Мазмұнға өту

Жаңа

«Әке серті». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2013 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасынан дүйсенбі және бейсенбі күндерінің аралығында әке мен бала арасындағы байланыстың сан тармақты қыр-сыры көрініс тапқан «Әке серті» телехикаясын тамашалаңыздар!

0
0
340

Ертең — «Тағылым» бағдарламасында.

Бұл хабар қазақ тілін меңгерумен ғана шектелмей, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан да жан-жақты хабардар болуды мақсат еткен отандасымыз - балабақша тәлімгері Денис Ершов туралы болмақ.

0
0
222

Алматы көшелері: Үмбетбаев Әнуәрбек

«Екпіннің» бүгінгі «Алматы көшелеріне саяхат» айдарында Қазақ опера өнерінің негізін қалаушыларының бірі, Алматы қаласының тумасы Үмбетбаев Әнуәрбек Бейсембайұлының құрметіне аталған көше. Үмбетбаев көшесі Бостандық пен Алмалы аудандарында, Гагарин мен Жароков көшелерінің ортасында орналасқан. Бұрын «12-линия» деп аталған бұл көше 30-жылдары Есентай мен Қарасу өзендерінің аралығындағы аумақтың қалаға қосылуына байланысты қалыптасқан. Үмбетбаев көшесі Төле би көшесінен басталып солтүстіктен оңтүстікке қарай Бәсенов көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Жандосов, Бәсенов көшелерін қиып өтеді. Үмбетбаев Әнуәрбек Бейсембайұлы 1914 жылдың 7 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. Музыкаға бала кезінен құмартқан Әнуәрбек жастайынан музыка са…

3
0
2442

А.ж. 16 мамырда Астана қ. ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф Ирак Республикасы Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмуд Жарад және Ирак Республикасы Парламентінің Халықаралық байланыстар комитетінің Төрағасы Х.Хамудимен кездесті.

Сондай-ақ Ирактың Астанадағы Елшісі Раджиг әл-Мусауи қатысқан сындарлы сұхбаттың барысында Қазақстан мен Ирактың дін саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөнінде пікір алмасулар болды. Кездесу барысында ДІА Төрағасы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жөнінде кеңінен әңгімелеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының араб тіліндегі нұсқасын сыйға тартты. Ирак араб елдерінің ішінде Қазақстанға ең жақын орналасқан мемлекеттің бірі және бұл жақындық екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың дамуына айтарлықтай әсер етеді деп күтілуде. Ирак жерінде 699-767 жылдары төрт мазхабтың бірін қалаушы Имам Әғзам Әбу Ханифаның өмір сүргені тарихтан белгілі. Қазақстан мұсылмандары ежелден Исламның ханафи мазхабын ұстанып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Нас…

0
0
320

Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі

Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында сержанттардың бүкілармиялық кеңесінің II-отырысы өткізілді. Оның жұмысына Қарулы Күштер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің сержанттар кеңесінің төрағалары тартылды. Отырыс жұмысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінде сержанттар кеңесі бұдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Олардың басты тапсырмасы командирлерге әскери қызметшілерді жан-жақты тәрбиелеуде көмек көрсету, әскери ұжымдарда әрбір сержанттың шығармашылық қуатын арттыру болып табылады. Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі жалпы армиядағы басты органдардың бірінен саналады. Отырыста сержанттар Кеңесі сержанттар қызметіне қатысты маңызды өзекті мәселелерді талқылады.…

0
0
679

Хоккей. Әлем чемпионаты. Ширек финал. Тікелей эфир.

«Қазақстан» Ұлттық арнасында - шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты. Элиталық дивизионның ширек финалындағы Канада мен Швеция ойынын бүгін, сағат 00.05-да Ұлттық арнадан тікелей эфирде тамашалаңыз!

0
0
283

Арқар мен қарақұйрық аулағандар қолға түсті. Соның кесірінен, мемлекетке 8 миллион 400 мың теңге шығын келді.

Маңғыстау облысының «Жабайұшқан» қорығының маңайынан арқар мен қарақұйрық аулағандар қолға түсті. «Қызыл кітапқа» енген сирек жануарларды браконьерлер заңсыз атқан. Қолға түскен төрт азаматтың жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ.

http://www.kazakstan.kz/kaz/news/incidents/Arkar_men_karakujrik_aulagandar_kolga_tusti_id1368498844.html#go

0
0
877

Алматыда веложарыс өтеді

 

19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Веложарысқа Азияның ІХ клубтық чемпионатында алтын медальді иеленген «Астана» алматылық клубының ватерполистері, сондай-ақ «Бірінші болу батылдық» қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары қатысады.

Веложарыс бағыты: Әл-Фараби даңғылынан, Тәттімбет көшесінің бұрылысы (үңгіртау) – Әл-Фараби даңғылымен – Науаи көшесіне дейін – Мұстафин көшесіне дейін.

Веложарысқа қатысушылар сағат 08:00-де жиналады. Веложарыс 08:30-да басталады. Белгіленген нүкте – Тұңғыш Президент саябағы. Жарысқа белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Қатысамын деушілердің барлығына есік ашық!

0
0
794