Карлаг фотокөрмесі
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы «Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» көрме залдары Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі халықты күштеп ұжымдастыру, «кулактар» мен байлардың көзін жою, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық, халық дүрлігулерін аяусыз жаншып-басу, халықтарды еркінен тыс жер аудару, «еңбекпен түзеу» лагерлерін ұйымдастыру, зиялы қауымның көрнекті өкілдерін құртып жіберу сияқты адамзатқа қарсы жасаған қатыгез қылмыстары бойынша мол тәжірибе жинақтады. Қазақстанға төнген саяси қуғын-сүргін құйыны әрбір дерлік отбасын жайпап өтіп, біздің елде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың небір тамаша өкілдерін баудай түсірді. Қарағанды облысы мекендеген жерлерінен қуылған еңбекқор шаруалардың қалың…

