Мазмұнға өту

Жаңа

сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы» заң жобасы

Таяуда "Астана ақшамы" газетінің бетінде Кешегі сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы" заң жобасын мақұлдауына қатысты өз ойымды білдірген едім. Қазақстан тәуелсіздік алғалы толыққанды қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытында ауқымды реформалар жүргізіп келеді. Сондықтан, Сенатта қаралып жатқан заң жобасын ізгілендіру саясатының аясында жүргізіліп жатқан ауқымды процестің бір бөлігі деп қарастырған жөн. Жалпы, қаржылық қылмыстарды қылмыссыздандыру бұл нағыз құқықтық-демократиялық мемлекеттерде кеңінен қолданылатын жаза түрі. Яғни, бұл жердегі негізгі принцип мемлекеттің экономикалық мүддесін басым бағыт ретінде қарастыру болып отыр. Дәлірек айтсақ, қылмыс жасаған азаматтың қоғамға қауіпсіздігі деңгейі болмашы болса, оны бас бостандығын айырып, салық төлеушілердің есебінен асырағаннан, келтірген шығынды төлетіп, бюджетті толықтырған әлдеқайда тиімді.

0
0
583

Пірлер, дінбасылар, әулие-әмбиелер...

Діни дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін ұстауға күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ сәбидің санасына сіңіріле бастайды.

Ой мен Сенімді бір-бірінен бөліп алу мүмкін емес. Яғни, ойланудан ерінген, ойланудан қалған адам – иланудан қалған адам. Ал дәстүрлі дін Сенім мен Ақылды бір-біріне қарсы қояды. Яғни, Сенім бар жерде ақыл керек емес. Бұл екеуінің дұшпандығына «әлім», «уляма», «факих», «мухаддис», «муфассир», «шейх уль-ислам», «аятолла», «худжат уль ислам», «молда», «мәуләна», «әулие», «имам», «мүфтий», «мүршид» тағы басқалай аталатын діни атақтар, қысқаша айтқанда түсіндірмеші пірлердің кәсіби институты дәлел бола алады. Бұл институт сүннизм мен шиизмге, сонымен қатар суфизм, салафизм сияқты олардан бөлінген секталарға тән.

Ақыл мен Сенімнің қайшылығына апаратын нәрсе – дін туралы білімді жай пенденің қолы жетпейтін биікке шығарып қою. Бұл үшін діннің өзі екіге бөлінеді. Бірінші – эзотерикалық, яғни құпия, күрделі, қол жетпейтін биіктегі дін. Екінші – экзотерикалық, бұл – жай «мұсылмандар» күнделікті ұстап жүрген практикалық, қолжетімді дін. Өздеріңіз байқап отырғандай, діннің эзотерикалық тармағында Ақыл қолданылады. Ал оған тек дін иелері мен дінбасылардың ғана хұқы бар!

Дәстүрлі дінде «қасиетті дін білімін» алғандар айрықша мәртебеге ие. Бұл мәртебені олар Дәстүрге ұзақ қызмет етіп, мол еңбек сіңіргені үшін алады. Ондағы еңбек: кітаптан бас алмай, тұтас мәтіндерді жаттау, ол мәтінді жеткізушілердің тізбегін жатқа айту, түрлі секталардағы беделді пірлерге шәкірт болып, сол секта дәстүрін жалғастыру. Пір-абыздықтың бұл түрі негізінен ортодоксал сүннит бағытына тән.

«Мұсылмандықтың» өзге бағыттарында пірліктің басқа варианттары бар. Мысалы, шиизмде – мұрагерлік, суфизмде – азапты тақуалық. Ал іс жүзінде пірліктің түрлері араласа береді. Сүннит әлімдері мен шииттік аятоллалар сопы да бола алады, ал сопылар «әулиелікті» баласына мұраға қалдыра береді.

Тагут

Дінбасылардың бірден-бір мақсаты – хұқық саласын өздеріне меншіктеп алу. Діни заңдар шығару – солардың құзыретінде. «Қасиетті білім бізге берілген» деген желеумен олар дін иелері корпорациясын қоғам үшін заң шығару құралына айналдырып алған. Бұл да ештеңе емес. Дінбасылар мен пірлер қоғамның бүгіні мен болашағына ықпал етіп жатыр.

Осылайша жеке адам мен Құдайдың арасында бөгет пайда болды. Ол бөгет – Дәстүр, яғни Құдайдан бөлек жүйе. Ал жай адамдар осы жүйенің бір бөлшегі ретінде Имансыздыққа қатысып отыр. Құдайдан бөлек заңдар жүйесін Құранда «Тагут» деп атайды. Тагут дегеніміз – мәжбүрлеу, әділетсіздік. Бұл жүйе Хақ дінге балама ретінде шығады. Және өзінің заң шығарушы ретіндегі сипатын алға тартады.

4:60 Саған түскенге және саған дейін түскендерге де сенеміз деп қойып, адам баласы өзіне Тагут төрелік айтқанын дұрыс көреді емес пе, білмеуші ме ең? Адамдарға оған сену әмір етілген жоқ қой! Бірақ шайтан оларды адастырғысы келеді.

Тагут жүйесі – ата-бабадан қалған дәстүрге өте жақын нәрсе. Сенбейтін адамдар Құдай жолы мен ата-баба жолы бір нәрсе деп біледі. Осылайша олар өздерінің ырымдарын, тыйымдарын ақтап алуға тырысады.

16:35 Аллаға серік қосушылар: «Егер Құдай соны қаламаса, біз де, аталарымыз да Одан басқа ешкімге сенбеген болар едік, Ол айтпаған нәрселерге тыйым салмас едік» дейді. Бұрынғы өткендер де дәл осылай еткен. Елшілерге аянды айқын жеткізуден басқа міндет жүктеліп пе еді?

16:36 Біз «Құдайға бас иіңдер, Тагуттан алыстаңдар!» деп үгіт айтуы үшін әр қауымға елші жібердік. Олардың кейбірін Құдай дұрыс жолға салса, енді біріне адасуға бұйрық болды. Жер бетін шарлаңдар, сенбейтіндердің ақыры немен тынғанын көріңдер.

Ата-бабадан қалған дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін тұтынуға адам баласын күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ сәбидің санасына сіңіріле бастайды. Орыс – православ; қазақ, араб, түрік – мұсылман; еврей – иудей; қытай – даосист, буддист, конфуцийшіл... Мұндағы «православ діні», «мұсылманшылық», «иудаизм», «буддизм» дегендердің барлығы – Дәстүр, адамды ата-бабасы кім болса, сондай болуға мәжбүрлейтін Тагут.

Ал Құдай не дейді? Ол дәстүрлі дін мен Құдайға сенімнің бір-біріне қарама-қайшы, тіпті дұшпан екенін айтады.

2:256 Дінде мәжбүрлеу жоқ. Дұрыс жол мен теріс жолдың арасы анық етіп ажыратылды. Тагуттан бас тартып, Аллаға сенгендер қисаймайтын тіректі сүйеніш етті. Құдай бәрін естіп, біліп тұр.

0
2
2693

Хадис авторлары жын-шайтанды көрген бе?

Аты «ислам» демесеңіз, шын мәнісінде ол діндерде Құранның рөлі жоғалуға айналған. Көптеген халықтар Исламды өздерінің дәстүрлеріне ауыстырды. Құранды ақиқаттың бастауы деп қабылдасақ, ырымшылдыққа, жын-шайтана қатысты жалған нанымдар өз-өзінен жойылар еді.

Мешітте жұма намазында тұрып, тәкбір қақпас бұрын оң жақ иықтарына түкіретін жігіттерді көрген шығарсыз. Мұнда қандай сыр бар, бұл қайдан келген ғұрып? Сұрастыра келсем, олар намаз кезінде шайтан азғырмауы үшін осылай істейді екен. Яғни, намаз бастамас бұрын иықтарыңа қарап түкір, сонда шайтан мүлдем жоламайды.

Исламның сүнниттік бағытында шайтанға қатысты көптеген нанымдар бар. Шайтан мен жын туралы уағыздарын тыңдасаң, кәдімгідей қорқасың. Жын-шайтанның ертегі кейіпкерлеріне тән керемет мүмкіндіктері хадистерде жиі кездеседі. Сол себепті ол нанымдар мешіттерде көп уағыздалады.

Шайтан желаяқ, шапшаң қимылдайды, түн уақытында тіпті күшті, азғырып адастырады, адам баласын жек көреді. Шайтанның қасиеті мен мінез-құлқы осындай. Бірақ сипаты белгісіз. Дегенмен, кейбір хадистерде шайтанға сипаттама берілген. «Қара иттер шайтаннан» деген хадис бар. Мұнда адам санасына кереғар, жалған мәлімет жатыр. Қара иттердің түрі (мысалы, доберман) кей адамдар үшін қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ шайтан екеуін байланыстыратын ештеңе жоқ екені есуасқа да белгілі болса керек. Мынадай бір хадис бар: Түнде әйел адам жалаңаш жатса, шайтан келіп жыныстық қатынасқа түседі. Сол секілді екпеттеп жату, мешітке сол аяқпен кіру, сол қолмен тамақ ішу шайтанның әскеріндегі адамдардың әрекеттері болып саналады. Намаз оқып отырып есінеуге болмайды – ауызға шайтан кіреді. Осындай хадисті білесіз бе? Жалпы есінеу туралы хадистер көп. Есінеген кезде оң қолдың алақан жағымен ауызды жабу керек. Оң қолсыз адам болса, сол қолымен. Әйтпесе, ауызға шайтан кіреді де адастырады, ал адасқандар тозақтың отында күйеді. Дінбасылар осылай қорқытып отырса, сол мағынасыз, қисынсыз хадистерде айтылғанды істемеуге адамдарда ерік бар ма?

Мұндай хадистерге сенетіндер көп. Діни дәстүрдің «Пайғамбар айтқан, пайғамбар солай істепті» деген бір ауыз сөзі жеткілікті.

Дәстүрлі мұсылмандықтың түрлі ағымдарында айтылатын жын-шайтан, періштелер – өзге мәдениеттерден, оккультті діндерден алынған кейіпкерлер. Пұтқа табынушылық пен сүннизмнің өзара жақын екендігі осы жын мен шайтан мәселесінен анық көрінеді. Жын зороастризмдік немесе үнділік пантеондардың элементтерімен сипатталады. Сүнниттердің ұғымындағы шайтан мен періштелер қанатты, жыныссыз, мүйізді, тірі жанды мақұлық. Түрлі мұсылман халықтары өздері тұратын аймақтардағы ежелгі пұтқа табынушылықтан қалған «кейіпкерлерден» әлі арыла алмай келеді.

«Шайтан мен періште туралы түсініктеріміз жалған» дегенде оларды мүлдем жоққа шығармақ ойымыз жоқ. Біз тек оларды сипаттап, түрлі әрі нақты қасиеттер берудің жалғандық екенін айтпақпыз. Біз олар туралы Құран аяттарын ақылмен дұрыс түсінуге шақырамыз. Құрандағы «мәляика» мен халық арасында танымал «періште» ұғымы бір емес.

Періште махаббат символы деген ұғым бар. Жастар сүйіктісіне «періштем» деп жатады, ақындар да осылай өлеңдеріне қосады. Ондай наным-түсінік бойынша, періште қанатты, ұша біледі, әдемі, киелі садағы бар, сол садақпен атса махаббат сезіміне бөленеді. Періштенің қанатының ұзындығы 3 айлық сапардай болады дейтін хадистерде кездеседі. Бір абыздар періштеде сексен қанат бар десе, екіншілері «жоқ, 100» деп таласады.

Мұның бәрі Құранда айтылған періштеге қарама-қайшы. Дін иелері Құранды өздерінің шамандық, зороастрлық, индуистік сенімдерімен түсіндіріп келді. Әр аймақтағы мұсылмандық дәстүрге қарасаңыз, оған жергілікті халықтың мәдениетіне қатысты ырымдардың араласып кеткенін көресіз. Аты ислам деп аталғанымен, шын мәнісінде ол діндерде Құранның рөлі жоғалуға айналған. Көптеген халықтар Құранды өздерінің дәстүрлеріне ауыстырды немесе Ислам мен дәстүрді араластырды. Құранды ақиқаттың бастауы деп қарастыра алсақ, ырымшылдыққа, жын-шайтанға қатысты осындай жалған нанымдар өз-өзінен жойылар еді.

Аман Құмаров

 
0
0
2562

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздары маратпатталды

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырған конкурсымыздың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтарды біздің ұжымның басшылығы арнайы табыстады. 

Демотиваторлар конкурсында бірінші орынды мына демотиватор жеңіп алды! Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8169

Демотиваторлар конкурсында екінші орынды жеңіп алған демотиватор. Құтты болсын! http://kaztube.kz/kz/images/8151

Мынау - үшінші орынға лайықты демотиватор. Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8168

Бірінші орынға цифрлы фотоаппарат!Жеңімпазымыз Әлішер Алматыда болғандықтан орнына сыйлықты жеңгесі алды #kaztubeArmy

 

Демотиваторлар конкурсының 2орын иегері сыйлығын алып кетті.Гүлжанат Ақтөбеде,суретте Астанадағы әпкесі.

 

Үшінші орын иегері - Аружан. МР4 құрылғысына ие болды. Құттықтаймыз!

 

Жеңімпаздарымызға сыйлықты "Қазконтент" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бахтиева Зарина Нұрланқызы табыстады.

 

"Отан қорғаушылар" видеоконкурсында бірінші орынға лайықты видео! Патриоттық тұнып тұр! Жеңімпазымызды құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/video/74903

"Отан қорғаушылар" видеоконкурсынан екінші орынды еншілеген видео #kaztubeOtan http://kaztube.kz/kz/video/73712

 

"Отан қорғаушылар" атты видеоконкурсымызға сапалы да мағыналы видео жүктеп, бірінші орынды жеңіп алған жеңімпазымыз - Алмас. Планшетіңіз құтты болсын, қажетіңізге жарай берсін!

0
0
1102

Бақыт Ахметов, «Әлем чемпионатынан үш алтын аламыз деп ойлап едім»

— Біз Жазираны алтын алады деп ойлағанбыз. Бірақ қытайлық қыз да қарымды болып шықты. Ал Карина Горичева ұшаққа отырғанда дене қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды. Әйтпесе, әлеуеті алтын алуға жетер еді.

   

Перу астанасы Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпио­наты өтiп, үш бойжеткеніміз қатысты. 75 келi салмақта Анастасия Швабауэр әлем чемпионы атанса,69 келi салмақта сынға түскен Жазира Жаппарқұл күмiспен күптелді. Өкінішке қарай, ү шiншi аруымыз Карина Горичева жүлдесiз қалды.

 

Жастар құрамасының аға бапкерi Бақыт Ахметов Каринаныңсырқаттанып қалғанын айтып, әйтпесе тәуiр нәтиже көрсететiн едi дейдi.

Бақыт Ахметов, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:

—       Перуге толық құрамда бара алмадық. Себебi маусым айының соңында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтедi. Құраманың өзге мүшесi осы сынға дайындықты бастап кеттi де, әлем біріншілігіне тек үшқызымызды ғана апаруға тура келдi. Ұшақта Каринаның дене қызуы көтерiлiп, 39 градусты көрсеттi. Әлем чемпионаты басталғанға дейiн де түспей қойды. Сырқатына қарамастан әлем чемпионатына қатысты.

—       Жазира Жапарқұл әлем біріншілігінде екінші орын алыпқалды…

—       Біз Жазираны алтын алады деп ойлағанбыз. Бірақ қытайлық қыз дақарымды болып шықты. Жұлқа көтеруде 10 келіге озып кетті. Серпе көтеруде 135 келіні бағындырып, қытайлыққа жетуге сәл қалған. Дегенмен, 140 келілік зілтемірді кеудесіне қойып көтере алғанымен, басынан асыра алмады. Соған қарамастан, қос жаттығу бойынша 240 келі нәтижесін көрсетіп, өзінің жеке рекордына түзету енгізді.

— Жалпы, әлем біріншілігіне қандай мақсатпен қатыстыңыздар? Жоспарда қанша медаль алу болған еді?

— Басшылыққа әр жүлденің бір-бір түрінен алып келуге уәде бергенбіз. Шәкірттерімнің өнерлері көңілімнен шықты. Бірақ өз басым, үш қызымыз да алтын алады деп ойлаған едім.

 
0
0
547

«Таразды» түлен түртті ме?..

Бір жылдың ішінде жеңіске деген арандары ашыла түскен бе, «Тараз» басшылары білікті бапкерін орнынан қағып тастапты. Қазекем «семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бұл шешім сол «семіздіктің» кері болмаса жақсы…

     

Тараз топырағынан талай талантты футболшы түлеп ұшты. Тараз топырағы талай тарланбоздың тұсауын кесті.

Алайда соңғы жылдары «Тараз» футбол клубының тасы өрге домалай қоймады.Қалтасы жұқа болды ма, құрылтайшысы қоңды болмады ма, әйтеуір кежегесі кейін тартып, бірінші топқа түсіп қалған кезі де болды.

Содан былтыр шежіресі мол клубтың тізгіні төрткүл дүниеге танымал Любомир Петрович ақсақалға тапсырылды.

Серб маманы шынымен де білікті бапкер екен, «Таразды» түлетті. Ойын өрнегін жетілдіріп, азуын айға білеген айбынды командалармен тайталасатын деңгейге жеткізді.

Биылғы маусымды да сәтті бастап, көш басында ойқастаған кездері болды.Құрамын Мануэль Круто секілді бесаспап футболшымен нығайтып, ел чемпионатының көрігін қыздырды.

Бірақ соңғы турларда басты бәсекелестерінен ұтылып, жанкүйерлерін жергеқаратты. Тіпті көш соңында ілбіген «Жетісу» клубын ұта алмай, пұшайман болды.

Негізі, бұл әр командада болатын уақытша құбылыс болуы мүмкін еді. Өйткені «Тараз»  футболшылары маусм басында спорттық баптарында болды.

Бірнші айналымның аяғына қарай, аяқтарына жем түскендей кібіртіктеп қалғаны рас. Кім біледі, бәлкім, үзілістен кейін қайтадан көсіле сілтер ма еді?!

Енді бәрі де кеш… Петрович ақсақал қызметінен босатылыпты. Бір жылдыңішінде жеңіске деген арандары ашыла түскен бе, «Тараз» басшылары білікті бапкерін орнынан қағып тастапты. Қазекем «семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бұл шешім сол «семіздіктің» кері болмаса жақсы…

Орнына кім келеді, енді бәрі де соған байланысты. Десек те, «Тараз» биыл жүлдеге ілігеді дегенге сену қиын. Асуда «ат» айырбастағандардың бәйгеде бірінші келгенін көрген жоқпыз.

«Тараз» таланттар түлеткен киелі мекен еді. Иісі қазаққа мансап қуып, чемпион болғанынан гөрі жыл сайын Бауыржан Исламхандай бір дарынды сыйлап отырғаны пайдалы еді…


 
0
0
603

Ынтымақ бар жерде мақсат та бар

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастық орнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде.

   

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастықорнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде.

Ел чемпионаты

Халықаралық ВТБ бірегей лигасында өнер көрсететін, құрамын деңгейі жоғары легионерлермен жасақтап алған «Астана» клубы биыл да ел чемпионы атанды.Ұлт­тық лигада додаға түскен еліміздің маң­дайалды алты клубының алғашқы төрттік­ке ілікендері ел біріншілігінің жүлделі орын­дарын сарапқа салған.

«Тобыл» (Қос­та­най) және «Алматы» биылғы маусымда бесінші және алтыншы орындармен шек­теліп, жартылай финалдың бір жұбында – «Астана» мен «Қапшағай» (Алматы об­лы­сы), екіншісінде «Барсы» (Атырау) және «Каспий» (Ақтау) кездесті.

«Астана» «Қапшағайды» үш рет ұтып (94:83, 112:78, 98:63), финалға қинал­май шықты. Ал екінші жұптағы шиеленісті дода бес ойынға созылды. Атырау клубы «Каспийден» өз алаңында 78:85 есебімен ұтылып қалып, ертеңінде 84:65 есебімен есе қайтарды. Ал Ақтауда 72:62 есебімен ұтып, одан кейін 78:80 есебімен жеңіліске ұшырады. Шешуші ойын қайтадан Атырау­да өтіп, «Барсы» 83:75 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты (жалпы есеп – 3:2).

Атыраулықтармен тайталасқан «Кас­пий» үшінші орын үшін өткен тартысты матч­тарда «Қапшағайдан» басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Өз жерінде екі рет ұтып (84:79, 87:69), Талдықорғанда өткен үшінші ойында жеңілістің кермек дәмін та­тып (76:84), төртінші ойында жеңіске жет­ті (85:81).

Ал «Астана» финалда «Барсы» баскет­болшыларын «қалпақпен ұрып алды». Ас­танадағы екі ойында 102:96 және 97:87 есептерімен басымдық танытып, Атырауда 90:81 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, биыл да ел чемпионы атанды.

ВТБ бірегей лигасында латыштардан аса алмады

Ел чемпионаты аяқталған соң мамыр­дың басында, мереке күндері ВТБ бірегей лигасының плей-офф додасы басталды. Аталмыш доданың 1/8 финалында Рига­ның ВЭФ деп аталатын танымал клубымен кездескен «Астана» 1:2 есебіменұтылып қалды. Астанада өткен алғашқы ойында Ита­лия маманы Маттео Боничиолли жат­тықтыратын Қазақстан клубы 89:76 есе­бімен үстемдік танытқан.

Сол ойыннан соң елордалықтар Рига клубын жеңіп, ширек финалға шығады ғой деп үміттенгенбіз. Алайда олай болмады. «Астана» Ригада Латвия клубынан екі рет оңбай ұтылып, сенім артқан баскетболшыларымыздың ұнжырғалары түсіп кетті. Есеп: 54:87 жә­не 67:76. «Астана» осылай плей-офф до­да­сы­ның алғашқы сатысынан аса алмай, жер шұқыды.

Біздің үздігіміз – Антон ПономаревАйтпақшы, ВТБ бірегей лигасы биыл өз құрамындағы елдердің үздік баскетбол­шыларын анықтады. Аталмыш лигада то­ғыз елдің клубтары бақ сынайды. Атап айт­қанда, ВТБ бірегей лигасында Қазақ­стан, Латвия, Эстония, Польша, Беларусь, Чехия елдерінен – бір клубтан, Украинадан  – екі команда, Литвадан –үш клуб, ал Ресей­ден тоғыз команда өнер көрсетеді. Биыл ли­ганың сарапшы кеңесі осы ел­дердің ең үздік баскетболшыларын анық­тауда. Біз­дің елден шабуылшы Антон По­но­марев үздік танылыпты.  

Оған талас жоқ. Себебі ВТБ бірегей ли­га­сы аясындағы табан тірескен дүлей до­да­ларда біздің жігіттердің ішінен алаңға ең көп шығатын осы – Антон. Шетелдік легионерлерімізбен бірге тізе қосып, командалық ойын үлгісін ақсатпай, сенімүдесінен шығып жүр.

Қазақстандық басқа ойыншылармен салыстырғанда, техника­лық көрсеткіші де – жоғары. Ол биыл атал­мыш лигада 17 ойын өткізіп, орта есеппен әр матчта команда қоржынына 7,8 ұпай салып отырған көрінеді.

Ұлттық құрама тізгінін білікті маманға ұстаттық

ВЭФ клубынан ұтылып, елге оралған соң «Астана» қол қусырып отырған жоқ. Келе сала команда басшылары елордада баспасөз жиынын өткізді. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқару­шы директоры ДарханҚалетаев та қаты­сып, алдағы мақсаттарын мәлімдеді.

«Са­мұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР баскетбол федерациясы бірігіп, ерлер ара­сындағы ұлттық құраманың тізгінін Италия маманы Маттео Боничиоллиге се­ніп тапсырғандарын да жариялады. Оның да өзіндік себебі бар.

Біріншіден, мүмкін ең бастысы дерсіз, ерлер арасындағы ұлт­тық құрама бюджетінің 50 пайызын «Ас­та­на» клубы көтермек. Ал бұл клуб былтыр ғана өзі аттас, яғни «Астана» президенттік кә­сіби спорт клубының құрамына енген.Құрамына бірнеше спорт түріндегі азулы командалар кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрылтайшысы – «Самұрық-Қазына»ұлттық әл-ауқат қо­ры».

Екіншіден, Маттео Боничиолли, шы­ны­мен де, білікті маман. Оның ұлттық құра­маны да жаттықтыруға келісім бергеніне қуануға тиіспіз. Үшіншіден, ұлттыққұрама­ның негізін «Астана» клубының баскетбол­шылары құрайды.

Өзбектерден өктем түстік

Содан соң Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан құрамасымен кездесті. Бұл рес­ми ойын болатын. Осы ойында жеңіске жет­кен құрама Азия чемпионатынақатысу құқығына ие болады. Азия баскетбол фе­де­рациясының талабы осындай екен.

Деңгейі жоғары халықаралық лигада шыңдалған баскетболшыларымыз бен ел чемпионатында көзге түсіп жүрген жігітте­ріміз жерге қаратқан жоқ. Өзбекстанқұра­масын 80:60 есебімен тізерлетіп, Мани­лада (Филиппин) өтетін Азия чемпиона­тына қатысатын болды.

Ендігі мақсат – Азия чемпионатында жүлдеге ілігіп, 2014 жылы Испанияда өтетінәлем чемпиона­ты­ның жолдамасын жеңіп алу. Азияда үз­дік үштікке ілікпесек,әлем чемпионатына қа­тыса алмаймыз.

Құрама сапы

Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы Ма­ни­ла­дағы әлем чемпионатына дайын­да­лу­да. Маттео Боничиоллиге өзіміздің отан­дық білікті маман Виталий Стребков көмек­те­суде. Ал құрама сапына шақыртылған бас­кетболшылар тізімі төмендегідей:

Антон Пономарев, Рустам Ерғалиев, Рус­там Мырзағалиев, Анатолий Колес­ников, Павел Ильин, Дмитрий Климов, Мак­сим Марчук (бәрі де – «Астана»), Андрей Малышев, Дмитрий Гаврилов, Виталий Лапченко (бәрі де – «Каспий»), Михаил Евстигнеев, Леонид Бандарович (екеуі де – «Барсы»), Тимур Сұлтанов, Кон­стантин Двирный (екеуі де – «Тобыл»), Юрий Кожанов («Қапшағай»), Николай Бажен («Тигры», Астана), Александр Жи­гулин («Барселона», Испания).

 
0
0
588

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика

федерациясының вице-президентігінен үміткер

20-22 мамыр аралығында Мәскеуде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) конгрессі өтеді. Оған осы саланың басы-қасында жүрген барлық лауазым иелері қатысады.

Күн тәртібінде көптеген мәселелер тұр. Соның арасындағы ең негізгісі – аталмыш ұйымның президенті, вице-президенттері және өзге де басшылық қызмет атқаратын басқа да лауазым иелерін сайлау. Бақ сынауға бел буғандар арасында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия конфедерациясының вице-президенті Қайрат Тұрлыханов мырза да бар. 2001 жылдан бері осы қызметтің тізгінін ұстаған айтулы азамат сол уақыт аралығында көптеген шаруа тындырғанын дүйым жұрт жақсы біледі. Ең бастысы, осы спорт түріндегі күрмеуі көп мәселелер шешіліп, тығырыққа тірелген салада тың серпіліс байқалды. Отандастарымыз Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты секілді дүбірлі додаларда мол олжаға кеңеліп қана қомай, командалық есепте таңдай қағарлық нәтижеге қол жеткізді. Азия ойындары, Азия чемпионаты және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда үнемі үздіктер қатарынан көрінді. Осындай ерең еңбектің арқасында Қазақстанның зілтеміршілері бүгінгі таңда әлемдегі маңдайалды командалардың санатына еркін қосылып отыр.

Табаны күректей 12 жыл бойы өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып келген Қайрат Тұрлыханов мырза енді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болуға тәуекел етіп отыр. Қазіргі кезде осы қызметтің тізгінін ұстауға 40 үміткер өз өтінішін білдірген екен. Бұл мәселе таяу күндері Мәскеуде өтетін Конгресс барысында шешілетін болады. Біз өз кезегімізде Қайрат Болатұлына жеңіс тілейміз.

 
0
0
659