«Атамекен». Драма («Қазақфильм», 1966 ж.)
Соғыс бітіп, бір жыл өткен соң, ақсақал Ленинградта қаза болған ұлының сүйегін туған жеріне әкелмек болып, немересін ертіп, жолға шығады. Алайда, бейіт басына ұлының жауынгер жолдастарымен бірге жерленгенін білген соң, мәйітті мазалағысы келмейді.
