Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зейтінбұрындағы қазақ тілін үйрету орталығында қазақтан өзге төрт ұлттың баласы тәлім алуда (ВИДЕО)

ТҮРКИЯ. 4 сәуір. BAQ.KZ – Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ мәдени қорының жанынан ашылған қазақ тілі мен салт-дәстүрін үйрететін орталық бұл күнде 50-ге тарта баланы қазақша сайратып отыр. 3 пен 5 жас аралығындағы қазақ, түрік, тәжік, түркімен және өзбек бүлдіршіндеріне қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін орталық өткен жылдың аяғында, дәлірек айтқанда 2012 жылдың 14 желтоқсанында құрылған болатын.

Бұл күнде орталықта тіл үйрететін маманнан бесеуі жұмыс жасайды. Қазақ тілін үйрететін ұстаздардың бірі, осыдан он жыл бұрын Астанадан Түрік еліне келін болып барған Құралай Газермен тілдесу мүмкіндігі болды. 
«Орталығымыз ашылғаннан бері көп жұмыстар атқарылды деп айтуға болады. Оның ең басты дәлелі бізден қазақ тілін үйренген бауырлас ұлттың бүлдіршіндері қазақ тілінде еркін сөйлей алатын болды. Осында туып-өскен қазақ балдырғандардың да белсенділігі күн сайын артып келеді. Балаларына қазақ тілін меңгерту үшін келетін ата-аналардың да қатары молайған. Біздің мақсатымыз осындағы диаспора өкілдеріне өз ана тілінен сабақ беріп қана қоймай, қазақ жастарынан бірнеше тілді жетік білетін мамандарды тәрбиелеу, сол арқылы болашақта олардың министрліктер мен ірі компанияларда жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу болмақ»,-дейді ол. 
Құралай ханымның айтуынша, бұл орталық тәлімгерлерге қазақ тілін үйретумен қатар қазақтың ұлттық биін, әнін және салт-дәстүрінен де хабардар етеді екен. Ол жақында ғана орталықта Наурыздың дүбірлі тойы өткенін жеткізді.

   

Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

Видеоға түсірген оператор Баһадүр ХӘКІМ, Түркия

http://www.baq.kz/diaspora/532

0
0
678

Осы тақырып бойынша

Зейтінбұрындағы қазақ тілін үйрету орталығында қазақтан өзге төрт ұлттың баласы тәлім алуда (ВИДЕО) - Yvision.kz