Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды
Бүгін Санкт-Петербургте Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жарыстың топтық деңгейіндегі үшінші, қорытынды ойынын өткізді. Өкінішке қарай, олар Түркия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның баспасөз қызметі.
«Бұл ойында «Астана» футбол клубының атынан екі спортшы өнер көрсетті. Олар: Абылайхан Ысмайылов және Абай Жүнісов. Қос астаналық та ойынға бастан-аяқ қатысты. Елордалық клубтың үшінші өкілі – Әділ Балғабаев қосалқы ойыншылар қатарында болып, ойынға қатысқан жоқ», – делінген хабарламада
http://kk.sport.gov.kz/?p=5789

