написано что номер 8809 - лохотрон. У меня проихошел следующий слуачй: с помощью социальных сетей я был пойман афиристом, девушка представившаяся "Зейнулиной Алиной", парень представившийся Никитой попросил/попросила позвонить по данному ей номеру (88090800706), на следующий день мне позвонили сотрудники Казактелекома, сообщив о задолженности на сумму 99104000 тенге. На данный момент у меня не имеется такая сумма. Очень надеюсь на Вашу помощь. Как мне быть в данной ситуации? Заранее Блогадарю!_

PR этикасы және кәсіби стандарты.

Қоғаммен байланыс саласы– барлықсалалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидаларымен кәсіби біліктілік деңгейі бар.Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығынәдеп немесе этика деген жалпылама атаумен атаймыз.Этика кәсіби моральдыңқұрылымын зерттейтін ғылым , моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажеттіқасиет.қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарынберік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы,оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Қойылатынморальдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет.Меніңойымша PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшінкөзбояушылыққа,екіжүзділікке,сатқындыққа жол бермеуі тиіс.Қоғаммен байланысорнату барысында тілі майда,сөзі жұмсақ,жүзі жайдары болуы керек.Сонымен…

0
0
9563

«Мараканадан» «Аренаға» дейін

немесе «бесінші мемлекетте» білім алып жатқан жас футболшының жазбалары Мұхтар Әуезов!... Осы бір ұлы есімді қадірлеп, қастерлемейтін қазақ жоқ. Халқымыздың рухани биік шыңына айналып, оның данышпан перзенті – Абайды әлемге танытқан кемеңгер тұлғаның әдеби мұралары әр шаңырақта, әр отбасында тұмардай сақталып келеді. Дүниеге келген ұрпағына телегей-теңіз ұлылықтың тамшыдай болса да шарапаты тисе деп ырым етіп ұлы адамның есімін бергендер қаншама!?.. Сондай ұландардың бірі – жас футболшы Мұхтар Қалымбетов. Ол 1913-14 жылдары Семейде тұңғыш құрылған «Ярыш» командасының ойыншысы болған Мұхтар Әуезов атасының жолын қуып, аяқдоп ойынының қыры мен сырын меңгеру үшін өзі сияқты бір топ қарадомалақпен бірге Бразилияда футбол әліппесін үйреніп жүр. – Менің атам бір жиында Мұхтар Әуезовпен табақтас…

0
0
677

Парақордың жан дүниесіне көзқарас

2008 жылы "Сарыағаш" газетінде басылды Парақор – қазіргі біздің мемлекетте ең «атақты» да «жұмбақ» тұлға болып тұр. Мұны Елбасыдан бастап, бүкіл ел толық мойындады. Онымен ымырасыз күрес жарияланды. Күтпеген тұстан күтпеген тұлғалар пара алу кезінде ҰҚК қызметкерлерінің құрығына түсуде. Жазалануда. Бірақ...одан көңілде қуаныш жоқ. Өйткені ұсталған парақор ең соңғысы емес, ең соңғы болуы мүмкін де емес екенін бәріміздің ішіміз сезеді. Оған қоса, парақор бөтен емес, өз ішімізден өсіп -жетіліп, қалыптасып, орнығуда, парасын алуда. Оған әбден үйреніп, «етіміз өліп» қалғаны соншалықты, оған параны алдымен өзіміз қыстыруға бейім тұрамыз, «маған жақсылық істеді» деп рақымет айтамыз, арам қолын қос қолдап қысамыз. Әрі-беріден кейін одан...қорқамыз. Өйткені парақор қызметкердің қаншалықты арамза,…

0
1
1153

Парақорлар елінің тағдыры (Психологиялық болжам)

10.2009 "Сарыағаш" газетінде басылған Ақыл тезіне салып, парасаттың пышағымен туралап, бір қоғамдық мәселені талдап көрейікші. Мәселе мынадай делік – Бір жаңадан қалыптасқан Ел бар екен. Сол елдің қызметкер шенеуініктеріне кенеттен пара алу деген індет жабысыпты. Ол біртіндеп халқына жұғып, жайыла бастапты. Осы халықтың болашақ тағдыры қандай болуы және қанша уақыт жасауы мүмкін? Бір шама-шарқымызша ақылға салып, болжап байқайықшы. Бұл дүниеде адам түсіне алмайтын құбылыс жоқ сияқты еді ғой. Пара дегеніңіз Эйнштейннің теориясынан немесе Аристотельдің философиясынан да шытырман болыпты ма?.. (Пенденің «бәрін білсем, түсінсем» деген астамшылығын кешіріңіз, ниеті ақ қой – түсіну дегеннің өзі жақсылық емес пе). Ең алдымен, «Пара деген не? Ол неге зиян?» - деген сұрақтарға жауап беріп көрелікш…

1
5
1206

ҰБТ тәрбиесі

2.10.2009 аудандық «Сарыағаш» газетіне берілді. «Тест» деген сөздің өзі ағылшынның test – сынақ, тексеру деген сөзінен шыққан. Білім саласында алғаш рет тест топтамаларын француз психологы А.Бине 1904 жылы ойлау қабілеті төмен балаларды іріктеу үшін қолданған. Осы әдістемеге негізделіп АҚШ-тың Стенфорд университетінде адамның ойлау қабілетінің деңгейін анықтауға арналған IQ (айкью) арнайы тесті жасалған. Ол осы кезге дейін дүниежүзінде жан-жақты пайдаланылады. Одан бері тесттің қаншама түрлері жасалып, ғылыми негізделіп, қолданысқа енгізілген. Тест – жеке адамдардың не топтардың не қабілеттерін, не білімін, не икем-бейімін, яғни сапалық та, сандық та ерекшеліктерін анықтауға арналған, уақытпен шектелген қысқа сынақ түрі. Тесттің түрлері де көп, соған сай мақсаттары да әр түрлі. Біз соның…

0
2
1274

Шымкент қаласының әлеуметтік желісі ашылды !!!

Міне бүгін Шырайлы Шымкент қаласының әлеуметтік желесі ашылды.Достарыңызды шақырыңыздар!!! Мұнда өте керемет және көңілді болады.Және де біздің сайт Шымкент қаласының барлық белсенді жастарын және Қазақстанның басқа қалаларындағы қонақтарды сайтымызға шықырады

http://shymcity.info/

0
0
285