Мазмұнға өту

Жаңа

Үш масақ

КСРО Орталық атқару комитеті (ОАК) мен Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық(социалистік) меншікті нығайту жөніндегі» бірлескен қаулысын ел ішінде әдетте «үш масақ заңы» атап кеткен. (Постановление ЦИК и СНК СССР «Об охране имущества государственных предприятий, колхозов и кооперации и укреплении общественной (социалистической) собственности» //07.08.1932г). Жаңа заң бойынша мемлекеттік мүлікті ұрлағандарға аса ауыр жаза қолдану қарастырылды. Оның қабылдануына И.Сталиннің өзі тікелей ықпал еткен. Колхоздастырудың алдында бай-кулакты тәркілеу науқаны жүргізілгені естеріңізде. Жаңа заң, оның алдында ғана мал-мүлкінен, жеке шаруашылығынан айырылған шаруалар (сталиндік лагерьлерге қамалғандарынан аман қа…

0
0
1852

«АҚСАҚ ҚҰЛАН» АҢЫЗЫНДАҒЫ АҚИҚАТ немесе «Алтын Орда» ұлысы қалай «моңғол» атанған?

Әлем тарихында ең ұзақ – 250 жыл жасаған Шыңғысхан құрған Алтын Орда империясы жер жағдайына қарай 4 ұлысқа бөлініп, ол ұлыстарды қағанның төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле бөліп басқарған. Осы ұлыстардың үшеуі бүгінгі Қазақстанның аумағында орналасты: Жошы ұлысына қазақ жерінің солтүстік бөлігі тұтас және Ертіс өзенінің үстіртінен бастап Алакөл өзеніне дейінгі аймақ, одан әрі батысқа қарай Іле мен Сырдария өңірі енді. Шағатай ұлысы бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан бөлек елдің оңтүстік өңірлерін түгел – Шығыс Түркістан, Қаялық (Жетісу) және Мавераннахрды иеленді. Үгедей ұлысының иелігінде Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағы, яғни Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жерлері болды. Төле – қарашаңырақтың иесі ретінде Орталық Моңғолияға орнықты. Ұлы Далада «Алтын Орда» империясы…

0
0
2347

Сәкеннiң соңғы өлеңi

Биылғы қараша айының 20-да Алматыда "Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян деректерiн нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы" деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да "Жас Алашта" молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып, зерделеп шықтым. Ендi өзiмнiң кейбiр ойларымды ортаға салуды ұйғардым. Менiң анам Бибiайша Аймағамбетова – Сәкен Сейфуллиннiң жақын апайы. Ұмытпасам, 1959 жылдың күзi. Бiздiң үйге Жаңаарқадан менiң үлкен нағашыларымның бiрi Әбдiғаппардың жұбайы, нағашы жеңгем Әдiкен қонаққа келдi. Ол өте келбеттi, Арқаның жұрт таңғалатын нағыз мөлдiр көздерiнiң бiрi едi. Тап бiр тойға баратындай үнем…

0
0
827

Шыңжаң өңіріндегі балбал тастар (Фото)

Көне тарихтың көзіндей болып, ішіне сан сырды бүгіп жатқан балбал тастар қазақ жерінде көптеп кездеседі. Олардың бір шоғыры Шыңжаң өңіріндегі қазақтар қоныстанған айматқтарда орналасқан. Мыңдаған жылдардан бері әлем тарихының әрбір парағына өз ізін түсіріп кеткен Түркілер заманының шұғылалы кезеңіндегі ұлы биіктікті бейнелейтін тас мүсін – балбалдар қазіргі ҚХР Шынжаң өлкесінде көптеп кездеседі. Шығыс Түркістан өңіріндегі балбалдар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған үш аймақта орналасқан. Мұнан тыс, Үрімші маңы мен Бұратала, Құмыл, Санжы сияқты облыстар мен Ақсу, Қызылсу сияқты аудандарда да жиі ұшырасады. Қазір қытайда балбал тастар мен жартас ойма жазуларын зерттеу өте жақсы дамыған. Біз «Жібек жолы: Сахарадағы балбалдар жайлы зерттеу»(қытай тілінде) атты кітаптан Алтай аймағын…

0
0
1103

Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ұстаз

Шыңжаңдағы қазақ балаларына заманауи шипагерліктің қыр-сырын үйретіп жүрген ардақты ұстаздар аз емес. Солардың бірі Шыңжаң медицина университеті гигиена институтының профессоры, аспирант жетекшісі, 12 жыл жалпы гигиена институты бастығының орынбасары болып ٴқызмет істеген – Жақан Сәбитұлы. Ол Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ғалым. Жақан Сәбитұлы Мори Қазақ автономиялы ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Бейжің медицина университетіне қабылданып, сол жерде кәсіптік біліммен қатар ағылшын тілін, жапон тілін қосымша үйренеді. Аталмыш жоғары оқу орынын 1978 жылы үздік бітірген Жақаң Шыңжаң медицина университетінде оқытушылық өмірін бастайды. Қазірге дейінгі 30 жылдық ұстаздық өмірінде «ортаны қорғау ілімі», «сапалы туу», «орта геохимиясы», «ортаны тексеру», «орта ықпалын бағалау», «ор…

0
0
516

Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер

Ұлан Тұқанұлы – Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер. Оның автолық бағдарламалары көрермен көңілінен орын алып, Шыңжаң телеарнасының көгілдір экранынан түскен емес. Ұлан Тұқанұлы 1965 жылы 1 қазанда Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданында дүниеге келген. 1988 жылы Қытайдағы Ши-Ань өнер институтынан оқу бітірген ол күні бүгінге дейін Шыңжаң телеарнасында жұмыс жасап келеді. Ол Қытай республикасының 2-дәрежелі режиссері, Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш теле-көркемөнер режиессері. Ұлан Тұқанұлы сазгерлік талантымен де жұртқа танымал. Оның жазған «Жан аға» әні Ақбота Керімбекованың орындауында шырқалып жүргені мәлім. Бұдан сырт, «Алтын бесік - атамекен», «Ауыл сағынышы» сияқты көптеген әндері де тыңдарман көңілінен орын алды. Ұлан Тұқанұлының режиссерлік етуімен көптеген…

0
0
640

Қытайда қазақ биі арнайы мамандық ретінде оқытылады

Бұл күнде ұлттық би туралы, оның ішінде, «Қара жорға» биі туралы ой толғамаған қазақ баспасөзі кемде кем. Бірақ біз әлі күнге «Биіміз бар ма, жоқ па?», «Қара жорға» қазақтікі мен, моңғолдікі ме?» деген сұрақтардан әрі аса алмай жүрміз. Ал өзге жұрт өз мәдениетін әлемге паш етуде. Тіпті, көрші Қытай елі сондағы өсіп-өркендеген қазақ биін «Қытай мәдениетінің айырылмас бір бөлігі» деп қарап, оның пісіп-жетілуіне барынша жағдай жасауда. Оған дәлел ретінде «Қазақ биі» жеке мамандық ретінде 3 жыл оқытылатынын айтсақ та жеткілікті. Ал өз елімізде ересектерді айтпағанда бүлдіршіндеріміз денелерін жартылай жалаңаштап, үндінің, өзбектің, орыстың биін билеп жүр. Бұл ұлт болашағына, елдің ертеңіне тікелей қатысты мәселе. Бәсекеге қабілетті ұлттық билеріміз жоқтығынан сәбилеріміздің санасын жат ұғымда…

0
0
2155

Қытайдағы қазақтардың соғым сою дәстүрі

Қазақтың бұрынғыдан келе жатқан дәстүрдің ерекше бір түрі – соғым сою. Қытайдағы қазақтар «соғым» ұғымын ерекше қадірлейді. Соғым сою – бүгінгі нарық заманында бар қазақтың басына жазыла бермейтін «бақыт» болып тұр. Әлмісақтан малы мен жанын бір деп білген біздің жұрт қазір соғым дегеннің не екенін білмейтін халге түскендей. Кім білсін? Қазақсанының қарық болып көбеймеуі де қасиетті төрт түлігінің тұқымы азғындауымен астасып жатқан шығар. Дегенмен мұғалімі мен дәрігерінің, малшысы мен егіншісінің жағдайын жасап қойған Қытай елінде соғым соймайтын қазақ кемде кем. Қазақта соғым деп қыстыгүні жата-жастанып жеу үшін алдын-ала сойылған малды айтады. Соғымды көбінде қараша, желтоқсан айларында сойған. Оған әр үйдің әл-ауқатына қарай ірі қарадан түйе, жылқы, сиыр, ұсақ малдан қой, ешкі сойылған…

0
0
4612

Қазақ қызы Қытай көсемі туралы фильмге режиссерлік етпекші

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ – Кеше Бейжіңде жаңадан түсіріліп жатқан «Мау Зыдоң» атты тарихи фильмнің бас рөлдерін сомдаушы актерлері және фильм режиссері, миллиардтар елін мойындатып жүрген қазақ қызы Жанар Сағатқызының қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Синь Хуа агенттігінің хабарлауына қарағанда, Қытай Халық Республикасының тұңғыш төрағасы, Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі Мау Зыдоң жайлы түсірілетін «Мау Зыдоң» атты бұл тарихи фильм 100 сериадан тұрады екен. Мау Зыдоңның өмірге келгенінен тартып 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі тарихи кезеңді 60 сериаға қамтыған бірінші маусымын түсіру жұмысына талантымен талайды тамсандырған қазақ аруы Жанар Сағатқызырежиссерлік еткелі отыр. Саяси тұлғаның өмірі мен Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы арқау етілген тарихи фи…

0
0
1679

Менің атым -Бақытты адам

Адамға сипат бергенде, оның сырт пішінін, одан кейін мінезі сипатталады. Ауызша, жазбаша сипаты бәрібір адамды ашпайды. Сипаты жақсы, ұнамды деп тапқанның өзінде жақын танысқанда немесе бір көргенде өзінен теуіп тұратын адам болуы мүмкін. Әріптесім Сергей жайлы әңгіме етпекпін. Қай кезде болмасын көзі бір нүктеге қарап, қасындағы адамды байқамағандай көреді, менсінбей жаратпай отырған секілді. Студент кезінен сырттай білетінмін, жалғыз өзі сабақ соңында компьютер алдында қалып қоятын. Ап-арық, бойшаң, мүгедек арбасының орындығының дәл ортасында отыратын, екі жағына енді екі Сергей сыятындай орын қалатын. Содан бері жиырма жыл өтті. Мінекей, енді кабинет есіктеріміз бір-біріне қарама-қарсы орналасты. Түскі аспен Сергейдің кабинетінде тамақтанамыз. Асты төмеңгі қабаттағы асханадан аламыз. Б…

2
2
790