Мазмұнға өту

Жаңа

Қайырымдылық және мейрімділік әлемді құтқарады

Әріптестік туралы меморандумға қол қою аясында Қостанай облысы бойынша Қаржы полиция департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қостанай облысы филиалымен осы санаттағы балаларға нақты көмек көрсетіліп отыр.
Біздің ведомство «Нұр Отан» ХДП-сы құқыққорғау органыдары ардагерлері кеңесінің партия ұйымымен бірлесе отырып, балалар үйінің түлегі Айнұр Серікқызы Бекенованы қамқорлығына алып, оған Рудный қаласында тұрғын үй бөлінді. Жайлы тұру үшін және тиімді жұмыс істеу үшін үйдегі ыңғайы әрбір адамға қажет. Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарына Айнұр ең қажетті заттармен ғана қамтылып қоймай, оған тағы келесі нәрселер сатып алынды:
-екі комплекті көрпе жастық тыстары,
-жиhаздар жинағы,
-ас бөлмесіне керек жарақтары және ыдыстар,
-тұрмыстық техника және плазмалық теледидар.
Бұл акция бір жолғы емес, қаржы полициясы қызметкерлері одан әрі де облыстық қайырымдылық  іс-шараларына белсенді түрде қатысатын болады.

1
0
936

Денис Тен Алматыда шоу өткізбек

   

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Денис Тен Алматыда да әлемді мойындатқан мәнерлеп сырғанаушыларды жинап, шоу өткізбекші. Бұл туралы спортшы өзінің туиттер парақшасында мәлімдеді.

«Денис Тен және оның достары» атты шоу 24 мамыр күні Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратының мұз айдынында өтетін болады. Ал , 25 мамыр күні Тен өзінің достарын елордамыз Астана қаласына ертіп барады. Ол жақта Алау спорт кешенінде де дәл осылай аталатын шоу-концертін ұйымдастырады.

«Алматы қаласында да біздің ұйымдастыруымызбен өтетін шоуға шақырамын. 24 мамыр Алматы қаласында Балуан Шолақ кешенінде, 25 мамыр күні Астанада Алау спорт ғимаратында болады бұл қойылымдар. Бірінші рет Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан әлемнің жұлдыздары жиналады. Қатысушылардың ішінде 7 спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сондай-ақ, кеш барысында Қазақстан эстрада жұлдыздары да болады», — деген Денис Тен өзінің Туиттер әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік, ертеректе «Денис Тен және оның достары» атты шоуға Стефан Ламбьель, Бриан Жубер, Ирина Слуцкая және Каролина Костнер сынды спортшылар қатысуға ниет білдірген. Шоуға қатысатын мәнерлеп сырғанаушлардың толық тізімі алдағы уақытта белгілі болады.

Уәлихан Қосанбай, Massaget.kz

 
0
0
409

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Миланды» ұтты

 

21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы «Милан» жастар командасымен футболдан халықаралық жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алдымен павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Әлібек Аяғанов дубль жасады, содан кейін Альберто Спаньоли бір гол соқты, қорытынды есеп – 2:1.

«Милан» (жастар командасы) — Қазақстан U-21 1:2 (0:1)

Голдар: Аяғанов 23 (0:1), Аяғанов 58 (0:2), Спаньоли 74 (1:2).

 
0
0
353

«Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді

 

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданыңбарлығы да анықталды. Бүгін Теміртауда Қарағандының«Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы) 2:1 (2:0)

Голдар: Симчевич, 11. Финонченко, 41 — Кислицын, 76.

 

Екі команда да өз ойындарын енді ғана тауып келе жатқан командалар. Соңғы кездері ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсете бастады. Дегенмен, Теміртауда «кеншілердің» жолы болды. Алдымен ойынның 11 минутында команда капитаны Андрей Финонченконың әдемі пасын голға айналдырған Александр Симчевич алаң иелерін алға шығарса, үзіліске бес минут қалғанда капитанның өзі де гол соғып, қонақтардың жағдайын одан бетер қиындатты.

Екінші тайм тіптен тартысты өтті. Үзіліске дейін тек қарымта шабуылдарға ғана иек артқан «Қайрат» енді өздері шабуылға атойлаумен болды.Тіпті, қорғаушыларының өздері де алға шығып, жағдайдықұтқаруға тырысты. Нәтижесінде ойынның 76-шы минутында алматылықтардың қорғаушысы Александр Кислицын бір гол соғып, есептіқысқартқан. Бірақ одан арыға Владимир Вайсс шәкірттерінің шамалары жетпеді. Қорытынды есеп – 2:1.

 

Сонымен, 1/8-финалдың нәтижесі бойынша, ширек финалға мына командалар жолдама алды:

«Ақтөбе»

«Тобыл» (Қостанай)

«Ақжайық» (Орал)

«Астана»

«Тараз»

«Ордабасы» (Шымкент)

«Ертіс» (Кереку)

«Шахтер» (Қарағанды)

 
0
0
476

«Сарыарқа» ақтық сында сүрінді

Сонымен, «Сарыарқа» ақтық сында сүрінді. Финалға дейін күш-жігерін сарқып алды ма, әлде «Торостың» бас бапкері Руслан Сулейманов Кирдяшовтан айласын асырып кетті ме, жоқ әлде басқадай сыры бар ма, белгісіз.

Ресейдің Жоғары хоккей лигасын дүрліктірген Қарағандының«Сарыарқасы» финалға жетіп сүрінді. ЖХЛ-дағы Қарағанды ертегісі дейсіз бе, әлде ерлігі немесе дастаны деп түзетесіз бе, өз еркіңіз.

Биылғы маусымда аталмыш лиганы сүйсіндіріп, сергелдеңге түсірген «Сарыарқаның» осы «ертегісі» мен жарқын ойындары соңғы матчта жеңіліске ұшыраумен тамамдалды.

«Сарыарқа» биыл Ресейдің Жоғары хоккей лигасына үстемдік құрып, негізгі додасында топ жарған. 52 ойыннан 115 ұпай жинап, бәрінен асып түсті. Ол, ол ма,қатарынан 23 ойында жеңіске жетіп, аталмыш лиганың рекордын жаңартты.

Ресей клубтарын үй демей, түз демей қоғадай жапырған. Қазақстан клубының бұл жетістігіне өзектері өртенгендер аз болған жоқ. Төрешілер тобықтан қанша шалса да, «Сарыарқа» еш клубқа бой бермей, 23 кездесуде алшаң басқан.

«Сарыарқа» содан плей-оффқа шықты. Қарағанды клубымен қоса осы лигада бірнеше жыл ойнап жүрген екінші клубымыз да плей-оффта бақ сынаған. БірақӨскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» бірінші електе-ақ қатардан шығып қалды.Өскемен клубының тісі батпаған команда «Торос» (Нефтекамск) клубы болатын.

Қызық болғанда, «Сарыарқа» финалда Братина кубогын дәл осы «Торос» клубымен сарапқа салды. Иә, бірнеше айға созылған негізгі додада екінші орын алған «Рубин» (Тюмень) клубы емес, тек үшінші орынды қанағат тұтқан «Торос» шықты, финалға.

Негізі, «Торос» та өте тәжірибелі команда еді. Жоғары хоккей лигасыныңалғашқы маусымында жартылай финалға дейін жетіп, тек «Рубиннен» ұтылып,қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Братина кубогының финалында осы тюмендіктерді 4:1 есебімен тізерлетіп, алғашқы маусымда кеткен есесінқайтарған.

Алғашқы екі ойын Қарағандыда өтті. Бірінші матчта «Сарыарқа 4:1 есебімен басым түсті. «Ресей лигасы өзінің алтын жалатылған, салмағы 19 келі бағалы күміс кубогын бізге бере қойсын ба» деген кейбір қызуқанды жанкүйерлердіңсөзінен секем алып жүргендер «е, бәсе, осылай болса керек еді» десті.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ертеңінде «Сарыарқа» қонақтарынан 1:7 есебімен күйрей ұтылып, жігерімізді құм қылды. Тіпті кездесу соңында ашуға булығып, жұдырықтарын ала жүгірумен болды. Бірақ төбелесіп те жарытпады. Тафгай Д.Грэттон айдынан матч соңына дейін қуылып, Қарағанды мұзайдынында ойнақ салған Башқұртстан клубы ойыншыларын сабасына түсіретін ешкім болмады…

Нефтекамскіде өткен бірінші ойында тағы да «Торос» тайтаң қақты. Есеп – 2:0. Енді «Сарыарқаның» жағдайы тығырыққа тірелді. Енді жеңілсе, «Торосқа» төтеп беру мүмкін емес еді. Абырой болғанда, төртінші ойында «Сарыарқа» хоккейшілері қайсарлық танытып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Содан алақанымызды ысқылай түстік. Енді Қарағандыда «Торосты» тізерлетіп, аптығын басар дестік. Бірақ олай болмады. Сарыарқа төсінде «Торос» 3:2 есебімен жеңіп, қайтадан алға шықты.

Алтыншы ойын Башқұртстанда өтті. Бұл жолы «Сарыарқадан» жеңіс күткендер көп болған жоқ. Бірақ Қазақстан клубы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, таразы басынқайта теңестірді. «Финал деп осыны айт» десті қазақстандықтар. «Екеуі бір-біріне тұрарлық» десті ресейліктер.

Сонымен жетінші әрі шешуші ойын Қарағандыда өтіп, қазақстандықтар «Сарыарқаға» сенім артты. Бірақ «Сарыарқа» тағы да салы суға кетіп, білгенінен жаңылды. Өз жанкүйерлері алдында 0:3 есебімен ұтылып, дәрменсіздік танытты.

«Төрешілер қатты қысым көрсетті» деп те таусыла алмаймыз. Неге екенін,әйтеуір «Сарыарқаның» «Торосқа» тісі де батпады, шамасы да жетпеді. Маусым бойғы қарқыны қайда кеткені түсініксіз. Әлде «Торос» осындай тегеурінді ме?! «Тазы болып шалып», күш-жігерін финалға сақтаған ба?

Содан соң «Сарыарқа» клубының бас бапкері Андрей Кирдяшовтың ақтықойындарда қақпаға көбінесе словак Владимир Ковачты емес, Денис Франскевичтіқойғанын түсіне алмадық. Жарайды, Ковач та шаршайды дейік, Ковач тақателеседі делік. Десек те, бес матч бойы оны тұсаулап ұстап отырғаны түсініксіздеу болды…

Сонымен, «Сарыарқа» ақтық сында сүрінді. Финалға дейін күш-жігерін сарқып алды ма, әлде «Торостың» бас бапкері Руслан Сулейманов Кирдяшовтан айласын асырып кетті ме, жоқ әлде басқадай сыры бар ма, белгісіз.

Әйтсе де, жанкүйерлер «Сарыарқаға» ренішті емес. Көпшілік «алғашқы маусымүшін финалға шығу да – үлкен жетістік» деуде. Ендеше біз де «Сарыарқаның» Жоғары хоккей лигасының алғашқы маусымындағы көрсеткіштерін жоғары бағалап, биылғы жетістіктерінің баянды болуына тілектеспіз.

Бәлкім, Братина кубогын келесі жылы жеңіп алар…

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Торос» (Нефтекамск) – 3:4

/4:1, 1:7, 0:2, 2:1, 2:3, 3:2, 0:3/

 
0
0
405

Жайдарман құрамасы Ақтөбеде (фотолар)

Есаға

Арал Ас: Ғалым, Ақылбек, Данияр

Демеушіміз болашақ: Нұрболхан

Назар аудар: Асылұлымбек, Мади, Ақболат, Самат, Ғазиз

Әскерден келген жігіт ауылдағы досы оның қызына үйленгенін білмейді басында.

Досы қиналып айта алмай отыр, басқа досы оған: "Енді таяқты жейтін болдың" деп күлуде.))

Жаңалықты ақыры біліп қойған жігіт, оған бола ашуланбайды, керісінше қуанады.

Өйткені ол әскерге кетпес бұрын ол қызбен жүрмей қалған екен.

Еншісіне, мана күлген басқа досы (оң жақта) көңілі түсіп, өзінің әйелінің әскерден келген досының қызы болғанын біледі.

Күйеуі әйелін еркелетуде.

Ата-анасының жұмыстан ерте келетінін білмеген жігіт қызын үйіне шақыртып қояды.

Жігіт ата-анасына "тығылыңдар, қазір қызым келеді" деп ескертіп қойған.

Қызы керует үстінде, астында жігіттің ата-анасы тығылып жатыр.

Құтырыншақ бала.)

Файтинг.

Концерт аяғы.

ГТА видеоойынының кейіпкерлерін салу:

Концерт соңы, таныстыру:

ПыСы: Арал Ас командасында туған күн иесі болған Ақылбек пен Ғалым басында таныстырылып кеткен.) Назарларыңызға рахмет!

-5
0
3949