Мазмұнға өту

Жаңа

Еліміздің құрамасын Сочи-2014 Олимпиадасына дайындау үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет – СжәнеДШІА

 

Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасын Сочиде өтетін қысқы ойындарға дайындық бойынша іс-шаралар өткізу үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

«Таяу арада республикалық бюджеттік комиссиясы (РБК) Сочидегі Олимпиадаға команданы дайындау үшін қажетті 1 млрд теңге сомаға өтінім қаралады», — деді Е.Қанағатов.

Олимпиада құрамасын дайындауға ағымдағы шығындар мәселесіне қатысты «қазір шығындарды есептеу өте қиын. Бұл жерде кешендік тәсіл. Бізде ұлттық командалар штаты дирекциясының қаражаты бөлінуде, «Самұрық-Қазына» қорының бас демеушісінен біз 472 млн теңге алдық, жергілікті деңгейде әкімдіктер спортшыларды қолдайды және оларға жағдай жасайды».

Сонымен қатар, ведомство басшысының орынбасары спортшыларды жүлделі орындар үшін сыйақы бұрыңғыдай болып қалатынын хабарлады.

«Сыйақы мөлшерлерін бұрыңғыдай қалдыруды ұсындық, ол Лондон, Ванкувер Олимпиадаларында – 1 орынға 250 мың доллар, 150 мың доллар – екінші орынға және үшінші және алтыншы орынға дейін – 75 мың доллар болды. Осы қолдау бұрыңғы деңгейде қалады деген үміттемін», — деп қортындылады Елсияр Қанағатов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасы Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сәйкес Қазақстан жылдың соңына дейін спорттың 10 түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алады.

Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.

 
0
0
203

«Астана» шабандозы Нибали «Джиро д’Италия» додасының жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды

 

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Катюша» командасының мүшесі ресейлік Максим Бельков «Джиро д’Италия» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңінде жеңімпаз атанды.

Екінші және үшінші орындарды колумбиялық Карлос Альберто Бетанкур мен Жарлинсон Пантано (AG2R La Mondiale) иеленді. «Астана» командасынан италияндық Винченцо Нибали оныншы болып келді.

Жалпы есепте Нибали көш бастаса, австралиялық Кадэл Эванс (BMC) пен голландиялық Роберт Гесинк (Blanco) одан кейінгі орындарға жайғасты.

«Джиро д’Италия», 9-шы кезең

Сансеполькро — Фиренце, 170 км

1. Максим Бельков (Ресей, «Катюша») — 4:31:31

2. Карлос Альберто Бетанкур (Колумбия, «AG2R La Mondiale») — +0:44

3. Жарлинсон Пантано (Колумбия) — +0:46

10. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +1:03

Жалпы есеп

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 34:19:31

2. Кадэл Эванс (Австралия, «BMC») — +0:29

3. Роберт Гесинк (Голландия, «Blanco») — +1:15

10. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +3:02.

 
0
0
265

«Қазақстан Барысы» на финишной прямой

Информация пресс-службы

Фонда развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы»

«Қазақстан Барысы» на финишной прямой

 

Еще три области в рядах «Қазақстан Барысы».

Костанайская область сегодня определила судьбу золотого пояса «Қостанай қыраны» и финалистов самого масштабного проекта «Қазақстан Барысы».

19 самых сильных палуанов области, в числе которых и финалисты «Қазақстан Барысы-2012», встретились в Ледовом дворце г.Костаная.

В День защитника отечества сильнейшим стал Мурат «Алып» Кентонов, в финальной схватке одолевший своего давнего соперника Максима «Ақ аю» Гербера. Таким образом, Костанайская область пока единственная область, которая сохранила своих финалистов прошлого сезона «Қазақстан Барысы».

Мурат Кентонов на сегодняшний день является самым возрастным участником (43 года) в проекте. Ни раз Мурат доказывал, что молодость не сравнится с его опытом.

-Я очень рад своей победе. Конечно, было не легко еще раз повторить свой успех. Но самое главное, что путевку в финал я получил, – прокомментировал Мурат. На вопрос журналистов о том не боится ли Мурат «новую волну молодых» борцов, Кентонов спокойно ответил:

- Я очень рад тому, что появляются новые лица в «Қазақстан Барысы». Это говорит о том, что  наши ребята растут, набирают мастерство, а это очень хорошая тенденция. Значит қазақ күресі развивается. Я тоже здесь, но я здесь благодаря своему труду, опыту и профессионализму.

-Все встречи сегодня были тяжелые, – прокомментировал свою путевку в финал Максим. «Перед отборочным у меня был небольшой перерыв, я залечивал травмы и был не совсем готов ко встречам на ковре. Но, удачно то, что я стал финалистом самого главного турнира, теперь буду готовиться. Сегодня последние два соперника были сильными, особенно Мурат. Как говорится, победит или молодость, или опыт, вот сегодня – опыт. Мне не хватило функциональной подготовки. Теперь будем над ней работать. Время еще у нас есть, – добавил «Ақ аю».

Победители отборочного турнира получили из рук руководства области 750 тысяч тенге за первое место и 450 тысяч тенге за второе.

Рустам «Қара жал арланы» Жумаев тоже подтвердил свой статус лучшего борца региона. При весе 129 кг, Рустам Жумаев в финале одолел Айбека «Көк бөрі» Кырыкбая (85 кг). Оба  палуана Северо-Казахстанской области хорошо знакомы болельщикам проекта. В этом году они обещают любителям қазақ күресі зрелищные бои. Руководство области наградило победителей денежными призами. Рустам Жумаев стал обладателем 1 млн. тенге, Айбек Кырыкбаев получил 250 тыс.тенге.

Арслан Абдамит (97 кг) и Виктор Демьяненко (103 кг) из г.Алматы просоединились к финалистам народного проекта. Сегодня и Арслан стал обладателем миллиона тенге, который заслужил в честных боях.

Поздравляем финалистов проекта «Қазақстан Барысы».

15 регионов уже подвели итоги третьего отборочного этапа. Остался один  – Восточно-Казахстанская область, которая проведет свой турнир 16-17 мая.

И мы сможем узнать полный список счастливчиков «Қазақстан Барысы».

 
0
0
525

«Көсем» және «Қиялист» қазақтар тарихымызда бар ма?

Қазақтар туралы тағы да ойлануға тура келді бүгін. Әсіресе ұлттық образдар турасында. Бір қызығы, екі түрлі категорияға негіз бола алатын тұлғалар немесе аңыз кейіпкерлері менің көз алдыма келмеді. Біріншісі "Көсем" болса, екіншісі - "Қиялист". Қайталаймын, мен жаңа заман туралы айтып отырғаным жоқ. Қазақтың түп-тұқияны басталатын замандар және қазақ тарихының белортасы кезеңдерін айтып отырмын. Ылғи ойға оралатыны Қожанасыр, Алдас Көсе, Асан Қайғы, Қорқыт. Бірі аферист, бірі жалқау, қала берді неудачник пен өлімнен қашып жүрген тұлғалар. Көсем бар ма? Хандарды алайын десем, біздің тарихта әлі дилемма. Көз алдымызға керемет батыр, көреген қолбасшылар болып Тәуке, Абылай, Қасым, Есім, Тәуекел шығады. Бірақ, тарихымыз әлі зерттеліп бітпеген ғой. Сондықтан шорт кесіп мынау ең "Красавчигі" деп айтатын ханды таппай отырмын. Тұшымды деректердің аздығынан бәрі де көз алдымда салыстырмалы түрде бірдей. Ел басына күн туған кезде, ел бастау - бір аспект. Көсем болған соң, арасындағы жақсы менеджері, ұйымдастырушысы кім болды екен? Қазақ хандығы құрылып, Ресейге қосылған мерзімнің арасында қала салғанымыз шамалы. Негізінен, түркі тілдес тайпалық хандықтар мен қағанаттар салып кеткен қалаларды пана еттік. Одан кейін қала-бекіністерді орыстар тұрғызды. Керемет сауда жасадық дейін десем, Ұлы Жібек жолын XV ғасырға дейін мыңжылдық бұрын қытайлар қалап кетті, кейіннен жәрменкелерді орыстар обиходқа енгізді. Меніңше, мал бағып, малдан мыңғыраған байлық жинаудан біршама жетіскен болғандаймыз, бірақ әттең ол заманда "Forbes" журналы болған жоқ, әйтпегенде шіріген байлардың "байлығын" біліп отыратын едік. Көсем демекші, алғашқы қазақ сұлтандары, хәм хандарын да олай атау қиын. Себебі, құлдырап жатқан Әбілхайыр (Өзбек) хандығынан біздің ата-бабамыз қашып шығып (Отанын тастап), Моғолстан хандығынан "политическое убежище" сұрап, бас сауғалап келді. Қозыбасы маңынан жер алдық. Соңыра Моғолстан ыдырағанда, бейбіт түрде, азаттық үшін соғыссыз-ақ (1991 жылмен керемет ұқсастық) Қазақ хандығын құрып алдық. Абырой болғанда, осы уақытта (XV ғасырдың екінші жартысы) әлеуеті жоғары көршілер ішкі дағдарысқа бой алып, Қазақ хандығының жариялануы аса байқаусыз қалды. (1949 ж. Израиль мемлекеті сияқты жарияланса не болар еді?) Сөздің қысқасы, подходящий момент болып қалды. Екінші категория біріншіден бетер ойландырды. Біздің тұлғалардың арасындағы ең үлкен "Қиялист" кім? Ұлтты төңкеріп шығып, жаңа құндылықтардың бағытына машықтаған, және ол идеясы орындалған тұлға кім? Яғни Стив Джобс, Джон Леннон, Исаак Ньютон, Галилео Галилей, Циолковский, Владимир Ленин, Авраам Линкольн, Мартин Лютер, Мартин Лютер Кинг секілді тұлғалар біздің тарихымызда болды ма? Халқының өмірі мен ойлану қабілетін түбегейлі өзгерткен. Мойындаймын, Абай әрекет еткен, бірақ нәтижеге жетті ме? Тиянақты, кесіп жауап бере алмаймын. Сіз бұл мәселелер туралы не ойлайсыз?

0
0
888

Жайықта туған бақыттылар


Жайықта туған бақыттылар

Бұл қасиетті Жайық өзені! Осы өзеннің жағасында Қыз Жібек балғын шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген. Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан. Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей Хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған. Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген! Осы өзеннің суымен Александр Македонский де ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өзенді өтіп Батый Хан қыпшақ халқынын рухымен Русь әлемінің "ел боламыз" деген үмітін жүздеген жылдарға кейін шегеріп, отар қылып, Еуропаның жартысын жаулап алған. Осы өзенді өтіп әйгілі Марко Поло Еуропаға Азия әлемін ашқан. Осы өзеннің жағасында адамзат тарихындағы ең дарынды қолбасшылардың бірі Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген. Осы өзеннің бойға сіңген нәрімен Сұлтан Бейбарыс бүкіл Ислам әлемін Моңғол және Крест шапқыншылығынан сақтап қалған. Байтал түгіл бас қайғы заманда Мұстафа Шоқай да осы өзеннің бойымен шетел асқан. Осы өзеннің бойында толғауын шегіне жеткізіп Құрманғазы құдіретті күйлерін шығарған! Осы өзенді қазақтың маңдайына біткен ұлы Әлкей Марғұлан да малтып жүріп Сарайшықты зерттеген!
Осындай осындай өзеннің бойында туғаным үшін қандай бақыттымын! Дәл суреттегі жерде менің бүкіл балалық шағым өтті. Дәл қазір де осы жерде менің өмірім өтіп жатыр! Үйім Жайықтың Азия жағасында, жұмысым Еуропа жағасында. Күн сайын Еуропа мен Азия арасында жаяу "саяхаттап" жүрген маған Марко Поло да қызығатын шығар ))))
Ержан Алаш

 
1
1
757

Windows 8 — жоғары деңгейдегі қауіпсіздік

Операциялық жүйелер жаңарумен қоса, оның ішіндегі қауіпсіздік деңгейі де өсіп келуде. Дизайн және басқада керемет қосымшалардың өзгеруі әрине тамаша, алайда біздің ақпараттарымыздың қауіпті сақталуы өте маңызды. Сол себепті Microsoft компаниясының кезекті операциялық жүйесі, Windows 8-дің қауіпсіздік жағынан қандай жаңартулар бар екенін қарастырып өтейін.

Microsoft корпарациясының айтуы бойынша, Windows 8 операциялық жүйесінің қауіпсіздігі, алдыңғы нұсқаларына қарағанда, әлдеқайда жоғары деңгейде жасалынған. Арье Горецкий (Aryeh Goretsky), NOD32 антивирусның негізін қалаушы, Windows 8 бүгінгі таңда ең қауіпсіз ОЖ екенін айтты.

Сонымен, Windows 8 ОЖ - де қандай жаңартулар бар? Және шынымен ең қауіпсіз ОЖ атағына ие ме (Microsoft-тың басқа ОЖ арасында)? Осыған байланысты, еңгізілген жаңартуларды біртіндеп қарастырып шығайық.

1. Алдын ала орнатылған Windows Defender антивирусы

Windows қорғаушысының (Windows Defender) ең басты артықшылықтарының бірі, алдын ала, операциялқ жүйені орнатқаннан кейін, тегін қондырылады. Және басқа антивирустардан еш кемшіліг жоқ. Ең бастысы Windows defender жарнамалармен, басқа антивирусты сатып алуға және қолданушының рұқсатысыз артық әрекет жасауға тырыспайды. Осының арқасында, ақылы антивирус сатып алғысы келмейтіндер немесе сатып алуға мүмкінігі жоқ адамдар үлкен ықтималмен осы қорғаушыны қолданатын болар.

 

2. Windows SmartScreen - бағдарлама орнатар кездегі қорғаныс

SmarScreen қызметі өте оңай. Ғаламтордан жүктелген бағдарламаның тиісті сертификаты немесе ол бағдарлама жайлы ешқандай мәлімет болмаса Windows SmartScreen автоматты түрде бағдарламаның орнатуын тоқтатады, немесе администратор атымен орнатуды сұрайды. Ал ғаламторға қосылмаған жағдайда, тексерудің мүмкін емес екенін хабарлап, интернетке қосылуды сұрайды. Яғни барлық ақпарат Microsoft серверлері арқылы өтеді.

Windows SmartScreen-ге түзетулер енгізу үшін, Іздеу бөлімінде "SmarScreen" сөзін еңгізссеңіз болды. Ашылған терезенің ішінен өзіңіздің ыңғайыңызға байланысты өзгертулер еңгізсеңіз болады.

 

3. Буткиттерден қорғау

Windows 8 тек қана руткиттерден қорғап қана қоймай, сонымен қоса буткиттерден де қорғаныс береді. Оларды тауып және жою өте қиын. Бірақта, буткиттерден қорғау жаңартылымы тек тек қана 64-разрядтық жүйелерде орнатылатын болды.

 

4. ELAM (Early-Launch Anti-Malware) - Вирусқа қарсы бағдарламаны алдын-ала іске қосу

Windows 8 опреациялық жүйесінің қауіпсіздік жағынан тағы да бір жаңартылымы - вирусқа қарсы бағдарламаны алдын-ала іске қосу болып табылады. Бұл жаңартылым, антивирус бағдарлмаларының басқа бағдарламалардан бұрын іске қосылуын қамтамасыз етеді. ELAM жүйенің қауіпсіздігін алдын алуға мүмкіндік береді.

 

5. Кіру параметрлері

Енді Windows 8 ОЖ қолданушылары жүйеге кірудің жаңа параметрлерін қолдана алады. Ең бірінші, қарапайым құпия сөз арқылы кірсеңіз болады. Сонымен қоса, Майкрософт аккаунтыңызды қолданатын болсаңыз, жүйеге өзіңіздің аккаунтыңыздың логині мен құпия сөзін енгізу арқылы кіре аласыз. Және төмендегі суретте көрсетілгендей, әр-түрлі суреттерді қолданып өзіңізге ыңғайлы "жесттер" қолдансаңыз болады. Графикалық құпия сөз, жүйенің қауіпсіздіген арттыра түседі. Құпия сөздің бұл түрін сенсорлы экранмен және тышқанның көмегімен қолдануға мүмкіндік береді. Ал төртінші түрі, ПИН арқылы жүйені қолдану.

 

6. Windows 8-дегі Жанұялық қауіпсіздік

Тағы да бір өте маңызды жаңартылым - Жанұялық қауіпсіздік. Қазіргі таңда интернетте ата-аналардың басты мәселесі, баласының дұрыс контентті қолдануын реттеу болып табылады. Ата-ана бақылау жүйесі Windows 8 ОЖ-де жанұялық қауіпсіздік деген атқа ие болды. Қауіпсіздіктің бұл түрі баланың қандай контент көріп жатқанын басқаруға, Windows 8 дүкеніндегі бағдарламаларға шектеу қоюға, қолдануға белгілі бір уақыт қоюға және сайттарды фильтрға қоюға мүмкіндік береді.

Мысал ретінде, өзімнің Майкрософт аккаунтымды "балам" ретінде тіркедім.

Жоғарыдағы суретте көрсетілгендер:

 
  • Веб-сүзу. Балаңыздың белгіленген сайтқа кіргенін немесе кірмегенін бақылап отыратын бөлім.

 
  • Уақыт жағынан шектеу. Бұл аккаунт арқылы отырған қолданушының қай күндері, қай уақытта отыра алатынын басқаратын бөлім.

 
  • Windows дүкеніндегі ойындарға шектеу қою.

 
  • Копьютердегі бағдарламаларға шектеу қою.

Суреттерде көрсетілгендей, сіз өз балаңыздың компьютерді және интернетті дұрыс әрі тиімді қолдануын басқара аласыз. Жеке менің ойымша бұл жаңартылым өте маңызды. Себебі қазір интернетте кәмелетті жасқа толмағандарға зиянын тигізетін контент өте көп.

Microsoft корпорациясының кезекті операциялық жүйесінің қауіпсіздігі жағынан бүгіндікке оқырмандарға айтарым осы. Байқап отырсаңыздар өзгертулер аз емес. Және бұл өзгертулер жүйені алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда өте қауіпсіз қылады. Ал қауіпсіздік біздің ақпараттарымыздың ешқайда жоғалып кетпейтініне немесе вирустармен өшіріліп кетпейтініне кепіл береді. Microsoft бұл жаңартулармен тоқтап қана қоймай, әрқашан жаңартып, әлсіз жерлерін дұрыстап отыратыны мәлім.

(c) Alisher Toiguliyev, @toiguliyev

3
3
3003

Алматы — алмалы қала

27 апреля в Парке Выпускников проходило  мероприятие под названием "Алматы-алмалы қала".

Для организаторов все начиналось в 7 часов утра. И выглядели мы примерно так. Что довольно неплохо, учитывая столь ранний час=)

Ну а потом, к 10 часам, уже началась посадка деревьев. Немало доблестных парней и девушек смогли выполнить одну из трех заповедей(Сын.Дом.Дерево).

 

 

 

Итого мы смогли посадить 263 яблоневых дерева. Тем самым мы внесли посильный вклад в развитие Апорта. Кстати еще раз хотелось бы поблагодарить наши основных спонсоров и организаторов за создание благоприятных условий для данной акции.

С чувством выполненного долга наши добровольцы смогли покушать. Было оОо-очень много еды=)

 

 

Теперь можно и расслабиться в кругу друзей.

Ну и финальные фото организационного комитета.

1
0
1143

Композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлінің ән кеші.

Бүгін, сағат 22.40-та Ұлттық арнадан белгілі сазгер, шәмшітанушы, халық арасында кеңінен танымал «Сағыныш әні», «Ағаларым-ай», «Ән-аға», «Шай ішіп кетсең қайтеді?», «Сырдария жағалауы», «Кірмеші жиі түсіме», «Қиялдағы қалқа» әндерінің авторы Қалдыбек Құрманәлінің ән кешін тамашалаңыздар!

0
0
284