Мазмұнға өту

Жаңа

Сен гүлсің!!!

Ұйқас құрайтыным бар кейде. Мына өлеңді ойда жоқта жаздым. "Ойланып айтылған сөз әдемі, Оқыстан айтылған сөз шынайы" демей ме Чернышевский. Оқыста шыққан өлең, шынайылығы қаншалықты білмеймін. Сен гүлсің... Рас айтам, шындығым! Гүл ашып көктемде, Күз келсе сынды мың. Сен гүлсің... Иісің аңқыған даладан, Дәл мұндай жұпарды, Иіскегем бейкүнә баладан! Сен гүлсің... Шындығым риясыз! Гүлдерді тастауға, Қалайша қиясыз? Гүл деген даланың суреті, Көктемде салынған сиясыз... Сен гүлсің... Еккенде еленбей, Өскенде нұр шашқан. Осылай мәңгілік, Гүл болып тұрсаң сен, Кетпеймін бұл шақтан. Сен гүлсің, Гүлім менің! Күз келіп, қыс бітсе, Көктемге жеткізер жырым менің! (Имандай шыным менің!) Сен гүлсің... Өсімдік емессің, Күз келсе, қар жауса, Жай ғана елессің. Сен гүлсің... Шыным менің! Алдасам егер де,…

0
0
8396

Үкіметті көлік кептелісі толғандырады

09.11.12.Алатау бөктеріндегі алып мегаполисімізді көлік кептелісінен құтқару мәселесі Министрлер Кабинетін толғандыруын қояр емес! Талай жыл бойы бірнеше Үкімет Алматы метросының құрылысын бітіруге жан салып, тіпті жаһандық дағдарыс кезінде қаражат жетіспегенде де қысқартпай, қайта ел қазынасынан миллиардтап қаржы құйды. Ақыры ол «ғасыр құрылысы» К.Мәсімов басқарған Үкімет тұсында аяқталып, қазір тұңғыш метро әсем шаһардың тұрғындары мен қонақтарының қолданысына берілген. Ал енді кеше жаңа Үкіметтің басшысы С.Ахметов алматылық көліктік тағы бір жобаның «Үкіметтік деңгейге көтерілгендігін» жариялады. Премьер өз Үкіметінің мүшелерін ер­тіп, кеше Сенатқа арнайы келген болатын. Өйткені Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның осы күнгі жалпы отырысында сенаторлар алдына өте маңызд…

0
0
597

Бейнелеуге бейімі бар балалар басқа салаға неге кетеді?

09.11.12.Еліміздегі сурет өнері әлемдік деңгейдегі кәсіби емес, жай ғана әуесқойлық бағытта дамуы мүмкін. Қоғамның және меморгандар тарапынан жанашырлық көзқарас пен қолдаудың жоқтығынан қылқаламмен күнкөру дегеннің өзі қиямет-қайымға айналып бара жатыр. Бұған соңғы жылдары кәсіби суретшілер дайындайтын жоғары оқу орнына түсетін жастардың арасында ер балалардың жылдан-жылға азая түскендігі дәлел. Отбасының асыраушысы саналатын азаматтар бойында табиғи таланты болса да қылқаламның құпиясын үйрететін оқу орындарынан сырттап жүреді. Өйткені бүгінгі қоғамда мұндай кәсіппен отбасын асырай алмайтындықтан дарынын далада қалдырып, өзге салаға кетуге мәжбүр. Мұндай өзекті мәселені «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанынан құрылған «Мирас» мәдениет пен өнерді дамыту бойынша қоғамдық кең…

0
0
655

Қатерлі ісіктен қауіп көп

09.11.12.Сүт безінің рагы - онкологиялық сырқаттардың ішінде көп таралған түрі. Елімізде сүт безі рагының алдын алу мақсатында 5 жыл бұрын маммографиялық скрининг бағдарламасы енгізілген. Скринингтік тексеру еуропалық стандарттар бойынша жүргізілмек. Осыған байланысты Италияның жергілікті мамандарымен онкология және радиология саласының мамандары алдын алу скринингтік зерттеу біліктілігін арттыру үшін шеберлік дәрістерін өткізуде. Соңғы он жылда, елімізде онко­логия­лық сырқаттар ішінде сүт безі рагы бірінші орынға шықты. Жүз мың адамның 20-дан астамынан осы сырқат белгісі табылған. Жалпы, скрининг дегеніміз - адам бойындағы сырқаттың бар-жоғын ертерек анықтау мақсатында алдын ала тексеру. Президентіміздің тапсырмасына орай қа­былданған «Қазақстан Республикасында 2011-2016 жылдарға арналғ…

0
0
835

Ұлттық құрама оңбай ұтылды

09.11.12.Ресейдің ашық біріншілігі саналатын Құрлықтық хоккей лигасында аздаған үзіліс орын алды. Осыған орай, Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубы арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл бәсекеде елордалық ұжым 5:0 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен «Барыстың» сапында ұлттық құраманың беткеұстар ойыншылары бар екенін ұмытпайық. Осы ретте «Барыс» командасы мен Қазақстан құрамасы жайлы әңгіме тиегін ағытып, алдағы уақыт еншісіндегі жоспарлар мен мүмкіндіктерімізді саралап көрсек. Жаңа басшылықтан жаңалық күтемізҚХЛ-дағы додаға биыл да қатысып жатқан хоккейден ұлттық құрамамыз­дың базалық клубы болып табылатын «Ба­рыс» жаңа маусым шымылдығы түсіріл­ген сәтте қарсыластарына жиі ұпай та­ратып, жанкүйерлерін біраз әбігерге салды. Сәл кейінірек елордалық ұжым бабын тауып, олқылықтың орнын тол­тыра б…

0
0
868

Сара сөздің сардары

09.11.12.Көркем әдебиеттің бүкіл адамзат баласы мойындаған ұлы миссиясы бар. Ол - адам баласының адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, өмір сенгіштік қасиеттер мен мінсіз мінездерге тәрбиелеу. Алаш арыстарының бірі са­нала­тын, ұлы жазушылар биігіне көте­рілген классик-жазушымыз Со­циа­листік Еңбек Ері Ғабит Мах­мұтұлы Мүсіреповтің шы­ғар­малары сондай аласармас биіктерге кө­терілген. Ғабең бұл биікке алғаш жарық көрген «Ту­лаған толқында» хикаятымен және «Қос шалқар», «Алғашқы адымдар», «Шұғыла», «Талпақ танау», тағы басқа әңгі­мелеріндегі тосын да қуатты сөз өрнегімен көтеріліп, оқырманды да, әдебиетшілерді де елең еткізген-ді. Ғабең сол шыққан биіктерінен төмендеп, аласарып көрген емес, керісінше Ғабең ұрпаққа «Әдебиет ұлы болмай, халық ұлы болмайды» деген ұлы өсиет сөзін қалдырды…

0
0
838

Гүл мекені «Гүлстан»

«Гүл өсіру біздің ата салтымызда бұрыннан бар дүние емес. Біздің тұрмысымызға бұл сала кейін келді. Ата-бабаларымыз көшпенді тіршілік кешіп, көгалдандыруға мән бермегендіктен, қазірде аталмыш сала кенже қалып отыр», — деп назын білдірген біздің кейіпкер, «Гүлстан» журналының журналисі Нәзира Бұрхан бүгін осы жайында толық айтып бермек. Гүл өсіру Нидерландия, Германияда, Жапония сынды т.б елдерде жақсы дамыған. Аталған елдер қазірде гүлдің арқасында қыруар қаржыға кенеліп отыр деуге болады. Алайда, осы гүл саласы бойынша бізде ұлттық кадр жоқ. Біздікілердің көбі банкир, экономист, заңгер болғысы келеді. Ол жақсы ғой, дегенмен, нағыз қаржылы салада ұлтымыздың азаматтары мен азаматшалары жоқ екендігі бізді қынжылтады... Редакциямызға оқырмандардан түрлі тақырыптағы хаттар келіп түседі. Ел тә…

6
8
6986

World Press Photo жеңімпазы Самуэль Арандамен сұхбат

Биыл 55-рет өткізіліп жатқан World Press Photo байқауының қорытындысы бойынша Халықаралық әділ-қазылар испандық Самуэль Аранданың фотосуретін «2011 жылдың ең үздік Фотосуреті» деп таныды. Суретте 2011 жылдың 15 қазанында Йеменнің Сана қаласындағы Президент Әли Абдулла Салехтың билік жүйесіне қарсы деманстрация кезінде жараланған ұлын құшағына алған әйел бейнеленген. Самуэль Аранда Йеменге The New York Times газетінің тапсырмасымен Corbis Images агенттігінің атынан барған. Самуэль Аранда Испанияның Барселона қаласында дүниеге келген. Небары 19 жасынан бастап El Pais және El Periodico de Catalunya газетінде фотожурналист болып жұмыс істей бастайды. Кейін испандық efe агенттігінде израль-палестин қақтығысы туралы хабардар етіп отырған тілші болған. 2004 жылы France-Presse агенттігінде Ливан,…

6
4
606

Әділбек Ниязымбетов: «Бапкерім — менің екінші әкем»

Кеше ғана дүбірлеп өтіп кеткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан 116 спортшы қатысып, отанымыздың абыройын асқақтатты. Жаңбырлы Лондонда өткен Олипиада ойынының орны біз үшін бөлек болды. Себебі қазақ тарихында болмаған жеңіске қол жеткізіп, елімізді таныта түстік. Өзгелерге қай жағынан болса да мықты екендігімізді дәлелдеп, көк туды желбіреткенше, әнұран шырқалғанша асықтық. Бағы мен бабы шапқан спортшыларымыздың тілеуін тілеген Қазақстан халқының да жанкүйер ретінде толағайларымызға берген рухани күші мол болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдені қоржынға салып қомпайттық. Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылатын жемісті де жеңісті сәт. Лондон Олимпиадасының алғашқы күнінде-ақ алғашқы алтынды қалтаға салған Александр Винокуров, серпе көтеруден әлем рекордын жаңа…

Шахматист Гүлмира Бекзатқызы: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

Гүлмира Бекзатқызы 1988 жылы 13-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туылған. Кішкентайынан шахматқа құмар Гүлмира қазірде Әйелдер арасында халықаралық мастер, ҚР құрама командасының мүшесі, Азия, т.б. көптеген бүкіләлемдік олимпиадаларының жеңімпазы. Негізгі мамандығы – халықаралық қатынастар болғандықтан, магистрлік тәжірибесін Испанияда өтті. Ол жақтан да Гүлмираға жергілікті шахмат клубының атынан ойнауға, жастарға сабақ беруге ұсыныс жасалынды. - Сәлем, Гүлмира! Шахматпен айналысып жүргеніңе қанша жыл болды? Және де оны бастауыңа не себеп болды? - Сәлем, Айжан! Төрт жасқа толған шағымда әкем маған шахмат ойнауды үйреткен. Мен өте байсалды, салмақты болғандықтан, кішкентай болсам да, бір жайымда ұзақ уақыт отырады екенмін. Ал қала деңгейіндегі жарыстарға 12 жасымнан…

10
5
3004