Мазмұнға өту

Жаңа

Yoga by Sandi, немесе салауатты өмір салты

Бүгінгі кейіпкеріміз Санди деген ерекше есімді қыз. Оның тек аты ғана емес, өзі де, өмірі де ерекше. Заңгер мамандығын алып жүрумен қатар, ол «ТеДос» студиясында йогадан сабақ береді. «Yogabysandi» атты жеке блогын жүргізеді. Санди бізге йога атты тылсым дүние есігін ашып, денсаулық пен сұлулықтың, ішкі жан-дүние тыныштығының құпияларымен бөлісті. - Сәлем, Санди! Алдымен, қай жерде туылғаның, қандай мектепке барғаныңды айтсаң... - Сәлем! Мен Ақтөбеде туылғанмын. Жақындарымның айтуынша, кішкентай кезімде өте көңілді, жайдары бала болыппын. Балалық шағым да жайдары өтті. Ол кездері бүкіл көршілер тату-тәтті тұратын, қарапайым, мейірімді кеңестік аулаларда асыр салып ойнап өстім. №19 орта мектепте барлық сынып болып достасып оқыдық. Асыл сыныптастарымның бәрі де әлі есімде, қазір де бүкіл ре…

6
8
2663

Шетелде білім алу: University of Warwick

Бүгінгі кезекті айдарымыздың кейіпкері Олжас Тұяқбаев. Олжас Ұлыбританиядағы атақты University of Warwick-те Department of Computer Science-та білім алуда. Шетелдегі оқуы жайында нақтырақ сұхбаттан біле аласыздар. - Өзің туралы айтып өтсең... Университетке қай жылы, қалай түстің? - Барлық балалық шағым киелі Түркістан қаласында өтті. Сонда туылдым, сондағы Ататүрік мектеп-гимназиясында оқыдым. 2008 жылы мектепті бітіріп, өзімнің армандап жүрген алтын белгімді де ақтап шықтым. Алтын белгіні алуымның өзі үлкен оқиға болды. Өйткені ҰБТ-дан кейін оны алу үшін маған бір балл жетпей қалды. Сол уақытта бір балл деген өте үлкен рөл ойнатындығына көзім жетті. Оны қайта апелляциялық комиссияға беріп жүріп, әйтеуір Астанадан оны қосуға рұқсат берді. Сөйтіп мен Алтын белгі иегері атандым. Одан кейін…

8
6
3635

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайы Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы,44. Жамбыл көшесінің қиылысы. Мұражайдың жұмыс кестесі: Дүйсенбі – Жұма: 09.00 - 18.00 Сенбі - Жексенбі: демалыс. Үзіліс уақыты: 13.00 - 14.00 сағ. тел: 293-98-83. факс: 291-23-16Билет құны: оқушыларға - 70 тг студенттерге - 100 тг ересектерге - 200 тг Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегінЭкскурсия: 400 тг Экскурсия 4 тілде жүреді: қазақша, орысша, ағылшынша және корей тілдерінде. Мұражай 2002 жылы құрылып, 2007 жылдан бастап осы мекемеде өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі заман тарихы бөлімі, тарихи-мәдени мұра және Алматы қала құрылысы тарихы бөлімі, есеп бөлімі, ежелгі және орта ғасыр кезеңі және Верный қаласы бөлімі, қор сақтау бөлімі, мәдени құндылықтар әкелу–әкету бөлімі деп аталатын 6 бө…

7
1
3690

««Көкшетау» студенттер Альянсы» «Қарттар айы» қайырымдылық акциясы өткізілді.

««Көкшетау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорымен Жастар саясатын жүргізу басқармасының ұйымдастыруымен «Қарттар айы» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл акцияның мақсаты қаламыздың қарт адамдарына көмек колын созу, студенттермен қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, әлеуметтік көмек көрсету болды. Қарттарының даналығын қашан да алға ұстап, осыдан үлгі-өнеге алып, кейінгі жастарға да сол ұлағатты табыстаған ұрпақтыңөкілі екендігімізді ұмыттырмау. Негізгі мақсат болып қарт адамдарға мемлекет тарапынан тек қаржылай көмек қана емес, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, олардың өміріне нұр енгізу. Осы акция шеңберінде қарт адамдардың үйлеріне арнайы ұйымдастырылған студенттер тобы жіберілді. Студенттер оларға арнайы көмек көрсетіп, түскі ас ұйы…

1
0
1591