Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер
Ұлан Тұқанұлы – Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер. Оның автолық бағдарламалары көрермен көңілінен орын алып, Шыңжаң телеарнасының көгілдір экранынан түскен емес.
Ұлан Тұқанұлы 1965 жылы 1 қазанда Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданында дүниеге келген. 1988 жылы Қытайдағы Ши-Ань өнер институтынан оқу бітірген ол күні бүгінге дейін Шыңжаң телеарнасында жұмыс жасап келеді. Ол Қытай республикасының 2-дәрежелі режиссері, Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш теле-көркемөнер режиессері.
Ұлан Тұқанұлы сазгерлік талантымен де жұртқа танымал. Оның жазған «Жан аға» әні Ақбота Керімбекованың орындауында шырқалып жүргені мәлім. Бұдан сырт, «Алтын бесік - атамекен», «Ауыл сағынышы» сияқты көптеген әндері де тыңдарман көңілінен орын алды.
Ұлан Тұқанұлының режиссерлік етуімен көптеген теле-шоулар көрермен қауымға сәтті жетті. Қытай қазақтарының мерекелік концерттер мен телебағдарламалар Ұлан Тұқанұлының режиссерлігімен өтеді. Оның «Кертолғау», «Керуен сазы», «Аққайнар», «Жұлдызды сәт», «Жолаушы» қатарлы авторлық бағдарламалары күні бүгінге дейін Шыңжаң телеарнасының көгілдір экранынан түспей келе жатқан мәні мен мазмұны терең телебағдарламалар.
Дайындаған: М.СҰЛТАН
