Шетелде білім алу: Central Saint Martins College of Art and Design/CSM
Малика Раева бейнеклиптегі танымал әншінің көйлегі қай дизайнердікі, нешінші жылғы коллекциясынан екендігін айнытпай тани алады. Күніне мыңдаған адам кіретін блогын жаңалап отырып, фэшн өмірдің теория мен практикасын қиналмастан ұштастырып келеді. — Малика, қазір қай жерде, қандай мамандық бойынша оқып жатырсың? — Мен Лондондағы Қасиетті Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжінде* (CSM) фэшн коммуникация факультетінде оқимын. — Бұл университетті және бұл мамандықты таңдауыңа не себеп болды? — Бұл университетке түсу менің бұрыннан бері келе жатқан арманым болатын. Ең сүйікті дизайнерлерім дәл осы университеттің түлектері (колледждің атақты түлектері қатарына Стелла Маккартни, Александр Маккуин, Джон Гальяно, Гарет Пью, Пол Смит, т.б. дизайнерлер жатады — А.К.). — Бұған дейін Қаза…