Мазмұнға өту

Жаңа

Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын. Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық. Amazon Kindle Paperwhite, Kindle Touch өнімінің жалғасы екені мәлім. Алдыңғы нұсқасынан қай жері өзгерген және қай жері артық екенін кестеден көрсеңіздер болады. Amazon Kindle Touch және Kindle Paperwhite сипаттамалары: Kindle Touch Kindle Paperwhite Дисплей Сенсор 6" E-Ink Pearl Сенсор 6" E-Ink Pearl HD + көмескі жарық Кеңейтілімі 800 х 600 1024 х 768 Сенсор Инфрақызыл Ёмкостный (аудармасын таба…

3
6
937

Кешіре білеміз бе?

Біз бәріміз де Алланы мойындадық және де мойындаймыз. Оның бәрімізге парыз қылған амалдары мен сүннәттарын орындаймыз. Жұма сайын жұма намазға мешітке жиналып, жамағатпен намаз оқимыз. Бейсенбіде иіс шығарып, құдайыжолы, бейшенбілік жасаймыз. Басымызға қиындық іс түссе Алланы ауызға алып, кешірім мен жәрдем тілейміз. Бар жақсылық пен жамандықты алладан деп танып, шүкіршілік жасаймыз. Қолымыздан келгенше қайырымдылық жасауға тырысамыз. Хадистерді оқып, уағыз тыңдап, санамызды зерделеп, иманымызды күшейтіп, сабырымызды ұзақ ете гөр деп Жаратқаннан жәрдем тілейміз. Бір үлкен іс бастасақ құрбандық шалып, Аллаға шүкіршілік етеміз. Бәрі де жақсы ау...Алланың амалдары мен парыздарын орындап жатқанымыз шүкір ау...бірақ, біз бір нәрсеге шамамыз жетпейтін сияқты. Ол - кешірім жасау, кешіре білу. Қа…

0
0
1317

Драматургия саласына мойын бұра бастадым....

Драматургия саласына мойын бұра бастадым....- Осы құтырған ит мені неше рет көрсе де, абалап үргенін қоймайды, әкеңнің – деді ауыл әкімі Манап. – Сәлембердік, жеңше. Амансыз ба?- Ә, әкім қайным екенсің ғой. Амансың ба шырағым? Енді ол ит болған соң үреді дә. Анда-санда сүйек тастап тұрсаң ұмытпас еді ғой, - деп кеңкілдеп күледі.- Әй, осы жеңешемнің әзілі де жарасымды ғой, өзіне, - дейді әкім.- Қой, мен шәй қояйын, - деп әйел орнынан тұра бастайды.- Жо-жоқ, жеңеше. Мен асығыспын. Бұйыртқан шәй болса, кейін көре жатармыз. Мен әлгі...(күмілжиді).- Иә, аманшылық па? – дейді әйел бір нәрседен секем алғандай.- Аманшылық қой, әлгі...аманшылық болғанда да не ғой, әлгі...- Не болды? Айтсаңшы енді, адамның жүрегін ауыртпай?- Сіз тек уайымдамаңыз. Әлі белгісіз ғой...әлгі...- Әй, шырағым, «әкесі өлге…

0
0
712

Баукең мен Ғабеңнің әңгімесі

Қазақтың хас батыры, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлы заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповке өкпе-назын былай білдірген екен: - Ғабе, сізге бір ренішім бар.- Ол қандай реніш?- Сіз Сәкен Сейфуллин туралы повесть жаздыңыз ғой?- Иә, жаздым.- Оны зерттеп жаздыңыз ба, зерттемей жаздыңыз ба? ОГПУ құжаттарымен таныстыңыз ба? - Таныстым.- Өтірік айтпаңыз! Танысқан жоқсыз. Таныссаңыз, Сәкеннің күрескер, ержүрек рухын ашар ең маңызды, ұрпағымыздың ұрпағына қажет ең басты құжатты назардан тыс қалдырар ма едіңіз?- Ол қандай құжат?- Тыңдаңыз: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде»,–Бұл әлі жарияланбаған өлең, өстіп айтсам деп айта алмай кеткен ағаларымның ойы. Түсіндіңіз бе? Жоғарыдағы екі жол арманда кеткен ағаларыма менің қалай түсінгендігімнің жемісі. Мысалға жүгінейік, С…

0
1
1111

Қарақат Әбілдина, әнші: «Талғамсыз тыңдармандар көбейіп барады»

Астана. 3 наурыз. BAQ.KZ – Әлемнің бірнеше елінде сонау 1911 жылдан бері ресми мереке болып бекітілген «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін» қазақстандықтар да кеңестік дәуірден бері атап өтіп келеді. Бұл – аналар мен апаларымыздың, қыз-келіншектеріміздің, әпке-қарындастарымыздың мейрамы. Айтулы мерекеге орай Baq.kz ақпараттық порталы қазақтан шыққан танымал әйелдерден сұхбат алып, оқырман назарына ұсынбақ. Осы орайда елімізге танымал әнші, дәстүрлі қазақ әндерінің орындаушысы Қарақат Әбілдинаны әңгімеге тартқан болатынбыз.- Алдымызда мереке – Халықаралық әйелдер күні. Айтулы датаны атап өту отбасыңызда дәстүрге айналған ба? Жалпы, бұл мейрамда қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?- Менен «ең сүйікті мейрамың қайсы» деп сұраса, мен дәл осы 8 наурызды айтар едім. Өйткені, аталған мерекенің мені…

0
0
701

Бибігүл Жексенбай, «Жетінші арна» төрайымы: «Журналистердің көбі телеарнаға жұлдыз болсам деп келеді»

Астана. 4 наурыз. BAQ.KZ – Бүгінде қазақ тележурналистерінің сауаттылығына сын айтатын көрермен көп. «Тілі жұтаң, тістеніп сөйлейді» деп айыптап жүр халық. Бәлкім орынды сын шығар, осы орайда біз танымал журналист, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай ханымды әңгімеге тарттық. - Сіз журналистиканы спорт тақырыбынан бастаған мамансыз. Алайда, көп ұзамай бұл саладан қол үздіңіз. Жалпы, қазақтың журналист қыздары спорт тақырыбын жатсынатын секілді. Себебін қалай түсіндірер едіңіз?- Тек қазақ журналистикасында ғана емес, өзге елдерде де спорт тақырыбын өмір бойы серік ететін журналист қыздар санаулы. Жалпы, бір тақырыпты ұзақ уақыт алып жүру үшін оны жан-тәніңмен сүюің керек. Ал, спорт қыздардан гөрі ер азаматтардың табиғатына жақын.Өз басыма келер болсам, студент к…

0
0
672

Ә.Бөкейхан: Дін таласы

Бүгін, яғни 5 наурыз күні қазақтың тұңғыш үкімет басшысы болған Әлихан Бөкейханның туған күні. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 147 жылдың жүзі толып отыр. Айдарымыздың бүгінгі материалында Ә.Бөкейханның шығармасын ұсынамыз. ДІН ТАЛАСЫ (Сурат кофеханасы) Һинд жерінде, Сурат қаласында кофехана бар еді. Сонда талай жерден, талай елден адамдар кез болып ұшырасатын еді. Бір күні сол кофеханаға Иранның бір ғалымы кірді. Бұл ғалым тәңірінің тәңірлігін анық танып білемін деп көп әуре болған адам еді. Осы турасында көп оқып, өзі де көп жазған еді. Көп оқып, көп жазып, көй ойлап, ақылы ауысып, ойы шатасып, ақырында Құдайға тіпті илануды қойған. Мұнысын Иран патшасы біліп, қол астында тұрғызбай, қуып жіберген. Сорлы ғалым тәңірліктің түбіне жетемін деп, ойлай-ойлай, өзінің миы ашығанын сезбей, барша…

9
6
5380

Тиіннің Қоянға қонаққа баруы туралы

Добрый день! Если вы заботливый и горячо интересующийся жизнью и будущим своего ребенка, то вы поступили правильно, посетив этот блог. Сегодня я расскажу сказку о том, как белка пошла в гости к зайцу, и надеюсь вы в свою очередь расскажете ее своим детям. Бірде Тиін Қояндікіне қонаққа келді. Қоян ас бөлмеде бәліш дайындап жатыр екен, ал кішкентай Бала-қоян «не пісіріп жатырсың, мама?, иісі неткен дәмді еді!» деп тамсанып, анасының аяғына орала берді. Үйге мейман келген соң, Бала-қоянды анасы қарындасымен ойнай тұруға жіберді. Кішкентай қояндар жарысып жүгіріп жүрді. Ал ас бөлмеде, біраздан соң бәліш те дайын болды. Қоян піскен бәлішті табаққа салып, суытуға қойды да, өзі дастархан жасауға кетіп қалды. Ас бөлмеде қалған Тиін абайсызда бәліш салынған табақты қағып кетті. Табақ бәлішпен бірг…

0
0
610

Бүгін – Алашорда жетекшісі Әлихан Бөкейханның 147 жылдығы

Бүгін, 5 наурызда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан дүниеге келді. Ол 1866[1] ж. наурыздың 5[2] бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргіҚарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестіңшешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. http://rukhpentil.org/?p=2142 Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед – Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпт…

0
0
952

«Рух пен тіл» Тіл комитетінің жұмысына талдау жүргізді

Қазақстандағы тілдік ахуалды жақсартуға мемлекеттік билік органдары тарапынан ешқандай құлшыныстың жоқтығына міне, 22 жылдың жүзі болды. Бұған о баста билікке отырған бұрынғы коммунистердің саясаты деп білуіміз қажет. Кеңес үкіметі тұсында интернационалдық тәрбие алғандардың тіл, ұлт деген құндылықтарды білмейтіні анық. Тәуелсіздік жылдарында тілдік саясатты, әсіресе мемлекеттік тілге қолдау көрсетіп, қазақ тілін жалпыхалықтық қолданыс тіл етуге жауапты мемлекеттік органдардың бірі, тіпті ең бастысы бұл – Тіл комитеті. Бүгінгі Тіл комитеті атауы бар, бірақ жүргізіп жатқан жұмысы мардымсыз, қарапайым жұртшылыққа жабық орган болып табылады. Тіл жанашырларының ордасы боулы тиіс орган қазіргі таңда космполиттік биліктің айтуымен келеді. Осыған орай «Рух пен тіл» қоғамдық ұйымы істері көлеңкел…

0
0
1108