Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Суық

Суық қала, суық дала, суық қар,

Балаң сезім өр көңілін жуықтар.

Үміттене беремін мен дәрменсіз,

Қанша жерден соқсадағы суықтар.

 

Суық жүрек, суық көңіл, суық түр,

Арыстарға қоғам деген суып тұр.

Жүрегімде қала бермек сонда да,

Айтылмаған ешбір жанға суық сыр.

 

Суық  сезім, суық көзің, суық қан,

Көңілім наз, аумай қалған  уықтан.

Бос сөздер мен арсыз ойлар кенеттен,

Байқаусызда  көңілімді суытқан.

 

Өз бетімше ашқан болдым түнекті,

Қайран  жүрек, сезіміме жыр екті.

Аяңдарсай, о жамағат оны да,

Бар суықтан тоңып қалған жүректі.

 
0
1
719

Осы тақырып бойынша

Суық - Yvision.kz