Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ынтымақ бар жерде мақсат та бар

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастық орнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде.

   

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастықорнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде.

Ел чемпионаты

Халықаралық ВТБ бірегей лигасында өнер көрсететін, құрамын деңгейі жоғары легионерлермен жасақтап алған «Астана» клубы биыл да ел чемпионы атанды.Ұлт­тық лигада додаға түскен еліміздің маң­дайалды алты клубының алғашқы төрттік­ке ілікендері ел біріншілігінің жүлделі орын­дарын сарапқа салған.

«Тобыл» (Қос­та­най) және «Алматы» биылғы маусымда бесінші және алтыншы орындармен шек­теліп, жартылай финалдың бір жұбында – «Астана» мен «Қапшағай» (Алматы об­лы­сы), екіншісінде «Барсы» (Атырау) және «Каспий» (Ақтау) кездесті.

«Астана» «Қапшағайды» үш рет ұтып (94:83, 112:78, 98:63), финалға қинал­май шықты. Ал екінші жұптағы шиеленісті дода бес ойынға созылды. Атырау клубы «Каспийден» өз алаңында 78:85 есебімен ұтылып қалып, ертеңінде 84:65 есебімен есе қайтарды. Ал Ақтауда 72:62 есебімен ұтып, одан кейін 78:80 есебімен жеңіліске ұшырады. Шешуші ойын қайтадан Атырау­да өтіп, «Барсы» 83:75 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты (жалпы есеп – 3:2).

Атыраулықтармен тайталасқан «Кас­пий» үшінші орын үшін өткен тартысты матч­тарда «Қапшағайдан» басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Өз жерінде екі рет ұтып (84:79, 87:69), Талдықорғанда өткен үшінші ойында жеңілістің кермек дәмін та­тып (76:84), төртінші ойында жеңіске жет­ті (85:81).

Ал «Астана» финалда «Барсы» баскет­болшыларын «қалпақпен ұрып алды». Ас­танадағы екі ойында 102:96 және 97:87 есептерімен басымдық танытып, Атырауда 90:81 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, биыл да ел чемпионы атанды.

ВТБ бірегей лигасында латыштардан аса алмады

Ел чемпионаты аяқталған соң мамыр­дың басында, мереке күндері ВТБ бірегей лигасының плей-офф додасы басталды. Аталмыш доданың 1/8 финалында Рига­ның ВЭФ деп аталатын танымал клубымен кездескен «Астана» 1:2 есебіменұтылып қалды. Астанада өткен алғашқы ойында Ита­лия маманы Маттео Боничиолли жат­тықтыратын Қазақстан клубы 89:76 есе­бімен үстемдік танытқан.

Сол ойыннан соң елордалықтар Рига клубын жеңіп, ширек финалға шығады ғой деп үміттенгенбіз. Алайда олай болмады. «Астана» Ригада Латвия клубынан екі рет оңбай ұтылып, сенім артқан баскетболшыларымыздың ұнжырғалары түсіп кетті. Есеп: 54:87 жә­не 67:76. «Астана» осылай плей-офф до­да­сы­ның алғашқы сатысынан аса алмай, жер шұқыды.

Біздің үздігіміз – Антон ПономаревАйтпақшы, ВТБ бірегей лигасы биыл өз құрамындағы елдердің үздік баскетбол­шыларын анықтады. Аталмыш лигада то­ғыз елдің клубтары бақ сынайды. Атап айт­қанда, ВТБ бірегей лигасында Қазақ­стан, Латвия, Эстония, Польша, Беларусь, Чехия елдерінен – бір клубтан, Украинадан  – екі команда, Литвадан –үш клуб, ал Ресей­ден тоғыз команда өнер көрсетеді. Биыл ли­ганың сарапшы кеңесі осы ел­дердің ең үздік баскетболшыларын анық­тауда. Біз­дің елден шабуылшы Антон По­но­марев үздік танылыпты.  

Оған талас жоқ. Себебі ВТБ бірегей ли­га­сы аясындағы табан тірескен дүлей до­да­ларда біздің жігіттердің ішінен алаңға ең көп шығатын осы – Антон. Шетелдік легионерлерімізбен бірге тізе қосып, командалық ойын үлгісін ақсатпай, сенімүдесінен шығып жүр.

Қазақстандық басқа ойыншылармен салыстырғанда, техника­лық көрсеткіші де – жоғары. Ол биыл атал­мыш лигада 17 ойын өткізіп, орта есеппен әр матчта команда қоржынына 7,8 ұпай салып отырған көрінеді.

Ұлттық құрама тізгінін білікті маманға ұстаттық

ВЭФ клубынан ұтылып, елге оралған соң «Астана» қол қусырып отырған жоқ. Келе сала команда басшылары елордада баспасөз жиынын өткізді. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқару­шы директоры ДарханҚалетаев та қаты­сып, алдағы мақсаттарын мәлімдеді.

«Са­мұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР баскетбол федерациясы бірігіп, ерлер ара­сындағы ұлттық құраманың тізгінін Италия маманы Маттео Боничиоллиге се­ніп тапсырғандарын да жариялады. Оның да өзіндік себебі бар.

Біріншіден, мүмкін ең бастысы дерсіз, ерлер арасындағы ұлт­тық құрама бюджетінің 50 пайызын «Ас­та­на» клубы көтермек. Ал бұл клуб былтыр ғана өзі аттас, яғни «Астана» президенттік кә­сіби спорт клубының құрамына енген.Құрамына бірнеше спорт түріндегі азулы командалар кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрылтайшысы – «Самұрық-Қазына»ұлттық әл-ауқат қо­ры».

Екіншіден, Маттео Боничиолли, шы­ны­мен де, білікті маман. Оның ұлттық құра­маны да жаттықтыруға келісім бергеніне қуануға тиіспіз. Үшіншіден, ұлттыққұрама­ның негізін «Астана» клубының баскетбол­шылары құрайды.

Өзбектерден өктем түстік

Содан соң Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан құрамасымен кездесті. Бұл рес­ми ойын болатын. Осы ойында жеңіске жет­кен құрама Азия чемпионатынақатысу құқығына ие болады. Азия баскетбол фе­де­рациясының талабы осындай екен.

Деңгейі жоғары халықаралық лигада шыңдалған баскетболшыларымыз бен ел чемпионатында көзге түсіп жүрген жігітте­ріміз жерге қаратқан жоқ. Өзбекстанқұра­масын 80:60 есебімен тізерлетіп, Мани­лада (Филиппин) өтетін Азия чемпиона­тына қатысатын болды.

Ендігі мақсат – Азия чемпионатында жүлдеге ілігіп, 2014 жылы Испанияда өтетінәлем чемпиона­ты­ның жолдамасын жеңіп алу. Азияда үз­дік үштікке ілікпесек,әлем чемпионатына қа­тыса алмаймыз.

Құрама сапы

Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы Ма­ни­ла­дағы әлем чемпионатына дайын­да­лу­да. Маттео Боничиоллиге өзіміздің отан­дық білікті маман Виталий Стребков көмек­те­суде. Ал құрама сапына шақыртылған бас­кетболшылар тізімі төмендегідей:

Антон Пономарев, Рустам Ерғалиев, Рус­там Мырзағалиев, Анатолий Колес­ников, Павел Ильин, Дмитрий Климов, Мак­сим Марчук (бәрі де – «Астана»), Андрей Малышев, Дмитрий Гаврилов, Виталий Лапченко (бәрі де – «Каспий»), Михаил Евстигнеев, Леонид Бандарович (екеуі де – «Барсы»), Тимур Сұлтанов, Кон­стантин Двирный (екеуі де – «Тобыл»), Юрий Кожанов («Қапшағай»), Николай Бажен («Тигры», Астана), Александр Жи­гулин («Барселона», Испания).

 
0
0
537

Осы тақырып бойынша

Ынтымақ бар жерде мақсат та бар - Yvision.kz