Дәстүрлі спартакиада өтті
Астанада Еуразия ұлттық университетінің оқытушы профессорлары арасындағы «Денсаулық пен сергектік» атты дәстүрлі спартакиада жалғасуда.
Жарыстың бірінші күні әуесқой спортшылар арасында волейболдан топтық кезең кездесулері өтті. Бұл спорт түріне 2 топқа бөлінген 16 құрама қатысуда. Әзірге халықаралық қатынастар және журналистика факультетінің құрамалары қарсыластарының барлығынан басым түсіп, топ басында келе жатыр. Спортшылар алда әлі 11 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 30 қаңтарда белгілі болады.

