Жастар Үкіметке кеңестік жазуды алып тастау жөнінде талап қойды
“Рух пен тіл” қоғамдық-саяси ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Білім және ғылым министрлігіне, Ақпарат және Мәдениет министрлігіне, Ұлттық ғылым академиясына Алматы қаласындағы ономастикалық жағдайға байланысты шағым хат жазды. Анығырақ айтқанда, жастар клубы еліміздің ғылым ордасы болып табылатын Ұлттық ғылым академиясының ғимаратының төбесінде әлі күнге дейінгі тұрған «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген кеңес заманынан қалған жазуды және мекемеге тиесілі ғимараттардың қабырғаларында бейнеленген кеңестік елтаңба мен кеңестік нышандарды мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетіндіктен тез арада алып тастауды талап етті. Төменде жазылған хат мәтінін жариялап отырмыз. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Серік Нығметұлы Ахметовке Қ…