Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Наурыз-Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз мерекесі мыңдаған жылдар бұрын шығыс халықтарында жыл басы ретінде тойланып, ерекше аталып өтетін болған. Ол бүгінде жалғасын тауып достыққа ынтымақтастыққа, бірлікке, татулыққа шақыратын мереке ретінде көпшілікке танымал болып отыр.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы Наурыз мерекесін ерекше бағалап, жыл сайын атап өтуді әдетке айналдырған.
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шарада басқарманың жеке құрамы ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерімізді,ұлттық ойын түрлерін, ұлттық тағамдарды көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге бас басқарманың жеке құрамы арасында теннистен турнир өтті. Әйелдер арасындағы жарыста жүлде аға лейтенант Ш. Жанбосыноваға бұйырса, ерлерден майор М. Боранбаев ешкімге дес бермеді.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен дәмді тағамы-наурыз көже.Ол жаңа жылда молшылық, мәнді де сәнді, тату тәтті өмір болсын деген ниетпен көпшілікке ұсынылады. Бас басқарманың әскери қызметшілері наурыз көжеден дәм татып, бір біріне ізгі тілектерін білдірді.Ынтымағы жарасқан  ұжымның бұл қадамы көпшілікке  үлгі болары анық.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
437

Осы тақырып бойынша