21.12.2012 және сүннеттік ертегілер.
Бұрынғы заманнан бері адамзатты мазалап келген сұрақтардың бірі - өлім мен ақыр заман туралы. Ертеде адамдар түрлі табиғи құбылыстарды көрген, және ондай құбылыстардан қорыққан. Содан күнге, отқа, көкке табына бастаған, соларды құдайдай көрген. Ғасырдан - ғасырға өздерінің құдайларына қатысты неше түрлі мифтерді (аңыз, ертегі, хикая) ойдан құрастырған. Мұндай мифтер ұрпақтан - ұрпаққа осы уақытқа дейін жеткен, тіпті кейбір халықтардың ауыз әдебиетінде де көп кездеседі. Сондай үлкен мифтердің бірі апокалипсистік мифтер!!! Иә, мен Жалғыз Құдайды мойындаймын, әлемді жаратқан Құдіретті Жаратушының бар екеніне және Ол ақыр заманды жасайтынына да сенімдімін. Бірақ, қазіргі дәстүрлі сүннеттік, христиандық, иудейлік апокалипсистердің мифтік кейіпкерлеріне күлкім келеді. Неге? Себебі сүннет ұстану…
