Қазақстан Қорғаныс министрін Тәжікстан Президенті қабылдады
Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды. Душанбеде Қорғаныс ведомствосының басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.
«Біздің елдің басшылығы маңызды өңірлік серіктес ретінде Тәжікстанмен арадағы байланыстың дамып нығаюына үнемі баса назар аударады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы саяси, экономикалық сондай-ақ қорғаныс саласындағы екі жақты байланыс серіктестік аясында дамуда»,-деді Әділбек Жақсыбеков.
«Біздің өңірлік қауіпсіздік мәселесіндегі тығыз қарым-қатынасымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерін дер кезінде құруымызға Сізбен бірге басқа да мемлекеттер басшылары қолдау көрсетті»,-деп атап өтті Қорғаныс министрі Эмомали Рахмонның қабылдауында болған кезінде.
Тәжікстан Президенті Қазақстан мемлекетінің басшысына екі жақты қарым-қатынастағы жемісті ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, келешекте қорғаныс саласындағы байланыс өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті сақтауға жаңа серпін беретіндігіне сенім артатындығын жеткізді.
Екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық пен келешекте әскери білімді дамыту сұрақтарын Әділбек Жақсыбеков түстен кейін Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Хайруллоевпен талқылайтын болады.
Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс ведомстволары арасында екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
