Мазмұнға өту

Жаңа

«Барселона» жаттықтырушылары қазақстандық оқушыларға шеберлік-сабақтарын өткізеді

   

Испан футбол клубының ең мықты жаттықтырушылары екі апта бойы қазақстандық жас футболшыларға сабақ береді, деп хабарлайды жобаның ұйымдастырушылары.

«2013 жылдың 30-шы маусымы мен 13-ші шілдесі аралығында «Астана-Арена» стадионында елімізде теңдесі жоқ шара өтеді»,-деп жазылған хабарламада.

Біздің елімізде алғаш рет испандық «Барселона» клубының жаттықтырушылары 9-11 жас аралығындағы спорт мектептерінің оқушылары үшін екі апталық шеберлік сабақтарын өткізеді. Жаттығуға қатысу тегін.

Шараны «Назарбаев –Орталық» ММ, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен «Қазақстанның спорттық технологиялар» ЖШС ұйымдастырады.

0
0
207

ҚР Президентінің кубогін Қазақстан құрамасы жеңіп алды

 

ҚР Президентінің кубогі үшін финалдық ойында Қазақстанның жастар құрамасы Иранды 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz.

Ойын барысындағы жалғыз голды алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Максим Котов ойынның 82-ші минутында салды. Осылайша ол өз командасына жеңіс сыйлады.

Жарыстағы командаралардың қорытынды орналасу тізімі: 1. Қазақстан, 2. Иран, 3. Литва, 4. Әзірбайжан, 5. Грузия, 6. Қырғызстан, 7. «Ботафого», 8. Қытай.

0
0
237

С. Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық дода мәресіне жетті

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz Астанада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды 24 KZ. Осымен 18-ші рет өткізіліп отырған бәсекеге биыл Ирак, Моңғолия, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Украина боксшылары қатысқан болатын. 5 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жеңіл салмақта жерлесіміз Әділет Қапезов жеңімпаз атанса, 52 келіде тағы бір қазақстандық Олжас Сәттібаевқа тең келер ешкім болмады. Сонымен қатар Ұлттық құрама сапындағы Жанболат Тілегенұлы, Бекман Сойлыбаевтар өз салмағында чемпион атанды. Айта кетейік, бұл халықаралық бәсекеде олимпиада жүлдегерлері Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков және Геннадий Головкиндер өз уақытында өнер көрсетіп, жетістікке жеткен бола…

0
0
484

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында дарындылар додасы жалғасуда. Жартылай финалға шыққан екінші ондықтан жеңімпазды Сіз анықтайсыз! Әр сенбіде Ұлттық арнада тікелей эфирде, сағат 21.05-те лайықты өнерпазға дауыс беріңіз!

0
0
236

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Бірін-бірі жек көре тұра, өмір ағысы тоғыстырған соң, амалсыздан апалы-сіңілі болуға тура келген қос гүл-ғұмырдың ендігі тағдырлары не болмақ? Дүйсенбі мен жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнадан «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімдерін тамашалаңыз!

0
0
552

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Бірін-бірі жек көре тұра, өмір ағысы тоғыстырған соң, амалсыздан апалы-сіңілі болуға тура келген қос гүл-ғұмырдың ендігі тағдырлары не болмақ? Дүйсенбі мен жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнадан «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімдерін тамашалаңыз!

0
0
341

Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы

1 Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көркем Керала штатының Кочин қаласына барған саяхатымды фото баяндама түрінде назарларыңызға ұсынамын. Колониалды ғасырларда Кочин Португалия, Голландия, Англия империяларының еншісінде болған. 2 Кераланың кей жағалары Араб теңізімен бір деңгейде және жылдың үштен бір мезгілі жаңбырлы болып, тау шатқалдарынан ағатын өзендер салдарынан материкте көптеген теңіз қолтықтары (Kerala backwaters) пайда болған, содан болар ежелден бұл ғажап табиғи экожүйені "Азия Венециясы" деп атап өткен. 3 Еуропалықтардан мұра болып қалған дін, тіл, ескі қамалдар, шіркеулер сақталғанымен, төл халық өзіне лайық аталық ғұмырын кешіп келеді. 4 Негізі Кочин индустриалды қала және халықтың басым бөлігі заманауи жағдайлар…

8
1
1119

Күн батареясын орнатып, пайда табуға мүмкіндік бар

Жақын уақытта қазақстандықтарға өз үйлерін шағын «электр стансасына» айналдырып, одан өндірілген қуатты мемлекетке сатуға, сөйтіп, пайдаға шығуға мүмкіндік берілмек. Осылайша Қазақстан миллиондаған үйлердің шатырларына күн батареяларын орнатып, аспандағы алып «шамшырақтың» нұрын іске жаратып жатқан неміс елінің тәжірибесін өзінде кеңінен ендіруге белсенді. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қалаулылар осыны рәсімдейтін арнайы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=20377

0
0
559