Мазмұнға өту

Жаңа

«Жарқын бейне».

Әскери қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш генерал-майор, ұлағатты ұстаз Шәкір Жексенбаевтың жарқын бейнесі туралы осы сенбіде, 11 мамыр күні сағат 19.35-те «Қазақстан» Ұлттық арнасында!

0
0
187

«Сыр-сұхбат».

Аты әлемге танылған, Қазақстанның мақтанышына айналған скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің сыр-сұхбаты осы жексенбіде «Қазақстан» Ұлттық арнасында! Жексенбі,12 мамыр күні сағат 11.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз!

0
0
193

«Ақсауыт».

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің техникалық жөндеу және құрастыру базасының қазіргі таңдағы жай-күйі осы аптада «Ақсауытта»! 12 мамыр күні, сағат 11.20-да Ұлттық арнада!

0
0
226

«Сыр-сұхбат».

Аты әлемге танылған, Қазақстанның мақтанышына айналған скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің сыр-сұхбаты осы жексенбіде «Қазақстан» Ұлттық арнасында! Жексенбі,12 мамыр күні сағат 11.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз!

0
0
226

«Көкпар».

«Көкпардан» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир! Оңтүстік Қазақстанның «Құлагер» және Қырғызстанның «Қабылан» командаларының арасындағы тартысты 12 мамыр күні, сағат 15.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз! Ұлттық арнада - ұлттық ойын!!!

0
0
236

9 мамыр — Жеңіс күні

Бүгін Отан қорғаушылар саябағында Жеңіс күні мейрамына арналған мерекелік парад болды.

Қанмен, жанмен келген жеңістің белгісі.

Астанада бүгін желдің қатты тұруына байланысты көркемдік материалдар құлап қалды. Артынша түзетілді әрине :)

Ұрпақтарының болашағы үшін жанын қиған майдангерлерге арнап гүл шоқтары қойылды.

Батырларды еске алып, құрмет көрсеткен, алау жағып, гүл шоқтарын қойған ұрпақ.

Соғыстан қалған естелік. Кішкентай балаларға атасының жауды қалай қырғанын елестетуіне септігін тигізер естелік.

"Сендердің осылай суретке түсіп, жарқын күлгендерің үшін аталарың жанын қиған"

Отан-Ана монументінің жанындағы бір қабырға Ұлы Отын Соғысына арналған

Мерекелік концерттен кейін мынау палаткалар ішіндер Ардагерлерге арнап ас берілді. Осындай бірнеше палатка бар.

0
0
2804

Жеңіс күні қарсаңындағы мерекелік концерт

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күні мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Сол концерт басталғалы жатқан кез.

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен сыйлаудың лебі еседі.

Мерекелік концерт басталып кетті.

Залда соғыс ардагерлері мен ақ жаулықты аналар толып отыр. Кезінде қосыла шырқаған әндерді естіп, көңілі босап отырған болар.

Ортада квартет "Той вальсі" деп аталатын әнді шырқауда. Бишілердің көйлектері әдемі, иә?

Әлия әнімен ҚР Халық Әртісі - Роза Рымбаева ортада.

Отан қорғаушылар да концерт тамашалап отыр.

Мерекелік концерт керемет өтті. Соңында бар дарын иелеріне Иманғали Тасмағамбетов атынан гүл шоғы ортаға әкелінді.

Есіл ауданының әкімшілігі қарияларға арнайы автобус жалдап, бәрін үйлеріне жеткізіп салды.

0
0
1916

V Қайырымдылық балы

Алматы қаласында өткен V Қайырымдылық балының басталайын деп жатқан сәті. Әсем көйлектерін киіп, сылқымдана қыздар да, шашын артқа қайыра тарап, жігіттер де жиналуда.

Тотыдайын таранған аруларды қараңызшы, көз тоймайды!

Ертегілердегі ханшайымдар мен ханзадалар ғана қатысатын би кешіне ұқсайды. Иә, бұлар - Қайырымдылық Балдың қатысушылары.

Ырғақты әуен, ырғалған би... Қонақтардың бәрі би қанатында қалықтауда.

Балдың қонағы - батырхан Шүкенов орыс полькасын билеуде.

Сахнада Балдың қадірлі қонағы Дмитрий Хворостовский.

Балдың қадірлі қонақтары - Ахметжан Есімов, Дмитрий Хворостовский, Батырхан Шүкенов қызу әңгіме үстінде.

0
0
529

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде Осыдан алпыс сегіз жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жаумен айқасып, небір қаһарлы күндерді майданда өткізді. Қан көл болып аққан бұл соғысқа есін енді жиған жастардан бастап барлық ер азаматтар қатысты. Майданда жүріп ер жеткендер де, өмірмен қоштасқандар да көп. Мысалы, Жәнібек Елеусізов он жеті жасында майданға баруға өзі өтініш жасады. Ол жас та болса, өз өмірінен Отанын жоғары қойды. Ата-анасына жазған хаттарының бірінде «Мен үшін қайғырмаңыздар, қайта қуаныңыздар, өйткені, мен өз Отаным алдындағы борышымды өтеуге бара жатырмын. Мен жаудан қорықпаймын. Отанымды соңғы күшім қалғанша қорғаймын… » ,- деп оларды жұбатады. Немесе Баубек Бұлқышев, не бары 28 жас ғұмыр кешті. Өмірге құштар бола тұра өзінің майданда қаза табатынын сезіп, көптеген публицис…

2
0
27319

ҚР Халықтар бірлігі күні мейрамы Астана қаласында осылай тойланды

1 мамырда Астана қаласындағы Қазақ елі алағында Қазақстан халықтары достығының мерекесі тойланды.

Қазақ елі алаңындағы концертте халық тым көп. ауа райы да тамаша.

Мына балапан алаңсыз ойнап тұр :)

Концерт тамашалап отырған халық

Мына жас отбасы үшем бөпесін де концерт көрсін деп алып шыққан екен алаңға :)

"Оберег" украин қоғамы

"Возрождение" немістер қоғамы Қазақ елі алаңында

"Ахыска" түрік мәдени орталығы

Корей этномәдени орталығы

"Тан" татар-башқұрт мәдени орталығы

Ұйғыр мәдени орталығы

"Вайнах" шешен-инғұш этномәдени орталығы

"Лад" республикалық славян қозғалысының филиалы мен өзбек этномәдени орталығы

0
0
1099