Мазмұнға өту
Akma-q

Ақмарал Есімханова

@Akma-q

Сайтта 2010 ж. 3 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

10

пікірлер

59

тіркелуші

22

жазылымдар

69

Музыка «шежірешісі»

Hаум Григорьевич Шафер есімді жайсаң мінезді жанды өңірде білмейтіндер кемде-кем. Жұртшылыққа Нами Гитин есімімен таныс ол - әлемдегі ең ірі күйтабақ музейінің негізін қалаушы, музыкатанушы, әдебиеттанушы. Наум Григорьевичтің бала кезінен жинақтап, көзінің қарашығындай сақтаған күйтабақтары бүгінде тұтас мұражайға айналған. Павлодардағы Н.Шафердің мұражай-үйіне бас сұқсаңыз, әлемдегі бес құрлық халықтарының музыка қорын көрер едіңіз. Мұнда 27 мың патефон пластинкасы, магнитофон жазбаларының 1500 данасы және 1500 аудиокассета сақталған. Алғашқы күйтабақтар – Наум Григорьевич, мамандығыңыз филолог екенін білеміз. Ал кәсібіңіз һәм нәсібіңіз – музыка екен... – Өмірімді музыкамен байланыстыру бақытын маңдайыма тағдырдың өзі жазды. Дегенмен, мен үшін музыка мен әдебиет – егіз ұғым. Бүйірім музы…

3
0
1125

Көз тимесін!

Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшілері осыдан бір жыл бұрын қалың жұртшылықтан «Дүниеге үшем келді!» деп сүйінші сұрап, қазаққа ортақ қуанышпен бөліскен еді. Бұл - облыстық перзентханада соңғы сегіз жылда қуанышты оқиға еді. Батырхан және Ольга Нұрғазиндердің отбасында шекесі торсықтай үш ұл бала дүниеге келді. Ольга Нұрғазинаны батыр ана деп атауға әбден құқылымыз. Себебі, үшемді дүниеге аман-есен әкелу нағыз ерлікке пара-пар дүние емес пе? «Алғашқы рет ауруханаға қабылдауға келіп, дәрігердің «Сізде үшем болады» деген сөзін естігенде, әрине, біраз қобалжыдым. Құдайдың жазғаны ғой. Қуанышымда шек болмады», - деп алғашқы әсерімен бөлісті анасы. Бір ана құрсағынан туған үш ұлға Аңсар, Әнуар және Арлан деген есімдер берілген. Ольга мен Батырханның шаңырағында үшемнің үш жаса…

4
3
2778

"Ойна" жеңіл әзілдермен "Ойнамайды"

Павлодар өңірінде танымал бола бастаған «Ойна» ән мен әзіл отауы талғампаз көрерменмен қайта қауышпақ. Үстіміздегі жылғы желтоқсан айының тоғызыншы жұлдызында облыс орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайында өнер ұжымы кезекті әзіл өрнегін ұсынады. Бір әттеген-айы, аталмыш ұжым бастапқыда жергілікті мәдениет басқармасынан ешқандай қолдау көрмепті. Бұл туралы http://alashainasy.kz/culture/20830/ жазылған. Оқуға және http://www.youtube.com/watch?v=EFOQGmt9yF0 болады! Жуырда өнер иелері – Алмаз Хасенов және Алтынбек Мұқышевпен тілдесудің сәті түсті. - «Тәуелсіз концерт» атты кеште павлодарлықтарды қандай сый күтіп тұр? Нендей жаңашылдықтар бар? - Біз әу бастан авторлық әзілдерге ден қойғанбыз. Белгілі бір әзіл-сықақ театрларының туындыларын «көшірмейміз». «Бауыржан-шоуда», «Шаншарда» қо…

0
0
838

Джазбен әрленген кеш

Бүгін Павлодар облысық "Шаңырақ" халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында жергілікті джаз оркестірінің концерті өтті. ҚР Ата заңының 15 жылдағана арналған өнер кешінде В.Шейкин жетекшілік ететін джаз оркестрі жұртшылыққа өнерлерін паш етті.

0
0
480