Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздің құрамасын Сочи-2014 Олимпиадасына дайындау үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет – СжәнеДШІА

 

Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасын Сочиде өтетін қысқы ойындарға дайындық бойынша іс-шаралар өткізу үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

«Таяу арада республикалық бюджеттік комиссиясы (РБК) Сочидегі Олимпиадаға команданы дайындау үшін қажетті 1 млрд теңге сомаға өтінім қаралады», — деді Е.Қанағатов.

Олимпиада құрамасын дайындауға ағымдағы шығындар мәселесіне қатысты «қазір шығындарды есептеу өте қиын. Бұл жерде кешендік тәсіл. Бізде ұлттық командалар штаты дирекциясының қаражаты бөлінуде, «Самұрық-Қазына» қорының бас демеушісінен біз 472 млн теңге алдық, жергілікті деңгейде әкімдіктер спортшыларды қолдайды және оларға жағдай жасайды».

Сонымен қатар, ведомство басшысының орынбасары спортшыларды жүлделі орындар үшін сыйақы бұрыңғыдай болып қалатынын хабарлады.

«Сыйақы мөлшерлерін бұрыңғыдай қалдыруды ұсындық, ол Лондон, Ванкувер Олимпиадаларында – 1 орынға 250 мың доллар, 150 мың доллар – екінші орынға және үшінші және алтыншы орынға дейін – 75 мың доллар болды. Осы қолдау бұрыңғы деңгейде қалады деген үміттемін», — деп қортындылады Елсияр Қанағатов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасы Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сәйкес Қазақстан жылдың соңына дейін спорттың 10 түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алады.

Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.

 
0
0
170

Осы тақырып бойынша

Еліміздің құрамасын Сочи-2014 Олимпиадасына дайындау үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет – СжәнеДШІА - Yvision.kz